Машинамен оқыту. Сақтандыру компания-
лары тәуекелдермен жұмыс жасайтынын және
оларды болжай алу керектігін ескере отырып,
машинамен оқытудың үлкен әлеуеті бар. Мұндай
жүйелер андеррайтингтің сапасын жақсартып
қана қоймай, әрбір жеке клиент үшін жеке өнім-
дерді жасауға да мүмкіндік береді. Маркетп- лейстер: Қазақстандықтар бірнеше сақтандыру
компанияларынан ұсыныстарды талдауға бола-
тын сайттарға үйреніп қалды. Мұндай сервистер
МАҚЖ міндетті автосақтандыруға қамалып қал-
ды. Жақын келешекте – өмірді сақтандырудың
дамуымен – мұндай сервистер клиенттерге ла-
йықты бағдарламаларды, мысалы өмірді жинақ-
таушы сақтандыру бойынша бағдарламаларды
табуға көмектесетін болады.
Телемедицина. Денсаулықтың көрсеткіш-
терін қадағалап отыратын гаджеттердің таны-
малдылығы жылдан жылға артып келеді. Бо-
лашақта мұндай гаджеттер өмірді сақтандыру
шартын жасасу үшін міндетті шарт бола алады.
Осылайша сақтандыру компаниялары онлайн
режимінде өз клиенттері денсаулығының жағда-
йын қадағалап отырып, қажет болған жағдайда
клиенттерге хабарласып, оларға белгілі бір ұсы-
ныстарды бере алады. Теория жүзінде бұл сақ-
тандыру оқиғалардың саны төмендетіп, сақтан-
дыру өнімдерін арзандатады. Мұндай техноло-
гиялар Қазақстанда пайда болады ма – бұл қиын
сұрақ, өйткені батыс елдерде де бұл технология
әлі де кеңінен таралмаған.
Қазір Қазақстанда қай технология дамып,
қайсысы тежеп қалатынын болжау өте қиын
екенін қайталап айтамын, өйткені көптеген фак-
торларды ескеру қажет. Алайда бір мәселе анық:
қазір көп нәрсе сақтандырушылардың өздеріне
байланысты болады. Біз қаншалықты белсенді
түрде жаңа инфрақұрылымды құрып, жаңа тех-
нологияларды енгізе бастайтынымызға бүкіл на-
рықтың тағдыры байланысты болады.