НЕГІЗГІ БӨЛІМ Зерттеу нысаны мен әдістері. Зерттеудің
нысаны педагогикалық жоғары оқу орны сту-
денттерінің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру
болып табылады.
Зерттеудің мақсаты – педагогикалық жоғары
оқу орындарының студенттері арасында комму-
никативтік және басқарушылық құзіреттілікті қа-
лыптастыру жүйесін әзірлеу, негіздеу және енгізу.
Зерттеудің эксперименттік жұмысы «Мирас»
университетінде жүргізілді. Зерттеуге 191 сту-
дент қатысты.
Зерттеу жұмыстары бірқатар теориялық және
эмпирикалық әдістер кешенін қолдана отырып
жүргізілді.
Теориялық әдістер: білім туралы нормативтік
құжаттарды талдау; тарихи-педагогикалық тал-
дау; теориялық және әдістемелік талдау; тұжы-
рымдамалық және терминологиялық талдау; жү-
йелік талдау; педагогикалық жоғары оқу орын-
дарының студенттері арасында коммуникативтік
және басқарушылық құзіреттілікті қалыптастыру
жүйесін құру және оның тиімді жұмыс істеуіне
жағдай жасау.
Эмпирикалық әдістер: мұғалімдерді даярлау
мен қайта даярлаудың тиімді тәжірибесі мен
жаппай тәжірибесін зерттеу және жалпылау;
студенттерде коммуникативті және басқарушы-
лық құзіреттіліктің қалыптасу дәрежесін баға-
лау үшін эксперимент жүргізу; педагогикалық
жоғары оқу орындарының студенттері арасын-
да коммуникативті және басқарушылық құзі-
реттілікті қалыптастыру жүйесін практикалық
іске асыру және оның тиімді жұмыс істеуі үшін
эксперименттік тәжірибе жасау; байқау, сұрақ-
жауап тесті, өзін-өзі бағалау, рейтинг, емтихан;
статистикалық мәліметтерді өңдеу және гипоте-
заларды тексеру.