Болат мырзалиев


Keywords: customs, folk pedagogy, child rearing, country, heritage, education. КІРІСПЕ



Pdf көрінісі
бет169/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   395
Keywords: customs, folk pedagogy, child rearing, country, heritage, education.
КІРІСПЕ
Кез-келген қоғамдағы адамзат баласы өз за-
манында  игере  алмаған  дүниелерді  кейінгі  ұр-
паққа  аманат  етіп  отырған.  Ата-баба  аманатын 
ұғына білген білікті ұрпақ өзіне жүктелген өсиет-
ті  өресіне  жеткізе  орындары  хақ.  Қазақ  халқы 
өсіп  келе  жатқан  ұрпағының  санасына  әділ-
дік,  ержүректік,  кішіпейілділік  пен  қамқорлық 
қасиеттерді  олардың  жасына  қарай  дарытып 
отырған. Баланың жасына қарай періште көңілін 
көтеру арқылы өмірге құштар ету, аңыз-ертегі-
лердегі жағымды кейіпкерлерге қызықтыру, өсе 
келе  оларды  еңбекке,  кәсіпке  баулу  сондай-ақ 
олардың жігіттік намысын оятып, елге, жерге де-


113
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
ген сүйіспеншілік сезімі мен өмірлік ұстанымын 
қалыптастыра  білген.  Егеменді  еліміздің  тәуел-
сіздігі де біз үшін бабалардан қалған аманат бо-
латын. Бүгінде егеменді еліміз бабалар аманатын 
абыроймен  ақтап,  бәсекеге  барынша  қабілетті 
елу елмен терезесін теңестіруді мақсат етіп отыр. 
Қазақ  қоғамының  тарихында  ата-бабаларымыз 
нәресте  жастағы,  бала-бақша  жасындағы  және 
мектеп  жасындағы  балалардың  жасына  қарай 
отбасында әртүрлі амалдармен тәрбиелеп кел-
ген  болатын.  Сондай  отбасы,  ауыл-аймақ  тәр-
биесінде  өсіп,  қазақ  халқының  қаймағына  ай-
налған асыл азаматтар аз болмаған. Олардың өз 
заманында қазіргі кездегі білім беру, оқыту және 
тәрбиелеу  жүйелерін  армандағаны  ақиқат.  Де-
генмен, олар ата-бабаларымыздан қалған салт-
дәстүр,  әдет-ғұрып  қағидаларының  тәрбиелік 
мәнін  терең  түсініп,  ғұмырлық  нәр  ала  білген. 
Бүгінгі  қалыптасқан  белгілі  ғылыми-теориялық 
заңдары бар педагогика ғылымы өмірге келген-
ше  де  адамзат  баласы  салт-дәстүр,  әдет-ғұрып 
қағидаларына  негізделген  тәрбие  ісімен  айна-
лысып  келген  болатын.  Оның  қағазға  жазылып 
түспеген, бірақ халық жадында мәңгі сақталып, 
ұрпақтан-ұрпаққа  ғасырлар  бойы  ауызша  на-
қыл-ақыл,  өсиет-өнеге,  көңілге  қонымды  қағи-
да болып тарап келген білім-білік, тәлім-тәрбие 
беру сияқты тағылымдары жетерлік. 
Бүгінгі  қол  жеткен  жетістіктеріміздің  бәрі 
көне замандағы игіліктермен тығыз байланыста, 
өйткені  жаңа  игі  қадамды  өткен  ғасырлардағы 
рухани  мұраларды  меңгеру  арқылы  ғана  жа-
сауға болады. Әрбір жаңа ұрпақ өзінің әрекетін 
қоғамның  белгілі  жағдайларына,  материалдық, 
рухани шарттарына байланысты бастайды. Сон-
дықтан, біз осы мақаламызда өткен заманғы ата-
баба дәстүріндегі рухани мұралар мен қазіргі за-
манғы білім беру үрдісіндегі озық тәжірибелерді 
өзара  ұштастыру  арқылы  балаға  тәлім-тәрбие 
беру  жүйесіне  деген  қазіргі  қоғам  қажеттілік-
терін  көпшілік  назарына  ұсынғанды  жөн  көріп 
отырмыз. 
Баланың жасына қарай тәлім-тәрбие беру жү-
йесін саралау үшін қазақ этнопедагогикасының 
озық тәжірибелеріне сүйеніп, рухани құндылық-
тардан бастау алған жөн деп санаймыз. Өйтке-
ні, қазақ этнопедагогикасы -ғылымдағы барлық 
өркениетті елдердің этнопедагогикалық құнды-
лықтарын бойына сіңіріп, этникалық ерекшелік-
терімен айқындалып, дами беретін ұлттық тәлім-
тәрбие  туралы  ғылым.  Осы  орайда  профессор 
С.Қалиев: «Қоғамның дамуы, халықтар мен ұлт-
тардың  интернационалдық  байланысы  ұлттық 
психикаға игі әсерін тигізіп, бірнеше ұлтқа ортақ 
интернационалдық  мазмұнды  салт-дәстүрлер-
дің  пайда  болуын  туғызады»  [Әл-Фараби,  1975] 
десе,  «Қазақ  халықтарының  этнопедагогикасы» 
деген ғылыми еңбегінде профессор К.Қожахме-
това Қазақстанда тұратын халықтардың этнопе-
дагогикалық ерекшеліктері болғанмен, олардың 
ортақ белгілері, ортақ мақсаттары этнопедагоги-
калық құндылықтарды толықтырып отыратынын 
дәлелдеп көрсетеді [Жарықбаев Қ., 1994]. Акаде-
мик Г.Н.Волков өз сөзінде: «Поклянемся мыслен-
но друг другу оставаться всем вместе в едином 
этнопедагогическом  пространстве  –  вместе  с 
нашими предками и потомками» – деп, қазақ эт-
нопедагогикасының құндылықтары жалпы этно-
педагогикалық  кеңістікте  өзінің  бұрынғысымен 
және болашағымен бағалы екеніне мән береді 
[А.Егеубай, 1998; Қоңыратбаев Ә., 1993; ҚР Пре-
зиденті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 
жолдауы,  2006].  Этнопедагогикалық  құндылық-
тар  халықаралық  үйлесім,  келісім,  интеграция 
(сіңісу),  ұлттық  діл  (менталитет),  мәдени  байла-
ныс,  этногенездік  байланыстар,  көпмәдениетті-
лік құрылым теориялық-практикалық үрдістерге 
этнопедагогикада ұлттық (этностық) ерекшелік-
терді толыстырып, толықтырып отырады.
Қазіргі таңда «бүгінгі бала, ертеңгі болашақ» 
–  демекші  бала  тәрбиесі  мемлекет  деңгейінде 
қолға алынуда. Балалар сәби шағынан ер азамат 
жасына  жеткенше  бірнеше  аумалы-төкпелі  ке-
зеңдерден өтеді. Сол кезеңдердің әрбір шағын-
да олардың жас шамасын ескере отырып, тиісті 
тәлім-тәрбие беру қажет. Елімізде мемлекет та-
рапынан  «Балапан»,  «Ана  мен  бала»  бағдарла-
малары  бойынша  бірқатар  іс-шаралар  атқары-
луда. Осы бағдарламаларда да баланы тәрбие-
леуде оның жас ерекшеліктерін ескеру мәселесі 
кеңінен  қарастырылған.  Бала-бақшаларда  тәр-
биешілер әр топтағы балалардың жасына қарай 
ертегілер  айту,  өлеңдер  жаттату  және  өнерге 
баулу жұмыстарын жүргізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет