Болат мырзалиев



Pdf көрінісі
бет170/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   395
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазақ  қоғамының  тарихында  ата-бабалары-
мыз  нәресте  жастағы,  бала-бақша  жасындағы 
және мектеп жасындағы балалардың жас ерек-
шелігіне  қарай  отбасында  әртүрлі  амалдармен 
тәрбиелеп  келген  болатын.  Сондай  отбасы, 
ауыл-аймақ  тәрбиесінде  өсіп,  қазақ  халқының 
қаймағына айналған асыл азаматтар аз болма-
ған. Олар қазіргі кездегі білім беру, оқыту және 
тәрбиелеу жүйелерін армандағаны шындық. Де-
генмен, олар ата-бабаларымыздан қалған салт-
дәстүр,  әдет-ғұрып  қағидаларының  тәрбиелік 
мәнін  терең  түсініп,  жоғары  бағалаған.  Бүгінгі 
қалыптасқан  белгілі  ғылыми-теориялық  заңда-
ры бар педагогика ғылымы өмірге келгенше де 
адамзат  баласы  салт-дәстүр,  әдет-ғұрып  қағи-
даларына негізделген тәрбие ісімен айналысып 
келген  болатын.  Оның  қағазға  жазылып  түспе-
ген,  бірақ  халық  жадында  мәңгі  сақталып,  ұр-
пақтан-ұрпаққа  ғасырлар  бойы  ауызша  нақыл-
ақыл, өсиет-өнеге, көңілге қонымды қағида бо-
лып тарап келген білім-білік, тәлім-тәрбие беру 
сияқты тағылымдары баршылық. 
Бүгінгі  қол  жеткен  жетістіктеріміздің  бәрі 
көне замандағы игіліктермен тығыз байланыста, 


114
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
өйткені  жаңа  игі  қадамды  өткен  ғасырлардағы 
рухани  мұраларды  меңгеру  арқылы  ғана  жа-
сауға болады. Әрбір жаңа ұрпақ өзінің әрекетін 
қоғамның  белгілі  жағдайларына,  материалдық, 
рухани шарттарына байланысты бастайды. Сон-
дықтан, біз осы мақаламызда өткен заманғы ата-
баба дәстүріндегі рухани мұралар мен қазіргі за-
манғы білім беру үрдісіндегі озық тәжірибелерді 
өзара ұштастыру арқылы бала тәрбиесіне деген 
қазіргі қоғам қажеттіліктерін көпшілік назарына 
ұсынғанды жөн көріп отырмыз. 
2006  жылғы  7  басымдықтан  тұратын  Қазақ-
стан  халқына  Жолдауында,  елбасымыз  Н.Ә.На-
зарбаев: «Төртіншіден – біз дәйекті түрде саяси 
тежемелік  пен  тепе-теңдіктің  үйлестірілген  жү-
йесіне  негізделген  құқықтық  мемлекет  құрып, 
оны нығайта береміз..., алтыншыдан – біз қазақ 
халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәде-
ниетін  сақтап,  түлете  береміз.  Сонымен  қатар 
ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, бір-
тұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамта-
масыз етеміз» [Левшин А.И., 1996]-деп, тәуелсіз 
мемлекетіміздің  ілгері  дамып,  өсіп-өркендеуі 
үшін  халқымыздың  санғасырлық  әдет-ғұрып, 
салт-дәстүрлерін жаңғырту керектігіне баса кө-
ңіл аударған болатын. 
Егеменді  еліміздің  ертеңі  мен  болашағы  бү-
гінгі  бүлдіршін  жастар  екенін  және  оларға  ке-
лешек  қоғамның  тәуелділігін  ескеретін  болсақ, 
олардың  жасына  қарай  кезеңдерге  бөліп  жан-
жақты жүйелі түрде тәрбиелеу арқылы салауат-
ты өмір салтын қалыптастыруымыз қажет. Қазір-
гі кезде балаларды жүйелі түрде тәрбиелеу жұ-
мыстары  бала-бақшалар  мен  мектеп  қабырға-
ларында жүзеге асырылады. Оларды оқыту мен 
тәрбиелеудің, өнерге баулудың арнайы бекітіл-
ген бағдарламалары да бар. Бірақ, осы арнайы 
бағдарламаларға Елбасы Жолдауындағы алтын-
шы басымдықтың талаптарын түбегейлі енгізуге 
тиіспіз.  Сонда  ғана  бала-бақшалар  мен  мектеп 
қабырғасында тәрбиеленіп жатқан балалар ата-
бабаларымыздан қалған тектілік тәрбиеден нәр 
алатын  болады.  Тектілік  қазақи  тәрбиеден  су-
сындаған бала ғана өз халқының игіліктері мен 
рухани мұраларын жоғары бағалай алады және 
өзге мәдениеттің мәнін сезіне алатын болады. 
«Қазіргі кезде қазақ халқы үшін ең мәнді мә-
селе  –  өткен  тарихын  білу,  ата-бабаларының 
барлы болғанын, елдің айбынды да шешен, же-
рінің  киелі  де  халқының  мәдениетті  болғанын 
тану»  [Махмұт  Қашқари,  1993]  –  деген  Мұхтар 
Мағауиннің  сөзінен  қазақ  халқының  өте  әріде-
гі  ата-бабаларымыз  өмір  сүрген  кезінен  бастау 
алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жат-
қан рухани мұраларымыз, әдет-ғұрып, салт-дәс-
түрге  негізделген  төл  мәдениетімізді  назардан 
тыс қалдырмағанды жөн деп санаймыз. Талдың 
жапырағы  қураса  қурасын,  түп  тамырына  зиян 
келмесе игі деген халық мәтелі бар. Әр ұлттың 
өзіне  тән  тіршілік  кәсібі,  өмір  сүру  тарихы  мен 
төл мәдениеті бар. Ол мәдениет сөйлеу тілінен, 
ойлау жүйесінен айқын көрініс табады. Сондай-
ақ,  ұлттың  сөйлеу  мәдени  ерекшелігі  –  сол  ха-
лықтың өмір сүру тәсілінен, әдет-ғұрпынан, салт-
санасы мен дәстүрінен өзекті орын алады. Қазақ 
халқының ұлттық даралығы – ой-толғаныс қазы-
насында  (ұлттық  психология),  ұрпақ  тәрбиелеу 
тәсілдерінде (этнопедагогика), салт-дәстүр ерек-
шелігінде  (этнография).  Қазақ  халқы  болашақ 
ел азаматын тәрбиелегенде: бірінші, оның ақыл 
тоқтатып, естіген көргенін, оқығанын ой елегінен 
өткізіп, көңілге тоқуға, екіншіден қоршаған ор-
тамен қарым-қатынас барысында аталық астар-
лы сөздермен шешен де мәдениетті сөйлесуге, 
үшіншіден  ұлттық  салт-дәстүр  қағидаларын  үл-
кенге құрмет, кішіге ізет көрсете отырып қатынас 
жасауға баулыған. Халық педагогикасы ұғымын 
алғаш енгізген орыс педагогы К.Д.Ушинскийдің: 
«Бірінші  тәрбиеші  –  халық,  ал  халық  мәдениеті 
– халық педагогикасының бастауы, қайнар көзі» 
[Мұсаева  С,  2006]  –  деп  тегіннен  тегін  айтпаса 
керек. Сондықтан, қазіргі таңдағы халықаралық 
талаптарға сәйкестендірілген білім беру, тәрбие-
леу үрдістерін қолданғанда өзіміздің төл мәде-
ниетіміздің шет қалмауын ескеруге тиіспіз. 
Халық  педагогикасының  негізгі  мақсаты  – 
өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, 
келер  ұрпақты  еңбек  сүйгіштікке,  адалдыққа, 
өнерлі болуға, жанұя, ауыл-аймақ, өз халқының 
ар-намысын қорғай білетін, жаны жайсаң, арлы 
азамат тәрбиелеу болды. 
Қазақ  халқының  ғасырлар  бойы  дамып,  қа-
лыптасқан  мәдени  мұралары,  әдет-ғұрыптары, 
салт-дәстүрлері,  рәсімдері  мен  рәміздері  және 
жөн-жоралғылары құқықтық заң, бұлжымайтын 
ереже ретінде өмірлік қолданысқа айналған. Ха-
лықтың  ізгі  әдеттері  құқықтық  әдеп  болып  қа-
лыптасып,  ол  құқықтық  заңдылыққа,  дәстүрге, 
санаға  сіңіп,  салтқа  айналған.  Ұлттық  салт-са-
на  мен  дәстүрлер  құқықтық  нормалар  арқылы 
әлеуметтік әдеп – яғни, ұлттық мәдениет болып 
қалыптасқан. Сондықтан тәуелсіз мемлекетіміз-
дің ертеңі өскелең жастар десек, сол ертеңгі күн-
нен  үміт  күттіретін,  халықтың  сенімін  ақтап,  ел 
мәртебесін  өсіретін  жастарды  мәдениеттілікке 
(әдептілік,  сыпайылық,  әділеттілікке)  баулу  жұ-
мыстары  бүгінгі  таңда  кезек  күттірмейтін  өзек-
ті мәселеге айналып отыр. Бұл мәселенің біздің 
қоғамымызға  дейін  де  өзекті  болғандығын  біз 
қазақ  халқының  «Ел  боламын  десең  –  бесігіңді 
түзе»  деген  нақылынан  аңғаруға  болады.  Де-
мек,  бала  тәрбиесі  қай  заманда  болмасын  өзі-
нің өзектілігінен арылмаған. Балаға тал бесіктен 
тәрбие беретін ата-ана, яғни отбасылық тәрбие. 
Отбасының ұйытқысы, отбасылық тәрбиенің не-
гізін  құраушылар  –  әке  мен  ана.  Отбасындағы 
әке мен ананың тектілік тәрбиесінен нәр алған 
ұрпақ әрқашан еліне жақсылық сәулесін себетін 
айбынды  азаматқа  айналады.  Сондықтан  қазақ 
халқы «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон 


115
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
пішер» деп саналық та, даналық та, иманжүзділік 
те, адамгершілік те бала бойына тек отбасының 
тәлім-тәрбиесі  арқылы  дарып,  өзгермес  қанға 
біткен қасиетке айналатынын айтып кеткен. Ұр-
пақ тәрбиесіне арналған игі мақсатпен әр отба-
сының мүшесі өз ұрпағының болашағы үшін қам 
жасайды, өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріне 
жол нұсқау арқылы адамдық парасаттылық пен 
адалдықты үйретеді.
Қазақ  халқының  төл  мәдениеті  салт-дәстүр 
мен  әдет-ғұрыптан  бастау  алады.  «Әдепті  бала 
арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала», «Сыпайы 
сөйлегеннің  сыйы  басым»,  «Үлкенге  құрмет,  кі-
шіге  ізет»,  «Жылы-жылы  сөйлесең,  жылан  іні-
нен шығады», «Аурудың халін сұрау имандылық, 
имандылық  белгісі  –  тазалық»  деген  халық  на-
қылдарынан  қазақ  халқының  баланы  жастайы-
нан  әдептілікке,  сыпайылыққа,  үлкенге  құрмет 
көрсетуге  және  имандылыққа  баулып,  мәде-
ниеттің  мәнді  элементтерін  бойына  сіңіріп  қа-
лыптастыра білгенін байқаймыз. Осындай салт-
дәстүрге, әдет-ғұрыпқа негізделген қазақ халқы-
ның мәдениеті өзінің ана тілінен нәр алады. Осы 
орайда  Ғ.Мүсірепов:  «Ана  тілін  ұмытқан  адам 
өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол 
үзеді» – деп тегіннен тегін айтпаса керек.
Өркениетті елдер мемлекеттік тілін ту етіп кө-
тереді. Себебі, қай мемлекеттің болмасын мем-
лекеттік  тіл  елдің  шығу  тарихын,  салт-дәстүрін, 
әдет-ғұрыптары мен теңдесіз тарихи құндылық-
тарын дәріптейді. Осы баға жетпес ұрпақтан-ұр-
паққа  мұра  болып  келе  жатқан  сан-ғасырлық 
құндылықтар  мемлекеттік  тілдің  негізін  құрап, 
содан нәр алады. Қай мемлекет болмасын өзінің 
сөйлеу  мәдениетін  тек  ана  тілінде  ғана  қалып-
тастыра алады. Туған ана тілінен нәр алған сөй-
леу мәдениетінің өзегі тереңде.
Қазақ  халқы  дүниетанымға,  сыпайы  сөйлеу-
ге, мақал-мәтелге, шешендік нақыл сөздер мен 
орамдарға  өте  жетік  және  олардың  дұрыс  та, 
орынды терең мән беріліп айтылуына ерте кез-
ден-ақ қатты ден қойып, ерекше бағалай білген. 
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді қолдау саясатын 
жүргізу барысында көптеген азаматтар тілді тек 
«аса маңызды қатынас құралы», өзара түсінісіп, 
пікір  алысудың  тәсілі,  рухани  мұрамызды  ұр-
пақтан-ұрпаққа  жеткізіп  қана  отырады  дап  тү-
сінеді. Ол түсінік жеткіліксіз. Адамзат өміріндегі 
тілдің  мән-мағынасы  мен  қызметі,  міндеті  мен 
мүмкіншілігі бұлармен ғана шектелмейді. Мем-
лекеттік тіл өркениеттілікке жетуге, салт-дәстүр 
мен әдет-ғұрып қағидаларын насихаттауға шек-
сіз  қызмет  атқарады.  Қазақтар  жөнінде  алғаш 
монографиялық еңбек жазған орыс ғалымы А.И. 
Левшин: «Қырғыз-қайсақ ордалары мен даласы-
ның сипаттамасы» атты еңбегінде «қазақ» деген 
атқа тұңғыш рет ғылыми тұрғыдан анықтама бе-
руге тырысып, қазақ халқының төл мәдениетіне 
әдет-ғұрып,  салт-дәстүріне  ғылыми  сараптама 
жасаған ол, қазақ қоғамындағы ерлер мен әйел-
дердің  тұрмыс  тіршіліктегі  орны  мен  қызметін 
талдай отырып, әсіресе әйелдердің бала тәрбие-
леу кезіндегі ізеттілігі мен мәдениеттілігіне қатты 
көңіл бөлген [Мағауин М., 1994]. Ал, С.Рыбаков: 
«...Қазақ халқының мәдениеті жалпы сапасы тұр-
ғысынан  сөздік  қорының  шешендік  шеберлігі, 
тілінің анықтығы, ойларының бейнелілігі жағы-
нан айрықша даралана түседі» – деп қазақ хал-
қының рухани мәдениетіне оның ішінде сөйлеу 
мәдениетінің  мәнеріне  ерекше  көңіл  аударған 
[5, 57 б.]. «Ел кезген сапарларымда,- деп жазды 
А. Вамбери,- олардың тұрақ-мекендерін кездес-
тірдім,  олардың  шекараларын  дәл  анықтау  да 
мүмкін  емес.  Біздің  білетініміз,  олар  Сібір,  Қы-
тай, Түркістан жөне Каспий теңізі аралығындағы 
ұлан-ғайыр  сар  даланы  мекендейді.  Біздің  аса 
бір таң қалғанымыз – олардың музыка мен поэ-
зияға ерекше бейімділігі, екінші жағынан байқа-
ғанымыз – текшілдігі; екі қазақ жолықса, міндетті 
түрде  алғашқы  сұрауы:  «Жеті  атаң  кім?»  –  деп 
келеді, тіпті сегіз жасар бала болса да, жауапқа 
мүдірмейді,  олай  болмаған  күнде  жетесіздігін 
көрсетеді» [Рыбаков С., 1999].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет