Болат мырзалиев



Pdf көрінісі
бет171/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   395
Қорытынды
Қорытындылай келе, баланың ұлттық мінез-
құлқын  қалыптастыру  үшін  отбасында  ата-а-
налар  оң  мен  солын  танып,  ақыл  тоқтата  бас-
таған  балаларға:  «Үлкенге  сәлем  бер,  жолын 
кесіп өтпе», «Жүріп келе жатқан адам, отырған 
адамға, атты адам жаяуға, аз адам көпке сәлем 
беруге тиіс», «Үлкендер мен ғалым адамдар ал-
дында көп сөйлемеуге тырыс», «Үлкен кісілерді, 
ананы,  әйелді  көлікке  қолтықтап  демеп  мінгізу, 
не түсіру керек», «Үйге кісі келсе орныңнан тұ-
рып , жайдары қарсы ал, киімін іл, төрге шығар», 
«Үлкендерден  бұрын  тамаққа  қолыңды  салма», 
«Тамақты  өз  алдыңнан  алып  же,  кісі  алдында-
ғына  қол  созба»,  «Сұйық  тамақты  сораптамай 
іш»,  «Дастархан  үстінде  әдемі  отырып,  әдепті 
сөйле», «Достыққа берік,адал бол», «Әр істе де 
әділ бол, әділ болсаң әлді боласың», «Кешірім-
ді, мейірімді, сыпайы бол» деген сияқты нақыл-
дармен бағыт-бағдар беріп, жастайынан рухани 
азықтандыра білген. Осындай қайталанбас асыл 
қасиеттерді бойына сіңіре білген жас ұрпақ өсе 
келе халқының болашағы үшін бар күш-жігерін 
салатын тұлға болып қалыптасады. 
Ұлттық  мінез  адамдардың  тарихи  қалыптас-
қан бірлестігі мен ірі топтары болып саналатын 
этностың,  ұлттың,  халықтың  өмір  тіршілігі  мен 
әлеуметтік жағдайының тұтастығы арқылы таны-
лады. Әрбір халық пен ұлттың, этностың өзіндік 
мінез-құлықтарының  ерекшеліктері  болатын-
дығы – тарихи шындық және объектив фактор. 
Қазақ  халқының  түркі  тілдес  өзге  халықтардан 
ерекшеленіп  тұратын  өзіндік  сипаты  мен  қа-
сиеттері бар. Ыбырай Алтынсарин еңбектерінде 
өз  халқының  мінез-құлқына  тән  бірсыпыра  қа-
сиеттерді атап көрсеткенді. Оның анықтауынша, 
қазақ халқына қарапайымдылық пен кішіпейіл-


116
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
дік, ашық жарқын көңіл мен кеңпейілділік, өзге 
нәсілді  адамдарға  деген  достық  және  сыйлас-
тық көзқарас, қонақжайлық пен пайымшылдық 
сияқты  қасиеттер  тән.  Сондай-ақ  олардың  бо-
йында  өзге  де  мінез-құлық  сипаттары  бар.  Бұл 
орайда қазақтардың өз жері мен Отанына, туған 
еліне деген шексіз сүйіспеншілігі, мал шаруашы-
лығымен  айналысуға  икемдігі,  меймандостығы 
мен  балажандығы,  өмірдің  қиыншылықтары 
мен  әділетсіз  істерге  төзімділігі,  сөз  өнерін  ар-
дақтауы, шешендік қабілеті, еңбексүйгіштігі мен 
шыдамдылығы  олардың  жалпы  ұлттық  қасиет-
тері болып табылады.
Біз  бүгінгі  таңда  өткен  тарихымыздағы  мә-
дени  мұраларымызды  парасатты  түрде  дәріп-
теп,  оның  баға  жетпес  рухани  құндылықтарын 
өзгелерге көрсете алмасақ, онда біз өркениетті 
елдер құрамына еніп, өзіміздің бәсекеге барын-
ша қабілетті халық екенімізді таныта алмаймыз. 
Білім беру мен тәрбие ісінің теориялары өмір тә-
жірибесімен тығыз ұштасқанда ғана адам қаже-
тін толық өтей алады. Ол жөнінде XVII—XVIII ға-
сырларда өмір сүрген Я.А. Коменский «Ағайын-
ды чехтарды тәрбиелеудегі» халықтық дәстүрдің 
жақсы  нәтижелеріне  сүйене  отырып,  баланы 
жастайынан еңбекке және жақсы мінез-құлыққа 
тәрбиелеудің жолдарын көрсетіп берді. 
Қазақ халқының салт-дәстүрі – талай ғасыр-
лардың жемісі. Оның тамыры тереңде. Салт-дәс-
түр  халқымыздың  рухани  дүниесі  қалай  дамы-
ғанының сырт көрінісі ғана емес, сондай-ақ бү-
гінгі мен кешегіні байланыстырушы алтын көпір. 
Осындай  мұраларды  ескере  отырып,  біз  бала 
тәрбиесіндегі төл мәдениетіміздің мәйегін тамы-
ры тереңде жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз-
дің рухани құндылықтарынан алуды жөн көрдік. 
Төл  мәдениетінен  нәр  алған  жастардың  бола-
шақта  еліміздің  өсіп-өркендеуіне,  стратегиялық 
дамуына зор үлес қосарына сеніміміз мол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет