Болат мырзалиев



Pdf көрінісі
бет61/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   395
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана 4 6 2020

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Салықтық  құқықтық  қатынастар  аясы  әрда-
йым мемлекеттік басқару және салықтық әкім-
шілендіру ықпалында болады. Олардың субъек-
тілерінің  негізгі  белгілеріне  өздеріне  тән  мате-
риалдық немесе ұйымдастыру салықтық құқық-
тық мәртебелері жатады.
Осы  орайда,  қазіргі  заманғы  салық  салу  ау-
қымындағы  жағдаяттар  тұрғысынан  салықтық 
құқықтық  қатынастар  мынадай  қырларымен 
ерекшеленеді:  олар  негізінен  материалдық  са-
лық  міндеттемелерін  орындау  және  салықтық 
әкімшілендіру  барысында  туындайды;  мате-
риалдық  салықтық  құқықтық  қатынастардың 
міндетті әрі негізгі субъектілері мемлекет және 
салық  төлеушілер,  міндетті  қатысушысы  мем-
лекеттің уәкілетті өкілі салық органдары болып 
табылады; ұйымдастыру салықтық құқықтық қа-
тынастарының субъектілеріне салық қызметі ор-
гандары мен басқа да уәкілетті мемлекеттік ор-
гандар жатады; олар біртұтас алғанда қоғамның 
әлеуметтік құрылымына ықпал етеді; олар өзде-
ріне тән заңдықты қамтамасыз ету және өзіндік 
құқықтық қорғаудың айрықша құқықтық режи-
мімен  ерекшеленеді;  олардың  салықтық  құқық 
және  салық  жүйесі  принциптеріне  сай  тиімді 
қалыптасып,  дамуы  қаржылық  экономикалық, 
сондай-ақ  қаржылық  құқықтық  ғылым  доктри-
насы негізінде қалыптастырылған әрі заңдық бе-
кітілген принциптердің басшылыққа алынғанын 
білдіреді.
Қазақстан  Республикасындағы  салықтық  құ-
қықтық  қатынастар  аясында  іске  асырылатын 
мемлекеттің  салық  саясаты  ұстанымдары  негі-
зіндегі салық заңдарының ережелері Қазақстан 
Республикасы  Салық  кодексінде  белгіленген 
осындай салық салу принциптеріне қайшы кел-
меуге тиіс. Демек, мемлекеттің салық жүйесі бір-
тұтас  принциптер  негізінде  құрылып,  дамитын 
әрі  өзі  өзара  байланысқан  механизмнің  бірың-
ғай және тиімді жұмыс істеуін білдіретін біртұтас 
құрылым ретінде көрініс табады. «Принцип» сө-
зінің латын тіліндегі мағынасы (principium) қан-
дай болмасын негіз, бастау деп аударылады.
Г.В.Атаманчук мемлекеттік басқару принцип-
терін  сипаттау  барысында  «Принцип  теория 


35
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
ұғымы ретінде мемлекеттік басқару жүйесіндегі 
оның  элементтері  арасындағы  заңдылықтарды, 
қатынастарды,  өзара  байланыстарды  білдіреді. 
Принцип ғылыми таным нәтижелерін бекіту бо-
лып табылады» деген пікірін дәйектеп көрсеткен 
[Атаманчук  Г.В..  1997].  Д.Н.Бахрах  мемлекеттік 
қызмет  жүйесінің  құрылуы  және  жұмыс  істеуі 
жөнінде  баяндай  келіп  «Принцип  –  объективті 
заңдылықтарды  білдіретін  және  ғылыми  негіз-
демелерді айқындайтын негіз құраушы идеялар 
мен ұстанымдар» деп пайымдаған [Бахрах Д.Н., 
2004].  В.М.Пушкарева  «Салық  жүйесін  салық 
салу  принциптеріне  сай  құру...  қажеттілігін  дә-
лелдей  отырып  «салық  жүйесін  салық  салудың 
екі  нысанын  ұштастыру  арқылы,  оның  өзінде 
тікелей  салық  салуға  талпыныс  жасау  арқылы 
құру қажет» деген көзқарасын білдірген [Пушка-
рева В.М.. 1996]. 
Л.В.Дуканич  салық  салу  принциптерін  нақ-
тылы айқындау мемлекеттің салық жүйесін қа-
лыптастыруға  септігін  тигізетінін  сипаттай  оты-
рып  «Салық  салу  принциптерін  қалыптастыру 
қажеттілігі  салықтарды  мемлекет  кірісінің  не-
гізгі көзіне айналдыруға байланысты туындаған 
болатын»  деп  түсіндірген  [Дуканич  Л.В..  2000]. 
А.А.Тедеев «Салық жүйесінің негізгі принципте-
ріне  мынадай  ұйымдастыру  және  функционал-
дық принциптер жатады: салық жүйесінің тұтас-
тығы;  салық  органдары  жүйесін  ұйымдастыру 
біртұтастығы; салық салудың әділдігі және жет-
кіліктігі; құқықтық базаның бірыңғайлығы; салық 
салудың икемділігі; салық жүйесінің тұрақтылы-
ғы және т.б.» деп сипаттаған [Тедеев А.А.. 2004]. 
А.И.Худяков  салық  заңдарына  сипаттама 
беру кезінде Қазақстан Республикасы Конститу-
циясына талдау жүргізу негізінде салық салудың 
мынадай  конституциялық  принциптерін  бөліп 
шығаруға болады: 
1.  Салықтарды  белгілеу  және  жою  кезіндегі 
биліктің  заң  шығарушы  тармағының  үстемдігі 
принципі; 
2.  Салықтарды  белгілеу  кезінде  заңдықты 
сақтау принципі; 
3.  Салық  заңнамалық  актілерінің  Қазақстан 
Республикасының  Конституциясына  сәйкестігі 
принципі; 
4. Салық төлеушілердің меншігін негізсіз са-
лық  алудан  қорғау  принципі;  5.  Салықтардың 
міндеттілігі принципі; 
6. Салық төлеушілердің заң және сот алдын-
дағы теңділігі принципі; 
7. Мемлекеттің салықтық қызметінің бұқара-
лылығы және жариялылығы принципі
8. Салық төлеушілердің құқықтары мен мүд-
делерін  сотқа  барып  қорғау  принципі»  деген 
көзқарасын  тиісті  баптар  бойынша  дәлелдеп 
көрсеткен [Худяков А.И.. 1998]. С.Г.Пепеляев са-
лықтық  құқық  принциптеріне  сипаттама  бере 
отырып мынадай салық салу принциптеріне тоқ-
талып, қарастырған «Салықтың демократиялық 
институт ретіндегі болмысының негізгі кепілдігі 
меншік құқығы болып табылады. Принциптерге 
салық заңдығы, салық төлеушінің шаруашылық 
дербестігі, салық төлеушінің құқықтарын сақтау 
кепілдігі, салықтың жалпыға ортақтылығы, салық 
салудың теңділігі, салық заңнамасын қабылдауға 
жалпыға ортақ қатысу, салықтардың тек заңна-
малық  актілер  негізінде  белгіленуі,  халық  өкіл-
дігінің  салықтық  құқықтық  өкілеттіктері,  салық 
салу аясындағы органдар қызметінің ашықтығы 
және жариялылығы жатады» деп тұжырымдаған 
[Худяков А.И.. 1998]. 
А.З.Дадашев «Адам Смит салық салудың не-
гізгі принциптері ретінде салық салудың жалпы-
ға бірдейлігін, әділеттілігін, айқындылығын және 
ыңғайлылығын атап көрсеткен. Н.И.Тургенев әр-
кім өз мүмкіндігінше, өз табысына сай, алдын ала 
белгіленген мерзімдері, алыну тәсілдері бойын-
ша салық төлеуге тиіс деп тұжырымдаған. Уақыт 
өте келе осындай принциптер қатары салықтар-
дың жеткіліктілігі және икемділігі принципімен, 
салық  салудың  тиісінше  көзін  және  объектісін 
таңдау  принципімен  толықтырылды.  Аталған 
принциптер  Ресейдің  жаңа  салық  жүйесін  қа-
лыптастыру кезінде есепке алынды» деп қысқа-
ша қайырған [Худяков А.И.. 1998]. Бұл ретте ол 
өз  пікірін,  қазіргі  заманғы  талаптар  арнасында 
көрініс табуға тиіс салық салу принциптерін қа-
лыптастыру және бекіту жөніндегі ұсыныс – не-
гіздемелерін білдірмеген. 
К.А.Аттапханов «Салық салу принциптері ел-
дің  салық  заңнамасын  және  салық  салу  меха-
низмін құру негізі болып табылатын заңнамада 
белгіленген  басқаруға  алу  бастаулары  ретінде 
көрініс табуға тиіс. Салық салу жүйесін құру ры-
ноктық экономикасы дамыған елдерде пайдала-
нылатын мынадай екі іргелі принципке: алынған 
игіліктер принципіне және салықты субъектінің 
жай  –  күйінің  деңгейіне,  сондай-ақ  табыстың 
нақты  түріне  тікелей  тәуелді  қылу  принципіне 
негізделуге тиіс. Біздің ойымызша ұтымды салық 
салу жүйесін қалыптастыратын негізгі принцип-
тер ретінде: мемлекеттік және қоғамдық прин-
ципі; әділеттілік принципі; біркелкілік принципі; 
бір мәртелілік принципі; салықтарды заңды ны-
санда белгілеу, жүйеге енгізу және алып тастау 
принципі айқындалуға тиіс» деген байлам жаса-
ған [Аттапханов К.А.. 1999]. 
Аталған  ғалымдардың  жоғарыда  келтірілген 
пікір, көзқарастарын экономиканы және құқық-
ты  зерттеуші  шотландиялық  ғалым  Адам  Смит-
тің  XVIII  ғасырда  қалыптастырған  салық  салу 
принциптерімен  салыстырсақ  қазіргі  салықтық 
құқықтық қатынастар негізінде жатқан принцип-
тердің  классикалық  салық  салу  принциптеріне 
сай белгіленгенін анықтауға әбден болады.
Адам Смит (1723 – 1790) қалыптастырған са-
лық салу принциптерінің ең маңыздыларына: 
1. салық салудың әділеттілігі принципі
2. салық салудың айқындылығы принципі


36
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
3. салық салу қолайлығы принципі
4.  салық  салу  үнемділігі  принципі  жатады 
[Смит  А..  1935].  Осындай  салық  салу  принцип-
терімен  қатар  арнайы  әдебиетте:  қорғау  теңді-
лігі принципі; азаматтардың өз конституциялық 
құқықтарын  іске  асыруға  кедергі  келтіретін  са-
лықтарды  белгілеуге  (алуға)  жол  бермеу  прин-
ципі; салық алу қаржылық мақсатының үстемдігі 
принципі;  салықтарды  және  алымдарды  ерек-
шелеуді шектеу принципі; салық заңнамасы ны-
санын шектеу принципі; салықтық өкілеттіктерді 
бөлу  принципі  тәрізді  принциптер  көрсетілген 
[Порохов Е.В.. 2001].
Демек, қазіргі заманғы салық салу принцип-
тері салықтық құқықтың және салықтық құқық-
тық  қатынастардың  негізін  құраушы  идеялар, 
басшылыққа  алу  идеялары,  басты  ережелері, 
сондай-ақ айқындаушы бастауы болып табыла-
ды.
Сонымен бірге аталмыш принциптер бір жа-
ғынан мемлекеттің салықтық құқығының дамуы 
ауқымын қамтыса, екінші жағынан салық салу-
ды  жетілдіру  бағытындағы  салықтық  құқықтық 
қатынастардың  басымды  экономикалық  –  құ-
қықтық  бағдарларын  айқындайды  деп  санай-
мыз. Мемлекеттің салық салу жүйесінде әр түрлі 
салықтық  құқықтық  нормалар  негізінде  туын-
дайтын  салықтық  құқықтық  қатынастар,  әдетте 
мемлекеттің  салық  саясатының  экономикалық, 
құқықтық және ұйымдастыру принциптерін іске 
асыруға ат салысады. 
Салық  салу  принциптері  мемлекеттің  салық 
жүйесі  құрылымының  базисін  қалауға,  салық 
жүйесінің  негізіндегі  салық  салуды  ұйымдасты-
руға байланысты объективті қажетті заңдылық-
тарды  және  өзара  қарым  –  қатынастарды  көр-
сетеді.  Салық  салудың  ұйымдастыру  принцип-
терін салықтық құқықтық қатынастар жүйесінде 
қолдану  мемлекеттің  салықтық  менеджменті 
мен салықтық әкімшілендіру жүргізу аясындағы 
объективті – субъективті қызметтер нәтижесін-
де  жүзеге  асырылатын  ұйымдастыру,  реттеудің 
(басқарудың) тиімділігін көздейді.
Зерделеу – зерттеу барысында аталған бар-
лық салық салу принциптеріне жалпы сипаттама 
беру (ашып көрсету) қажеттілігі әрбір принципке 
байланысты мынадай мазмұнда көрініс табады: 
салық  және  басқа  да  міндетті  төлемдерді  алу-
дың  қоғамдық,  мемлекеттік  мақсаты  принципі 
мемлекеттің  әлеуметтік  сипатына  қатысты  мән 
–  жайларды  дамытады,  мемлекет  билігін  ақша 
қаражаттарымен  қамтамасыз  етуге  бағыттала-
ды,  біртұтас  қоғамның  және  салық  төлеушінің 
мүдделерін  теңдестіруді  көздейді;  салық  және 
басқа да міндетті төлемдерді бюджет жүйесіне 
алу  басымдығы  принципі  бюджеттерді  қалып-
тастыратын  салықтық  түсімдерді  мемлекеттің 
қаржылық мақсатына сәйкес ұдайы әрі тұрақты 
алуды  көздейді;  салық  және  басқа  да  міндетті 
төлемдерді  тек  салық  заңнамалық  актісінің  не-
гізінде белгілеу, өзгерту және алып тастау прин-
ципі биліктің заң шығарушы тармағының салық-
тарды белгілеу, өзгерту және жою (алып тастау) 
кезіндегі  үстемдігін  білдіреді  және  салықтарды 
белгілеу кезінде Қазақстан Республикасы Конс-
титуциясының  35-бабына  сай  заңдықты  сақтау 
міндеттілігін көрсетеді; салық заң шығарушылы-
ғы  нысандарын  шектеу  принципі  салық  салуға 
арналмаған  заңнамалық  актілерге  салық  салу 
туралы нормаларды қосуды шектейді; салық са-
лудың  жалпыға  бірдейлігі  принципі  салық  салу 
әділдігін,  жалпыға  міндеттігін  білдіреді;  салық 
салмағының теңділігі (біркелкілігі) принципі са-
лық төлеушілердің экономикалық жай – күйле-
рін салыстыру негізінде олардың нақтылы төлеу 
қабілетін  айқындайды  және  осы  орайда  салық 
төлеушілердің  экономикалық  теңділігін  білді-
реді; салық саясатының бірыңғайлығы принци-
пі  рыноктық  экономикаға  бет  бұрған  біртұтас 
мемлекеттің  біртұтас  экономикалық  кеңістігін 
білдіреді; салық салу өкілеттігінің бөлінуі прин-
ципі  салық  органдарының,  әкімдіктердің,  мәс-
лихаттардың,  кеден  органдарының  және  т.б. 
уәкілетті  субъектілердің  және  органдардың  са-
лық  салу  аясындағы  қызметін  айқындайды;  са-
лықтың  экономикалық  негізделуі  принципі  ел 
экономикасының  жай  –  күйіне  келеңсіз  ықпал 
ететін салық салуға жол бермеуді, салықтардың 
экономикалық  негізделуін  білдіреді;  салық  тө-
леушілердің теңділігі принципі әлеуметтік әділ-
дік  принципін  көздей  отырып  барынша  салық 
салуды,  яғни  табысы  төмендердің  аз,  байлығы 
(табысы)  өскендердің  көп  төлейтінін  білдіреді; 
мемлекеттің  шексіз  салық  егемендігі  принципі 
салықтарды белгілеу жөніндегі мемлекеттің құ-
қығын және нормативтік құқықтық актілерді қа-
былдау арқылы салық салу мән – жайын айқын-
дау жөніндегі мемлекет құқығын негіздейді; са-
лық заңнамалық актілерінің Конституцияға сәй-
кестігі  принципі  салық  заңнамалық  актілерінің 
ешқашанда  конституцияға  қайшы  келмейтінін 
білдіреді; салық төлеушілердің жағдайларын на-
шарлататын  салық  заңнамалық  актілерінің  кері 
күшін болдырмау принципі салық төлеушілердің 
экономикалық – қаржылық мүдделеріне нұқсан 
келтіретін  жаңа  салық  белгілейтін  заңдардың 
кері күшіне жол бермеуді білдіреді; салық салу 
айқындылығы принципі салық төлеушінің салық 
міндеттемелерінің  туындауының,  орындалуы-
ның және тоқтатылуының барлық негіздері мен 
тәртібін салық заңдарында белгілеу мүмкіндігін 
білдіреді; салық салу міндеттілігі принципі салық 
заңнамалық актілеріне сәйкес салық төлеушінің 
өз салық міндеттемелерін толық көлемде және 
белгіленген  мерзімде  орындау  міндеттілігін 
білдіреді;  салық  заңнамасының  жариялылығы 
принципі салық салу мәселелерін реттейтін нор-
мативтік  құқықтық  актілердің  ресми  басылым-
дарда міндетті түрде жарияланатынын білдіреді; 
салық  төлеушілердің  құқықтарын  және  мүдде-


37
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
сін сот арқылы қорғау принципі салық төлеуші-
лердің құқықтарын сотқа шағым беру жолымен 
қорғау мүмкіндігін білдіреді.
Салық  салудың  экономикалық  принципте-
ріне біздің ойымызша мынадай: салық салудың 
мұқият экономикалық негізделуі принципі; эко-
номикалық  мүдделерді  біршама  теңдестіруді 
қамтамасыз ету принципі; салық алудың бір мәр-
телілігі  принципі;  салық  салудың  бірыңғай  эко-
номикалық кеңістікте жүзеге асырылуы принци-
пі; табыстарды салықтық түсімдер арқылы бөлу 
принципі;  салықты  төлеу  әділеттілігі  принципі 
жатады деп ойлаймыз.
Салық  салудың  құқықтық  принциптері  ре-
тінде:  салық  салудың  заңдығы  принципі;  салық 
заңдары алдындағы барлық заңды тұлғалардың 
және азаматтардың құқықтық теңділігі принци-
пі; салық салуды тек салық заңнамалық актілері 
негізінде  жүзеге  асыру  принципі;  салық  заңда-
рын  шығару  нысандарын  шектеу  принципі;  са-
лық салудың салық төлеушілердің конституция-
лық  құқықтарына  нұқсан  келтірмеуі  принципі; 
салық  міндеттемелерін  орындауды  қамтамасыз 
ету принципі сияқты принциптерді атап көрсе-
туге болады деп санаймыз.
Ал салық салудың ұйымдастыру принциптері: 
салық өндірісінің алдын ала айқындалуы прин-
ципі; салық салу жүйесінің икемділігі принципі; 
салық  саясатының  бірыңғайлығы  принципі;  са-
лық жүйесінің біртұтастығы принципі; салық са-
лудың  қоғамға  қажетті  мақсаттарының  басым-
дығы  принципі;  салық  салуды  орталықтандыру 
принципі  сияқты  принциптерден  тұрады  деген 
пікірімізді білдіреміз.
Мемлекеттік  салықтық  менеджмент  про-
цесінде  салық  салу  принциптері  басшылыққа 
алынады, салық салу саласы басқарылады және 
салықтық құқықтық қатынастар аясындағы әдіс-
тер мен жолдар іске асырылады. Қазіргі заманғы 
Қазақстан  Республикасы  салық  заңнамасының 
тұрақты  әрі  түсінікті  болуы  мемлекеттің  салық 
жүйесінің  салықтық  құқықтық  қатынас  қатысу-
шыларының мүдделеріне сай жұмыс істеуіне зор 
септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет