Болат мырзалиев



Pdf көрінісі
бет290/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   395
Машинамен оқыту. Сақтандыру компания-
лары  тәуекелдермен  жұмыс  жасайтынын  және 
оларды  болжай  алу  керектігін  ескере  отырып, 
машинамен оқытудың үлкен әлеуеті бар. Мұндай 
жүйелер  андеррайтингтің  сапасын  жақсартып 
қана қоймай, әрбір жеке клиент үшін жеке өнім-
дерді  жасауға  да  мүмкіндік  береді.  Маркетп-
лейстер: Қазақстандықтар бірнеше сақтандыру 
компанияларынан ұсыныстарды талдауға бола-
тын сайттарға үйреніп қалды. Мұндай сервистер 
МАҚЖ міндетті автосақтандыруға қамалып қал-
ды.  Жақын  келешекте  –  өмірді  сақтандырудың 
дамуымен – мұндай сервистер клиенттерге ла-
йықты бағдарламаларды, мысалы өмірді жинақ-
таушы  сақтандыру  бойынша  бағдарламаларды 
табуға көмектесетін болады.
Телемедицина.  Денсаулықтың  көрсеткіш-
терін  қадағалап  отыратын  гаджеттердің  таны-
малдылығы  жылдан  жылға  артып  келеді.  Бо-
лашақта  мұндай  гаджеттер  өмірді  сақтандыру 
шартын жасасу үшін міндетті шарт бола алады. 
Осылайша  сақтандыру  компаниялары  онлайн 
режимінде өз клиенттері денсаулығының жағда-
йын қадағалап отырып, қажет болған жағдайда 
клиенттерге хабарласып, оларға белгілі бір ұсы-
ныстарды бере алады. Теория жүзінде бұл сақ-
тандыру оқиғалардың саны төмендетіп, сақтан-
дыру  өнімдерін  арзандатады.  Мұндай  техноло-
гиялар Қазақстанда пайда болады ма – бұл қиын 
сұрақ, өйткені батыс елдерде де бұл технология 
әлі де кеңінен таралмаған.
Қазір  Қазақстанда  қай  технология  дамып, 
қайсысы  тежеп  қалатынын  болжау  өте  қиын 
екенін қайталап айтамын, өйткені көптеген фак-
торларды ескеру қажет. Алайда бір мәселе анық: 
қазір көп нәрсе сақтандырушылардың өздеріне 
байланысты  болады.  Біз  қаншалықты  белсенді 
түрде жаңа инфрақұрылымды құрып, жаңа тех-
нологияларды енгізе бастайтынымызға бүкіл на-
рықтың тағдыры байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет