Болат мырзалиев



Pdf көрінісі
бет242/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   395
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Мұның пайдалы жағы оқушылар сөйлеу тілі 
мен әдеби тілдік норманы сақтап оқуға төселеді. 
Поэзияны сүюге, сөз байлығын еркінше пайда-
ланып, жүйелеп айту шеберлігін жетілдіруге үл-
кен септігін тигізеді. Тіл мәдениетіне тәрбиелеу 
сөз  мәдениеті  негіздері  туралы  және  тіл  тура-


163
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
лы  жан-жақты  ұғым  беруден  басталады.  Қазақ 
тілі  сабағында  сөйлеу  мәдениетіне  тәрбиелеу-
дің  мақсаты  –  ана  тілінің  мәні,дамуы,  шешен-
дік өнердің жоғары сатыда дамығаны жайында 
ұғындыра  отырып,  баланың  сөйлеу  мәдениетін 
жетілдіру.  Сөз  әдебінің  нормаларын  меңгерту 
жолында  сөз  қолданудың  ұлттық  дәстүрлерін 
қолдандыру, шешендік сөздердің түрлеріне кө-
ңіл  бөлдіру,  көркемсөз  оқытуға  машықтанды-
ру, пікірталас мәдениетін үйрету басты назарда 
болғаны  жөн.  Мәдени,  әдеби  сөйлей  білу  нор-
маларына  үйрету,  лексикалық  жұмыстар  жүр-
гізу  арқылы  оқушының  сөздік  қорын  байыту 
жұмыстарына  көбірек  көңіл  бөлінсе  нұр  үстіне 
нұр болар еді. Мектепте түрлі әдіс – тәсілдерді, 
мүмкіндіктерді пайдаланып, оқушының тілін да-
мытуға, тіл байлығын, тіл мәдениетін арттырып, 
сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеуге үлкен мән бер-
ген  жөн.  Қазіргі  күнде  тіл  тазалығы  сақталмау 
жағдайы көп кездеседі. Қазақша сөйлеп тұрып, 
арасына орысша, тіпті кейде ағылшын сөздерін 
қосып айту әдетке айналды. «Как будто», «имен-
но», «представляешь», «потому что», «уже», т.с.с. 
сөздердің  көп  қолданылатыны  сондай,  кейде 
орынсыз артық шығып жататыны тағы бар. Тағы 
да көңілді түсіретіні, «мына жақ», «ана жақ» се-
кілді күнделікті айтылатын сөздердің «мынайақ», 
«анайақ» делінуі де ана тіліміздің тұнығын шай-
қайтыны шындық. Ата-бабамыз ұлан-ғайыр жер 
ғана  емес,  жер  арқылы  аман  қалған  тіліміз  де, 
ділімізде,  дініміз  де  таза  сақтауды  аманаттады. 
Ата-баба  аманатына  қиянат  жасамайық  [Қазақ 
тілі мен әдебиетін оқытудың мәселелері, 1988]. 
Оның  бір  жолы  –  тіл  тазалығы.  Ауру  қалса 
да әдет қалмайды дейміз, бәлкім тіл тазалығын 
сақтамауымыз  –  қазақ  тілінің  дамуына  кедергі 
келтірген аурудың (өз тілінде сөйлеуді қор, шет 
тілде сөйлеуді зор санау) қалдығы (әдеті) болса 
керек.  Орыс,  өзбек  сөздері  қосатындай  қазақ 
тілі  кедей  емес.  Әдеби  жағынан  өте  бай.  Тілі-
міздің тазалығы туралы әңгіме соңғы уақыттар-
да назардан тыс қалып барады. Өйткені, мүлде 
сөйлемейтіндерге  назарымызды  көп  аударып, 
қазақша сөйлеуге тиісті азаматтарымыздың өзі-
нің дұрыс сөйлеуі, тіл тазалығы жайлы әңгімені 
шетке  ысырып  қойғандаймыз.  Алайда  бұл  ер-
теңге қалдырылатын мәселе емес. Ауызекі тілде 
орыс сөздерін орынсыз қолдану тілімізді жұтаң-
датып, төл сөздеріміздің қолдану аясын тарыл-
та  түседі.  Бұрыннан  еніп,  сіңісті  болып  кеткен 
«сәпсем», «даже» дегендер түгілі қазір қазақтың 
«етіп»  деген  етістігін  қосып  алып,  орыс  сөзде-
рін қазақыландыратын «мода» шықты. Мысалы, 
«волноватса етіп», «опоздать етіп» т.т.с. Оның 
үстіне  қойыртпақ  тілді  қоюлана  түсуіне  өазіргі 
кезде әлеуметтік желілердегі хат алмасу жағда-
йы орасан зор ықпал етуде. Мәселен, онда жо-
ғарыда айтылған «даженің» «тіпті», «совсемнің» 
«мүлде» деген сияқты қазақша жеңіл аудармала-
ры бар. Десек те, жеңіл аудармасы бар сөздерді 
қолдануға  қорсынамыз  ба,  әлде  қиынсынамыз 
ба, әйтеуір ана тіліміздегі кіршіксіз таза сөйлем-
дерге көлеңкесін түсіретін сөздерге үйірсекпіз.
