Keywords: Ligvoculturology, cognitive linguistics, concept, conceptual system, communication,
linguistics, semiotics, system.
КІРІСПЕ Бүгінгі таңда мектептердегі өзекті мәселеле-
рінің бірі – оқушылардың тіл мәдениетін көтеру,
сауатты жазып, өз ойын айқын жеткізе алатын
азамат тәрбиелеу. Оқушының жеке тұлға болып
қалыптасуын, алған білімін қолдануда сөйлеу ті-
лін, тіл мәдениетін, әдебін қалыптастыру педаго-
гиканың өзекті мәселелерінің бірі. Тіл мәдение-
тіне тәрбиелеу – қазақ тілін оқытудың, тәрбие
берудің ең басты, өзекті мәселесі. Жас буынды
тіл өнеріне баулу барысында туған тілінің қыр-
сырын меңгертуге, көзқарасын жеткізе білуге,
мәдениетті сөйлеуге үйретуге бар күш-жігеріміз-
ді салғанда ғана өз жемісін бермек. Алдымызда
тұрған мәселе – өзіндік пікірге бай, ұлтжанды
тұлғаны тәрбиелеу десек, ол тікелей сөз өнері-
мен байланысты. Кез келген жүрегі Қазақстан
деп соққан адамға шөлдегенде бір тамшы судай
қажет болған сөз мәдениетіне тәрбиелеу – қазақ
тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің еншісіндегі
міндет. Оқушыны тіл мәдениетіне тәрбиелеудің
алғашқы қадамдарының бірі – тіл дамыту жұ-
мыстарын жүргізу. Сөйлеу мәдениетінің негізгі
талаптарын меңгертужолында оқушыны қызық-
тыратын әдіс-тәсілдерді қолдана отырып сабақ
өткізу тиімді болмақ.Ауызша суреттеп сөйлеу
әдісі , мәтін оқу әдісі,мәтін оқу ауызша, жазбаша,
тіл дамыту жұмыстарына ортақ категория. Тіл
дамыту әдісінің бір түрі мәнерлеп оқу [Сулейме-
нова Э.Д, 2005].