Сөз  мәдениеті  жалпы  ұлт  мәдениетінің  ай-
насы  іспетті.  Сондықтан  адамдар  сөйлеуге  аса 
жауапкершілікпен  қарауға  тиіс.  Адам  есейіп, 
санасы қалыптасқанша, оның тілі сөйлеу мәне-
рі отбасында қалыптасады, балабақшадан, мек-
тептен, оқу орнынан ықпал, әсер алады. Ендеше, 
осындай  қуатты  құралдарды  баланың  тілін  да-
мытуда  қалай  пайдалануымыз  керек?  Сондай-
ақ, тілдің мәртебесі оның қоғамдық қатынастар-
да  қолданылуымен  де  айқындалады.  Халыққа 
қызмет көрсету орталықтары, банк, сауда орын-
дары,  мейрамханалар  мен  қонақүйлер,  көлік 
пен коммуналдық қызмет немесе көше жарна-
масымен  айналысатын  мекемелер  халыққа  қа-
лай сөйлеп, қандай тілде қызмет көрсетуге тиіс? 
Әрине мемлекеттік, яғни қазақ тілінде. Өкінішке 
қарай,  бұл  заңдылық  сақтала  бермейді.  Соның 
салдарынан да ана тіліміздің тазалығына нұқсан 
келуде. Ата-ана – тәрбиеші – мұғалім тізбегі ара-
сындағы  сатылы  тағылымдық  үрдісті  қамтама-
сыз ететін ұлттық нақты бағдарлама жасалса, ол 
мақсатты түрде жүзеге асырылса, тіл тазалығы-
ның сақталары да, берік қалыптасары да сөзсіз. 
Үлкен  қалалардағы  көшелердің  бойы  қаптаған 
ағылшынша,  орысша  сөздерге  толы.  Қазақстан 
емес, құдды бір шетелде жүргендей әсерде қал-
дырады. Ал қазақ тілінде жазылғандары қатеге 
тұнып тұратыны тағы бар. Осыдан кейін тіл таза-
лығы бұзылмағанда қайтеді? 
Қазақ тілінің ғажайып феномендік берік заң-
дылықтарға негізделген ішкі құрылымы бар. Ол 
түбір  сөздің  мағыналық  құрылымының  ауқым-
дылығы, әр атау мазмұнының уәжділігі, негізділі-
гі, негіздің сөзжасамға аса қабілеттілігі, үндестік 
заңы, сөйлемдегі сөздер мен сөздегі граммати-
калық  тұлғалардың  берік  орын  тәртібі  т.б.  Осы 
құрылымдық  заңдылықтар  қазақ  тілін  талай 
тарих қайраңынан алып шығып, таза қалпында 
бізге жеткізген. Тілдегі ішкі беріктік пен тектілік 
(атау уәжділігі) араб пен парсы тілінен енген сөз-
дерге бой бермеді, орыс тілінен енген сөздерді 
өзінің фонетикалық заңдылығына бағындырды, 
икемдеді. Қажет етсеңіз, кірме сөздер деп жүр-
геніміздің  барлығы  тек  зат  атаулары,  болмаса 
бірде-бір – етістік атаулы тілімізге енген жоқ. Ал 
етістік – тіл біткеннің жаны. Түркілік етістік өзі-
нің  синкреттілік  табиғатының  арқасында  тілдің 
кешенді дамуының негізгі арқауы болған [Keңeс-
баeв І., 1977].
Тілдік  құрылымда  коғамның,  саясаттың,  мә-
дениет  пен  өркениеттің  дамуына  байланысты 
өзгеріске түсетін – зат атаулары, өзгермейтін не-
месе өте баяу дамитыны – грамматикалық құры-
лым. Грамматикалық, әсіресе, синтаксистік құры-
лысқа сыртқы күштің әсерінен өзгеріс ене баста-
са, тіл пиджинизацияға (бұзылуға) ұрынары хақ. 
Ал грамматикалық құрылым бұзылса, әдеби тіл 


164
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
туралы  жақ  аша  алмайсыз.  Тілдін  ең  басты қа-
сиеті – қарым-қатынас құралы болуы. Күнделікті 
сөйлеуде қазақ тіліндегі сөздерге өзге тілдің қо-
сымшаларын қосып, сөйлемдегі сөздердің орын 
тәртібін орысша құрап сөйлеу – тілге басты қатер. 
Сөйлеуде жалпы қолданыстағы сөздерге орысша 
жалғау жалғап, өз тілімізде баламасы бола тұра 
кірме сөздерді пайдаланып, оның үстіне қазақша 
қосымшаларын  жалғап  қолдану,  тарихи  қалып-
тасқан сөйлемнің орын тәртібін бұзсақ тілдегі бұ-
зылудың басталғаны. Сондықтан қазіргі таңдағы 
басты мәселе – қазақ тіліңде дұрыс сөйлесу. Таза 
сөйлеу. Мен ойлаймын, мен айтамын, мен деймін 
деп альп, ойын жалғастыру, керекпін, керексіз деп 
ойын аяқтау – тіл алдында күнә. Дұрысы – «Мен 
осылай  ойлаймын»,  «Осылай  оқуыңыз,  білуіңіз 
керек»  қой.  XX  ғасырдың  ортасына  дейін  қазақ 
баласы  орысша  қара  танымайтын  әженің  ерлік 
пен  батырлық  жайлы  сұлу  сөзбен  көмкерілген 
ертегісін естіп, мектепке дейін ауызекі тілді мең-
геріп өсті. Жеті жасында мектепке барып, жазба 
тілдің ерекшелігімен танысқанда, айту мен жазу 
арасындағы  ерекшелікті  түсінді.  Ал  қазіргі  әже 
орысша сауатты, оқыған; ол немереге ертегіні ай-
тып емес, оқып береді [Смағұлова Г.Н., 2010]. 
Сондықтан бала айтумен емес, жазумен тәр-
биеленуде.  Жазу-таңба  жазылған  қалпында 
оқылады,  оқылып,  айтылып,  бірте-бірте  норма-
ға  айнала  бастағаны  осыдан.  Тілдің  сөйлеу  (ай-
тылу) жүйесі мен жазу жүйесі кай қезде де, қай 
тілде болса да бірдей болған емес. Жазу – таңба, 
ол  адамдардың  өз  колымең  келісіп  жасалатын, 
ақылдасып шешетін, дүниесі. Сөйлеу одан ерек-
ше болмаққа керек. Әлемдегі өркениеті дамыған 
елдердің барлығы жазуда морфологиялық негізді 
қалаған. Бұл, ең алдымен, сөздің тектілігін, тарихи 
даму  қалпын  сақтаумен  байланысты.  Бастауыш-
тағы әліппе мен қазақ тілі оқулықтарына транск-
рипция  (ағылшын  тіліндегідей)  енгізген  мақұл. 
Бала  сөздің  жазылуы  мен  оқылуына  бастауыш-
тан көзі анығып өсуі керек. Әсіресе, орыс бөлім-
дерінде-оқитын балалар (студенттер) үшін қазақ 
сөзінің  айтылуы  мен  жазылуының  нормаларын 
түсіндірудің маңызы ерекше. Қазір мүлде қазақша 
сөйлемейтін, білмейтін жастар жоққа тән. 
Мектеп  табалдырығын  тәуелсіздік  заманы 
келгелі  аттаған  кез  келген  баланың  қазір  қазақ 
тілінен хабары бар. Тегінде, халыққа мына сөзді 
айт,  мынаны  айтпа  дей  алмайсыз.  Тілдің  табиғи 
дамуында сөз мағынасы жіктеліп, дамиды, бұған 
ешкім тоқтау сала алмасы хақ. Қазіргі негізгі өзек-
ті мәселе жаңадан еніп жатқан термин сөздерде 
емес. Өркениет әкелген жаңалық бар екен, енде-
ше, сол затпен бірге оның атауы да енеді. Алған-
нан  ешкім  кедей  болмайды.  Байыптап  бағамда-
ғанға қазіргі қоғамдағы дерт – ауызекі сөйлеу ті-
лінде дұрыс сөйлей алмау, сөйлеу интонациясын 
бұзу, баламасы бола тұра сөйлеуде қасақана өзге 
тілдің бірліктерін жамау, төл атауларға орыс тілі-
нің аффикстерін қосу, сөйлемдегі сөздердің орын 
тәртібін бұзу. Сөйлеу тілі – халық тілі. Тілдің негізгі, 
қайнар бұлағы, тілдік бірліктерді жасаушы, қолда-
нушы қара қазаны – халық тілінің тазалығын сақ-
тау парыз. Соңдықтан қазіргі кездегі басты талап 
– сөйлеу тілінің дұрыстығын сақтау, тілдің тарихи 
қалыптасқан,  жүйесін  сақтау.  Қазақ  тіл  білімінің 
ғылыми  парадигмалары  ХХІ  ғасырда  көптеген 
проблемаларды  алға  шығарды.  Атап  айтқанда, 
соның бірі – лингвоэкология проблемасы. Бұл сөз 
мәдениеті саласындағы зерттеулердің бағыты ре-
тінде қалыптасып келе жатқан ерекше сала. Тіл, 
әрі биологиялық, әрі әлеуметтік маңызды фактор. 
Тіршілік  етуге,  дамуға,  қалыптасуға  бейім  түрлі 
организмнің өзін қоршаған ортамен сан-салалы 
байланысы мен қарым-қатынасы бар. Бұл ретте 
мұндай  байланыс  пен  қарым-қатынас  негізін-
де  пайда  болған  әртүрлі  іс-әрекеттердің  өзара 
бір-біріне жағымды, қолайлы немесе жағымсыз, 
зиянды әсер етіп отыруы заңдылық. Экологиялық 
факторлардың бірі – антропогендік фактор болып 
саналады. Өйткені адамдар қарым-қатынасының 
маңызды жағы – тіл арқылы көрініс табатын әлеу-
меттік қатынас [Балақаев М., 2004]. 
Лингвоэкология  –  тілдік  жағдаят  пен  оның 
проблемалық  мәселесін  қарастырады.  Тіл  жан-
ды организм ретінде өзгереді, дамиды, қолданыс 
аясы үнемі динамикалық сипатта болатындықтан, 
коммуникативтік  деңгейі  де  әрдайым  өзгеріске 
ұшырып отырады. Ал мұндай жағдаяттардың се-
бептерін  лингвоэкология  зерттейді.  Сондай-ақ, 
лингвоэкология  лексикалық  қабаттардың  толы-
ғуын,  түрлі  әлеуметтік  ортаның  сөйлеу  ерекше-
ліктерін, жетістіктері мен кемшіліктерін де өзінің 
назарынан  тыс  қалдырмайды.  Лингвоэкология-
лық зерттеудің басты нысаны - тілдік орта болып 
саналады. Тілдік орта дегеніміз – сол тілде сөйлей-
тін қоғам мүшелерінің тілдік санасының көрінісі, 
қолданыстағы  тілдің  жай-күйі,  тілдің  қоғамдағы 
орны мен дамуы. Тілдік ортадан қоғамның әлеу-
меттік-психологиялық, идеологиялық, мәдени, эт-
нопсихологиялық болмысы айқындалады. Адам-
дардың тіршілік ортасының ерекшеліктері оның 
қолданыстағы тілінен байқалады. Мұндай ортада 
ұлттық  ұжымның  рухани  тіршілігі  қалыптасады. 
Тілдік ортасыз адамдар жеке дара өмір сүрмей-
ді. Қолданыстағы тілді жетілдіру, байыту, тіпті тіл 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету – сол тілді тұтынатын 
әр  адамның  міндеті.  Сондықтан  лингвоэкология 
рухани мәдениеттің ұлттық көрсеткіші ретінде ұлт 
тіліне ерекше мәртебемен қарауды өзінің басты 
негізі етіп алады. Тілдің иесі адам болғандықтан, 
антропогендік факторларды экологиялық тұрғы-
дан  қарастырудың  маңызы  айырықша.  Тілді  тұ-
тынушының, яғни тілдік тұлғаның, тіл иесінің ана 
тіліне деген құрметін, тілдің кешегі жағдайы мен 
кәзіргі күйіне және келешектегі тағдырына деген 
міндетті жауапкершілікті талап ету де осы линг-
воэкологияның міндетіне кіреді [Оразбаева Ф.Ш., 
2010].
Лингвоэкология лингвомәдени мәселелермен 


165
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
тығыз байланысты. Зерттеуші ғалымдар тілімізде 
жат  сөздердің  жағаласып  жүруін,  жастар  тілінің 
жаргон сөздерге жақындығын және ғылым мен 
техниканың дамуына қарай, тілдегі «технизация» 
сондай-ақ,  –  филологиялық,  қоғамдық  білімді 
технократтық  биіктіктен  алыстату  сияқты  линг-
вистикалық  проблемалар  қатарына  жатқызады. 
Мысалы, орыс тілінің қазақ тіліне кері әсер еткен 
тұсы бар. Дегенмен де басқа тілдің басқыншылы-
ғынан дендеп кеткен тілдік жағдаят, әсіресе, сөй-
леу мәдениетіне нұқсан келтіреді. Бұл қазақ тіліне 
да қатысты жайт екені белгілі. Мысалы, өткен ХХ 
ғасырдың соңғы он жылдығында бұрынғы КСРО 
территориясынан  бөліп  шыққан  егемен  мемле-
кеттердің  әлеуметтік  және  мәдени  өмірінде  ай-
тарлықтай жемісті өзгерістер болғаны мәлім. Бұл 
әсіресе  олардың  тілінде,  сөйлеу  мәдениетінде 
бұқаралық ақпарат құралдарынан бастап барлық 
саларында көрініс тапты. Қазақстан да мұндай өз-
герістерден шет қалған жоқ. Ұлт тілі мемлекеттік 
мәртебе алған соң, орыс тілі ресми тіл ретінде ұл-
таралық қатынас тілінің рөліне ие болды. «Қазір-
гі Қазақстанда тілдік жағдаят - қоғамдағы саяси, 
этнодемографиялық,  әлеуметтік  және  экономи-
калық өзгерістердің тікелей көрсеткіші» [Сыздық 
Р., 2005].
Тілдік  тұлға  мәселесі  -  лингвоэкологиялық 
бағыттағы  іргелі  ұғымдардың  бірі.  Сөз  саптауы 
айналасына  үлгі  болатын,  сөз  мәдениетін  жоға-
ры  қоятын  тілдік  тұлға  қазіргі  қазақ  қоғамында 
жазушылар  мен  өнер  қайраткерлері,  ғалымдар, 
журналистер,  оқытушылардың  ғана  үлесіне  тиіп 
отыр. Тіл – ұлттың жаны. Бұл аксиомаға айналған 
қағида. Өз ана тілінің мәнерлі де бейнелі сөздері-
нен хабарсыз, махрұм болып өскен ұрпақтар тілі 
қазақ сөйлеу мәдениетінің ежелден келе жатқан 
би-шешендер дәстүрін қорғауға, жетілдіруге, на-
сихаттауға, бір сөзбен айтқанда ұлтының образды 
сөйлеу ерекшелігін сақтауға тиіс еді. Алайда дәл 
бүгінгі қазақ жастарының сөйлеу мәдениеті мүл-
дем бөлек арнаға түсті, мұның барлығы билинг-
визмнің  әсері  деуге  болады.  Әр  ұлттың  өзіндік 
ұлттық  танымын  танытатын  стеоретиптері  оның 
ғасырлар  бойы  қалыптасқан  мақал-мәтелдері 
мен  фразеологизмдерінде  жатыр.  Сондай-ақ, 
тілдегі  көркем  де  бейнелі  сөз  орамдары  –  фра-
зеологизмдер әдеби тілдің байлығы және тіл мен 
сөйлеу мәдениетінің көрсеткіші. Бұл ретте В.В.Ви-
ноградов «Әдеби тіл - қоғамдық өмірдің дамуы, 
халықтың  материалдық  және  рухани  ілгерілеуі, 
әлеуметтік күрес қаруы, сондай-ақ, халықты тәр-
биелеу мен ғылым мен техниканың, ұлттық мәде-
ниеттің жетістіктерін бағалаудың құралы. Әдеби 
тіл – ұжымдық шығармашылық әрекетінің нәти-
жесі» деп атап жазады [Болғанбайұлы Ә., 1987].
Қазақ  тіліндегі  паремиологиялық,  фразеоло-
гиялық  қордан  ұлт  өмірінің  ментальдық  таным 
ерекшелігі  және  тұрмыс-тіршілігінің  мәдениеті 
байқалады.  Әсіресе,  фразеологизмдердің  ойды 
бейнелі,  суретті  етіп  жеткізудегі  орасан  тілдік 
қуатын  пайдалану,  жетілдіре  түсу  қазіргі  жастар 
тілінде  орын  алмаған.  Жылдар  бойы  бойы  қа-
лыптасып, ғасырлар бойы қолданыстан түспейтін 
тұрақты  тіркестер  қазіргі  жазба  әдебиетте  және 
қалың  көпшіліктің  сөйлеу  мәдениетінде  қандай 
ерекшеліктермен көрінеді деген сұрақ қашан да 
өзекті  болмақ.  Әсіресе,  сөйлеу  мәнері  көмескі 
тартып бара жатқан жастар тілінің қазіргі хал-а-
хуалы туралы мәселе, тіпті ана тілінде сөйлейтін-
дердің тіл байлығы мен тіл тазалығы қазіргі қазақ 
ұлтының соқталы проблемаларына айналды. Бұл 
ХХ ғасырда дендеген ауру, ХХI ғасырда тамыр жа-
йып кетті.
Социумның  сөйлеу  практикасында  болып 
жатқан  өзгерістер  тілші  ғалымдарды  еріксіз  қа-
дағалауға мәжбірлейді. Кітап оқуды мүлде қойған 
қазіргі  жастар  тілінің  жұтаңдығы,  қысқа  қайы-
рыммен сөйлеуі, ойларын жеткізудегі мәнерлілігі-
нің жоқтығы күн санап, уақыт озған сайын терең-
деп  барады.  Кезінде  ата-анасының  әке-шешесі, 
оның ата-бабасы, оның арғы бабалары сөйлеген 
ұлттың нәрлі тілі бүгінгі күнде қан сөлінен айыры-
лып, бейнелілігі азайып кетті. Лингвоэкологиялық 
мониторинг көпшіліктің сөйлеу мәнеріндегі лек-
сикон мен фразеологиялық қордың тым жұтаң-
дығын  айғақтайды.  Бұл  ересектерге  де,  жастар-
ға  да  тән  көрініс  болғаны  ақиқат  [Маслова  В.А., 
1984].
Осы секілді ауызекі сөйлеу тілінде қолданыс-
та жиі ұшырасатын тұрақты тіркестердің бір-е-
кеуінің  мағынасын  ғана  тұспалдаса,  оқушылар, 
студент жастар көбін білмейді. Мұндай бейнелі 
тіркестер  отбасынан  жұқпай,  мектеп  қабырға-
сынан  естілмей,  кітаптағысы  оқылмай,  әйтеуір 
тілдің  ұшына  ілінбей  қағыс  қала  береді.  Бүгінгі 
оқыған  қазақтың  рухани  мәдениеті  терең,  жо-
ғары.  Алайда  біздің  сөйлеу  мәдениетімізде  ба-
балар тілінен қалған асыл сөз маржандары, об-
разды тіркестер уақыт өткен сайын күннен күнге 
азайып, сөйлейтін сөзіміз ойлы болса да жеткі-
зу өресінде сөзіміз нәрсіз, қысқа қайырылатын, 
үнемделеген үнсіздікке ойысып барады. Бейне-
лі сөйлеуді тек үлкен ақсақал, қарт адамдардың 
еншісіне  қалдырған,  қазақ  тілін  біле  тұра  тілге 
жанашырлығы  жоқ  басқа  жастар  мәдени  аре-
наға шықты. Қазақ жастарының тілі әдеби кітап 
оқымаудың салдарынан тоқырауға ұшырады. Ал 
студент жастар тілінің сөйлеу мәнері күн өткен 
сайын  шұбарланып,  түсініксіз  сөйлемдер  нор-
маға  айналып  барады.  Бұл  сөйлемдер  ішінде 
бейнелілігі ешбір ақылға сыймайтын «фразеоло-
гизмдер» жетерлік. Мысалы, жастар тілінің шұ-
барланғанын тек орыс тіліндегі сөздерді қосып, 
жаргондармен сөйлеуі ғана емес, қазақтың сөй-
леуіне  тән  тұрақты  тіркестер  де  сөйлеу  тілінде 
әбден бұзылды.
Кейбір  тұрақты  тіркестер,  мәселен,  поста-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет