Болды. Олардың есімі ұрпақ жадына сіңіп, ерлігі өнеге болып өрілді



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата01.02.2017
өлшемі23,87 Mb.
#3216
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Облыс бойынша Кедендік 

бақылау департаментінің баспасөз 

қызметі.

Екі мың жылдық  тарихы бар Тараз шаһары Ұлы Жібек 

жолының  бойында  орналасқан.  Кезінде  керуен-керуен 

жібек артқан көш легі мен алтын теңгелі саудагерлер тізбегі 

Ташкен,  Самарқан  базарларына  бет  түзеген.  Сондықтан 

Тараз  шаһарының  жібек  жолы  көне  замандағы  негізгі 

күнкөріс көзіне, сауда айналымына айналған. Жалпы, жібек 

мата  орта  ғасырларда  ең  құнды  бұйымдардың  санатынан 

орын алған. Тарихшылардың айтуынша, бір кезде Парсы елі 

мен Қытай мемлекеті жібекті тек алтынға ғана айырбастаған 

екен.  Ал,  Екатерина  патшайымның  тұсында  Ресейде  бір 

келі жібектің бағасы бір келі алтынмен тең болған. Осыдан-

ақ,  жібек  құнының  қаншалықты  қымбат  екенін  бағамдауға 

болады.

Елбасы жыл сайынғы қазақстандықтарға арнайтын Жолдауларында кəсіпкерлерге қолдау көрсетуді баса айтып 

келеді. Биылғы бас құжатта да Президентіміз Н.Ə.Назарбаев «Шағын жəне орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы 

Қазақстанды индустриялық жəне əлеуметтік жаңғыртудың басты құралы. Мұндағы менің ұстанымым айқын екенін 

білесіздер,  оны  талай  айтқанмын.  Экономикамызда  шағын  жəне  орта  бизнестің  үлесі  артқан сайын  Қазақстанның 

дамуы  да  орнықты  бола  түседі.  Бізде  шағын  жəне  орта  бизнестің 800 мыңнан  астам  субъектісі  бар,  онда 2,4 

миллионнан астам қазақстандық еңбек етеді» деген болатын. 

7

24 шілде,

№30 (458)

ТҮЙІН

ШЫНДЫҚТЫҢ ЖҮЗІ

Кәсіп түбі нәсіп

ТҮЙЕТАУЫҚ ӨСІРГЕН ТАБЫСҚА КЕНЕЛЕДІ 

ТҮЙЕТАУЫҚ ӨСІРГЕН ТАБЫСҚА КЕНЕЛЕДІ 



Қазір  Құдайға  шүкір  елімізде  кəсіпкерлікке  барлық  жағынан  қолдау 

бар.  Істің  көзін  тапқандар  жасаған  жұмысының  барынша  рəтін  көріп 

отыр. Əсіресе, құс шаруашылығын қолға алғандардың айы оңынан туып 

тұр. Бұлай дейтініміз, құс баққандар жұмыртқасын нарыққа шығарып бір 

пайда тапса, етін өткізіп молшылыққа кенелуде. Одан қалса,  мамық жүнін 

де  кəдеге жаратуда.  Дегенмен, осы   шаруашылықтың негізінде тағы бір 

қолға алатын дүние – түйетауық өсіру мəселесі. 

Есет ДОСАЛЫ

Облыс  əкімдігі  ауыл  шаруашылығы 

басқармасының берген мəліметі бойынша 

облысымызда 1 млн. 331 мың  құс  бар 

екен.  Бірақ,  оның  ішінде  түйетауық 

санының  қанша  екенін  білу  мүмкін 

болмады.  Дегенмен,  құстың    бұл  түрі  

шөлді  жəне  шөлейтті  Сарысу,  Талас, 

Мойынқұм 

аудандарындағы 

санаулы  

ғана  жеке  шаруашылықта  өсіріледі  екен.  

Көпшілік  қызыға  бермейтін  бұл  құстың 

түріне      негізінен  өзге  ұлттың  өкілдері 

қызығушылық танытады. Бұлай деуіміздің 

себебі – Талас  ауданындағы  Қасқабұлақ 

ауылының  тұрғындары  қой  орнына  осы 

түйетауық  баққанды  жөн  көреді  екен. 

1090  халық  тұратын  ауылда  тауық 

тұқымдасының  бұл  түрін  асырамайтын 

аула жоқ десек те болатындай.  Сулхадин 

Мұстафаев  басқаратын  ауылды  күрд 

ағайындар    мекендейді.  Əсіресе,  Якуп 

Теміров, 

Тимур 

Əлиханов, 



Сұлтан 

Теміровтер  отбасы    түйетауық  өсіруді 

негізгі кəсіптеріне айналдырған.  

Жалпы, түйетауық асырау оңай шаруа 

емес.  Нəйеті 20  балапан  өсіру    үшін 

50-60  келі  арнайы  дайындалған  майда 

жем  керек.  Тауықтың  бұл  түрі  жемді 

көп  қорек  етеді.  Мұндай  тауыққа  тамақ  

тауып берудің өзі  бір күш. Облысымызда  

түйетауық  санының  көбеймей  отырғаны 

да  сондықтан  екен.  Дегенмен, 90-100 

 

түйетауық  өсіретін  үйлер  табыс  таба  



алады.  Олар  əр  семіз  түйетауықты 6-7 

мың теңгеге сатады. Түйетауықтың  үлкен 

жұмыртқасының құны 40-50 теңгеден кем 

емес.  Сулхадин  Темірұлы  басқаратын 

Қасқабұлақта  жалпы  түйетауық  саны 5 

мыңға  жуықтайды. Бірақ,  бұл түйетауықтар 

қолда  өсетін  жай түйетауықтарға  жатады. 

Біз  құстың  осы  түрін  ұқсату    жөнінде  

маманның пікірін  білдік.

Мəкен  ТҰРМАҒАМБЕТОВА,  Байзақ 

ауданындағы    «Жамбыл - Құс»  ЖШС-

ның директоры:     

–  Біздің    облыста  түйетауықтың  

асыл  тұқымды  аналық  басы  жоқ. 

Құстың    мұндай  асыл  тұқымды  түрін 

Голландиядан,  Израильден    алдыруға  

болады.  Ол  үшін  көп  мөлшерде 

инвестиция қажет. Барлығы  қаражатқа 

келіп  тіреледі.  Түйетауықтың  асыл  

тұқымды  аналық  бас  түрі    болса,  етін 

қайта  өңдеу    зауытын    ашуға    менің  де  

мүмкіндігім бар. Жай түйетауық пен асыл 

тұқымды  түйетауық  өсірудің  айырмасы 

жер  мен  көктей.  Жай  түйетауық 

7  келі  ет  берсе,  асыл  тұқымды 

түйетауық 30 келі  ет  береді.  Асыл 

тұқымды түйетауық 38 күнде жетіледі. 

Түйетауықты    сою  жəне  етін  өңдеу 

фабрикасы    қазіргі  таңда  Шымкентте   

бар. Оларда құстың осы түрінің аналық  

басы  да  баршылық.  Бірақ,  олар  қазір 

асыл  тұқымды    түйетауықты  ешкімге 

бермей,  көбейтуді  жоспарлап      отыр. 

Сондықтан,  бұл  ойланатын    мəселе.  

Мұндай тауықтың асыл тұқымды түрін  

ұқсатуға  біздің  облыстың    да  мүмкіндігі  

жоқ  емес.  Тек  тиісті    қолдаулар  болса, 

жұмыс жасауға болады.

Мың асқанға бір тосқан



«КӨЛЕҢКЕЛІ БИЗНЕСТІҢ» 

«КӨЛЕҢКЕЛІ БИЗНЕСТІҢ» 

КӨРКІН ҚЫЗДЫРҒАН «КƏСІПКЕР»

КӨРКІН ҚЫЗДЫРҒАН «КƏСІПКЕР»

Мұратхан ƏЛІМХАН

Жамбыл 


облысының 

Қаржы 


полициясы  тұрақты  түрде  «көлеңкелі 

бизнесті»  əшкерелеу  жəне  жолын  кесу 

бойынша жүйелі түрде жұмыс жасауда.

Өткен  аптада  Қаржы  полициясы 

департаментіне  азамат  Г-ның  Тараз 

қаласының  сауда  орындарына  «квас» 

сусынын  жасап,  заңсыз  айналысатыны 

туралы жедел ақпарат түседі.

Дереу  іске  көшкен  Қаржы  полициясы 

қызметкерлері  аз-т  Г-ның  жүргізуімен 

келе  жатқан  «Форт  Транзит»  маркалы 

автокөлікті 

тоқтатады. 

Автокөлікті 

тексеру барысында кваспен толтырылған 

əрқайсысы 50 литрлік 7 бөшке, 30 литрлік 

11 бөшке табылды. Одан əрі күдіктінің үйін 

тексеру  барысында,  квас  дайындаумен 

айналысатын 2 бөлмелі  астыртын  цех 

анықталды.  Онда  аталған  сусынды 

дайындауға  жəне  оны  əрі  қарай  өткізуге 

арналған  қажетті  құрал-жабдықтар  атап 

айтқанда:  бөшкелер,  сұйықтықты  құятын 

түтікшелер,  химиялық  ингредиенттер, 2 

000  литр  көлеміндегі  шикізат  өнімдері 

табылды.


Яғни,  Департамент  қызметкерлерімен 

жалпы сомасы 500 000 теңгедей тұратын 

3 000 литрге жуық квас тəркіленді.

Сонымен, аз-т Г-ның іс - əрекеттерінде 

ҚР  Əкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы 

кодексінде 357-1 б. (тиiстi тiркеусiз немесе 

лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, бiлiктiлiк 

аттестатынсыз  (куəлiгінсiз),  басқа  да 

рұқсатсыз, 

хабарламасыз 

кəсіпкерлік 

немесе өзге қызметпен айналысу, сондай-

ақ iс-əрекеттердi (операцияларды) жүзеге 

асыру)  қарастырылған  құқықбұзушылық 

белгілері байқалуда. 

Дəл  бүгінде  аталған  іске  байланысты 

тергеу амалдары жүруде.

Иə,  маманнның  пікірімен  толықтай  келісуге  болады.  Нарық  заңы    тас 

өндірсең  де,  асыл    тас    өндіру  қажеттігін  талап  етіп  отыр.  Асыл  тұқымды 

түйетауық  өсіру облысымызды  тек қана  пайдаға кенелтпек. Қаржы көздерін 

қарасақ,  шетелден  асыл  тұқымды  құс    ала  алсақ,  құстың    бұл  түрін  өсіруге 

машықтанған  мамандар    бізде    жеткілікті.  Етін  қайта  өңдеуге  арналып 

Қазақстанда алғаш  ОҚ облысындағы «Ордабасы Құс» фабрикасы құлашын 

кеңге  жайып  келеді.  Олар  бүгінгі  таңда 8 мың 100 тонна  өнім  ұқсатуға    қол 

жеткізді. «Жақсыдан  үйрен» – дегендей, көршілерімізден  үйреніп, түйетауық 

өсіру технологиясын  дамытуға күш салатын мезгіл жетті. Ал, оның қайтарымы 

мол  болмақ. Ойланатын дүние...

«ЖАБАЙЫ ЖАРНАМАЛАР» КӨНЕ ШАҺАРДЫ «ЖАУЛАП» КЕЛЕДІ

«ЖАБАЙЫ ЖАРНАМАЛАР» КӨНЕ ШАҺАРДЫ «ЖАУЛАП» КЕЛЕДІ

Сын мен шын



Мұратхан ƏЛІМХАН

Теңіздің 

тамшыдан 

құралатыны 

секілді 

қаланың  көркі  тек  көрнекі  орындарынан,  сəулетті 

ғимараттарынан  ғана  емес,  оның  тазалығынан, 

мəдени-эстетикалық сипатынан да тұратыны анық. 

Осы  тұрғыдан  келгенде  біздің  сұлу  да  сымбатты 

көне  шаһарымызда    көпшілік  жағдайда  соңғы 

аталғандардың жетіспей қала беретіні бар. 

Абыр-сабыр қайнаған тіршіліктің қазаны саналатын 

қалада  белгілі  бір  қызмет  түрін  ұсынып,  күн  көріс 

қамын жасап жүргендер жетерлік. Сəйкесінше, кəсібінің 

алға  басуы  үшін  барлығы  да  жарнаманың  қызметіне 

жүгінеді.  Бірі  қызметін  теледидар  мен  радио,  жəне 

басқа да көрнекі құралдар арқылы танытуды жөн көрсе, 

екіншілері  хабарландыру  парақшаларын  өздері  көше 

аралап жүріп ыңғайлы, көзге түсер жерге іліп шыққанды 

тəуір  санайды.  Біздің  əңгімеге  арқау  болары  да  осы 

болмақ.

Жарнаманың  бұл  түрін,  əсіресе,  пəтер  жалға 



берушілер  жиі  пайдаланады.  Мұның  себебі  тікелей 

тұтынушыларға 

қолжетімділігімен 

түсіндірілсе, 

сонымен қатар, жарнама берушінің қалтасына салмақ 

түсірмейтіндігімен кең қолданысқа ие. 

Дегенмен,  бұл  хабарландырудың  да  көңілге  кірбің 

түсірер тұстары баршылық. Басты мəселесі жоғарыда 

айтқанымыздай,  қаланың  келбетіне  кері  əсер  ететіні. 

Мұндай көріністерді қала аумағынан жиі «тамашалауға» 

болады. Əсіресе, жабайы жарнаманың «етегін  кеңінен 

жайған» жері – 4 (Салтанат) мөлтек ауданының бұрышы. 

Басқа  аудандардың  да  тазалығымен  ерекшеленіп 

тұрғаны  шамалы.  Бұл  аумақтың  көзге  қораш  көрініп, 

шаһар  сəнін  бүлдіргені  былай  тұрсын,  желмен  ұшқан 

хабарландыру  қағаздары  аула  тазалаушылардың 

еңбегін  еш  етіп,  оларға  қосымша  жұмыс  болып  отыр. 

Бұл  сөзімізді  осы  маңды  тазалаумен  айналысатын 

Асқар Сағымбеков те растайды. 

–  Күзде  талдан  түскен  жапырақтармен,  қыста 

жапалақтап  жауған  қармен,  ал,  көктем  мен  жаз 

айларында  қабырғадан  ұшқан  қағазбен  алысып,  əлек 

боламыз. Бүгін тазалаған жеріміз ертеңіне шашылып 

шыға келеді, – дейді ол.

Бұдан  бөлек,  осы  іспеттес  жарнама  құралдары 

автобус 

аялдамаларын 

да 

«жаулап» 



алған. 

Үйдің  кіреберіс  есіктері  де  жарнама  тақтасының 

қызметінде.  Сондай-ақ,  гастрольдік  сапармен  келген 

өнерпаздардың  афишалары  да  бейсауат  ілініп,  қала 

мəдениетінің төмендеуіне «үлесін» қосуда. 

«Мұның  барлығы  хабарландыру  қыстыратын 

арнайы тақталардың жеткіліксіз болуында» дейді қала 

тұрғыны  Бибіжамал  Сарытаева.  Ол  кісінің  сөзінше, 

егер  де  осындай  тақталар  көбейетін  болса  жəне 

жарнама ілудің тəртібі белгіленіп, құзырлы орындардың 

қадағалауында  болса,  мұндай  бей-берекеттікке 

жол  берілмейтін  еді.  Бибіжамал  апаның  айтуынша, 

хабарландыру  беру  үшін  арнайы  органға  тіркеліп, 

тексертіп,  рұқсатын  алып,  ілуге  болатын  жерлерінің 

бекітілгені дұрыс. 

Осы  тұста  қала  бойынша  хабарландыру  ілінетін 

орындар  белгілеп,  оны  қадағалауында  ұстайтын 

құзырлы орган мүлдем жоқ болып шықты. Жарнамалар 

жайы мен хабарландырулардың халі не қала əкімдігінің 

бөлімдерін,  не  басқа  да  ұйымдар  мен  мекемелердің 

ешқайсысын  қызықтырмайтын  секілді.  Яғни,  кімнің 

қандай мазмұндағы хабарландыруды қайда, қалай іліп 

жатқанында ешкімнің ісі жоқ. 

Жалпы  алғанда,  бұл  жайт  ақпарат  құралдарында 

айтылудан  да,  жазылудан  да  кенде  емес.  Алайда, 

құзырлы органдардың бұл мəселеге бас ауыртқысы жоқ 

па,  əлде,  расымен  құлақтарына  шалынып,  көздеріне 

ілігіп  жүрген  жоқ  па,  əйтеуір,  сұрақ  жауабын  таппаған 

күйі қалып келе береді.

Дегенмен,  таяқтың  екі  ұшы  болатынындай,  тек 

қала  басшылығын  айыптай  бермей,  бұл  түйткілге  де 

екі түрлі көзқараспен қарағанымыз əділ болар. Демек, 

мəселенің  ушығуына  бірден-бір  себепкер  болып 

отырған,  хабарландыруларының  берекесіз  ілінуіне 

жол  берген  жарнама  иелерінің  де  кінəсін  баса  айтып 

өткеніміз дұрыс шығар. 

Қалай  болғанда  да  біреуге  жақтасып,  екіншісін 

арашалап  алу – мақсатымыз  емес.  Тек,  мəселенің 

мəнісін түсіндіру, басын ашу ғана.

Сіз қалай ойлайсыз?..



ҒАЛАМТОРҒА АБАЙЛАП ЖАЗБАСАҢ, АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІҢ

ҒАЛАМТОРҒА АБАЙЛАП ЖАЗБАСАҢ, АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІҢ

Құлып пен кілт



Саятхан САТЫЛҒАНОВ

Жалпы  жаңа  заң  жобасына  сай 

əлеуметтік 

желілерде 

адамның 

ар-намысына  тиетін  комментарий 

жазсаңыз 500 АЕК (1 АЕК – 1852 теңге 

) айыппұл төлеуіңіз немесе 3 ай қара 

жұмысқа жегілуіңіз мүмкін.  Депутаттар  

ұсынған    жаңа  жоба  қылмыстық 

жағынан осылай қатайған. Бұл дұрыс 

па, əлде бұрыс па?

Ақиқатына  келсек,  кейінгі  кездері 

əлеуметтік  желілерде  бей-берекет, 

былапыт  сөздер    мен  жалған 

ақпараттар  көбейгені жасырын емес. 

Тіпті,  жеке  азаматтар  мен    саяси 

тұлғалардың 

ар-намысына 

тиетін 


материалдар 

мен 


экстремистік, 

террористік бағытқа үндейтін  ақпарлар 

да  көрініс табуда. Ол аз десеңіз үлкен 

мекемелердің қаржылық айналымына 

қатысты  жалған мəліметтер таралып, 

ел  дүрліккен    фактілер  да  орын 

алған.  Бұған    жыл  басында    бірнеше 

банктің  банкрот  болатыны  туралы 

«WhatsApp»  жəне басқа да байланыс 

желілерде таралған жалған хабарлама 

дəлел. Тағы бір айта кетерлігі, белгісіз 

бір  топтардың  жастарды  жаппай 

бұзақылыққа 

шақырған 

фактілер 

де  орын  алды.   Əлеуметтік  желі 

арқылы  түрлі  ақпар  таратқан  олар   

бірнеше  қалада  тəртіпсіздік  жасауды 

жоспарлаған. 

Кейін 


келе 

құқық 


саласының  қызметкерлері    мұндай 

заңсыз  митингтің  жолын  кескен 

болатын.  Қазірдің  өзінде  əлеуметтік 

желінің  қайсысын  ашсаң  да  жалған 

ұрандаған  осы 

і с п е т т і 

жарнамалар 

жетерлік. 

Ал, 

оған 


пікір  жазып,  ойы  бұзылған  жастар 

қаншама 


десеңізші. 

Ғаламтор 

парақшаларындағы жалған ақпараттар  

ең бірінші жастардың санасын улауда. 

Себебі,  алыс  ауылдағы  ағайынның 

ғаламторға  қолы  жете  бермейтіні 

былай  тұрсын,  əлеуметтік  желіні 

түсінбейтіні  белгілі.  Ал,  аға  буынның 

жалған  ақпаратқа,  теріс  бағыттағы 

материалға  сене  қоюы  екіталай. 

Орта буынды топ та  қандай шешімді 

болмасын  «екі  өлшеп,  бір  кесетіні» 

анық. Сонда қалып отырғаны жастар.  

Яғни,  қабырғасы  əлі  қатая  қоймаған, 

кез  келген  ақпаратқа  сене  кететін  

жастардың санасын улау арандатушы 

топтардың  басты мақсаты. Оған қоса, 

жалған  ұранның  жетегінде  кеткен  

жасөспірімдер    жарға  да,  тасқа  да 

бас  қоя    кететіні  айқын.  Сондықтан 

осы  қырынан  қарағанда  əлеуметтік 

желілердегі бейберекетсіздікке шектеу 

қойып  қана  қоймай,  қылмыстық 

тұрғыдан  қадағаға  алса  да    артықтық 

етпес. 

Ал,  енді  сөз  бостандығына  келер 



болсақ. Рас, жеке тұлғаның жеке пікірі 

жауапкершілікке  тартатын  болса,  Ата 

заңдағы құқықтық теңдікке қайшы келуі 

мүмкін.  Алайда,  түрлі  радикалды, 

экстремистік, 

арандатушылық 

сарындағы  хабарламалар  еркін  пікір, 

сөз бостандығына жата ма?  Ал, жеке 

бір  адамның  ар-намысына  тиетін 

сөз  айту  құқықтық  жауапкершілікке 

тартатыны  бас құжатта бұрыннан  бар 

дүние.  Ата  заңымызда  аталмыш  

заң  бұзушылықтың  жазасы 

тайға  таңба  басқандай 

етіп  көрсетілген.  Сонда 

сөз  бостандығы  деп, 

ойыңа  келгенін  жаза 

беруге  жол  берілсе, 

мұның 

қандай 


бостандық  пен  теңдік  шеңберінде  

болғаны?  Сондықтан      əлеуметтік 

желілерге  «əй  дейтін  əже,  қой 

дейтін  қожа»  болғаны      дұрыс 

болар.  Əйтпесе,  теңдігіміздің  өзіне 

қауіп  төнуі  мүмкін.  Олай  дейтініміз, 

еліміздегі  интернет  парақшаларының  

барлығы – шетелдік өнім. «Facebook» 

пен «Twitter»  америкалық  желі 

болса, «Mail.ru», «ВКонтакте» 

сынды  желілердің  қожайындары – 

ресейліктер.  Ал,  көршілес  елдердің 

ел  ішіне  əдейі  іріткі  салған  қаншама 

материалдары  желі  ішінде    өріп    жүр 

десеңізші.  Мұндай  ақпаратты    кез 

келген  интернет  пайдаланушы  күніне 

бір  мəрте  кезіктіретінін  жоққа  шығара 

алмас.   Демек,  Қазақстанға  сыртқы 

күштердің  арандатуынан  қауіптенуі 

дұрыс,  заңдылық деп білу қажет.

Иə,  бұл  мəселені  біз  осылай 

таразыладық.  Ал,  бізбен  келісу  əлде  

келіспеу өз еркіңіз. Дегенмен, аталмыш 

мəселені сан қырынан бағамдау  үшін 

еліміздің блогерлері  мен интернет үн 

парақшаларының  белсенді өкілдерінің 



де пікірін білген едік. 

Өркен  КЕНЖЕБЕК, «Жақсы.кz» 

порталының редакторы:

–  Ресей  мемлекеті  осы  жазда 

3000  оқырманы  бар  блогерлердің 

дəрежесін 

журналистермен 

теңестіргелі  отыр.  Олар  осылайша 

блогерлердің 

түрлі 

ақпарат 

таратуына  шектеу  қойып,  этика 

мен  тəртіпке  шақырмақ.  Көршілес 

мемлекет  бұл  шешім  арқылы  «екі 

жеп  биге  шығуды»  көздеуде.  Яғни, 

блогерлерді  қадағаға  ала  отырып, 

əлеуметтік  желілерді  де  жұмса 

жұдырығында, 

ашса 

алақанында  

ұстап 

отырмақшы. 

Сондықтан 

біздің елде де əлеуметтік желілердің 

бақылауға 

алынатынын 

дұрыс 

шешім  деп  білемін.  Егер  билік  бір-екі 

бейберекетсіздіктің  жолын  кессе,  

қалғандары да сабырға келетіні анық. 

Ал, 

тұтастай 

əлеуметтік 

желілерді  жауып тастау мүмкін емес. 

Тек олардың ішіндегі жалған ақпарат 

таратушылар  мен  ел  ішіне  іріткі 

салғандарды  қатаң  жазалау  қажет 

деп ойлаймын. 

Ардақ 

ҚҰЛТАЙ, «Massaget.kz» 

порталының шығарушы редакторы: 

–  Жалпы  əлеуметтік  желілердің 

барлығы 

бейберекет 

сөздерге 

толып  кеткені  жасырын  емес.  Негізі 

интернет  пайдаланушылар  біреуге 

ғайбат  сөз  айтқаннан  гөрі  флуд, 

флейм,  троллинг,  спам,  оффтоп, 

оверквотинг,  кроосспостинг,  холивер 

сынды  терминдерді  пайдаланса  да 

жеткілікті.  Бұл  сөздердің  мағынасы 

адамға  сыпайы  түрде  əзіл  жеткізу 

немесе  өз  келіспеушілігіңді  білдіру 

үшін  қолданылады.  Осының  өзі  жазу 

этикасын 

қалыптастырары 

анық. 

Ал,  əлеуметтік  желіде  нақты  біреуге 

бағытталған    ғайбат  сөз  болса  оны 

кез  келген  адам  сот  арқылы  шешуге 

құқылы.  Осы  қырынан  ғана  жаңа  заң 

жобасын қолдауға болады.  Алайда, заң 

шығарып барлық блогерлерге қырғидай 

тию  құп көретін нəрсе емес. 

Абай ОТАР, блогер:

–  Ғаламторда  жазған  пікіріңе 

айыппұл  салу  ақылға  қонымды  нəрсе 

емес.  Өйткені  əлеуметтік  желі – 

еркіндік əлемі. Мұнда кез келген индивид 

өзінің  жеке  пікірімен  бөлісуге  құқылы. 

Сөз еркіндігі жайында Ата заңымыздың 

20-бабында 

айқын 

көрсетілген. 

Сондықтан 

бұл 

заң 

шеңберінен 

аттауға болмайды.

Оған  қоса,  жаңа  заңды  жеке 

тұлғалар  өз  мүддесіне  пайдаланып 

кетуі мүмкін. Ал, бұның арты көптеген 

келеңсіздіктерге  апарады.  Тағы  бір 

айта  кетерлігі,  күніне  мыңдаған 

статустар  жаңартылып,  жүздеген 

жазбалар  жарық  көреді.  Мұның  бəрін 

бақылап  отыру  мүмкін  емес.  Бəлкім, 

«террорист,  бомба»  секілді  сөздерді 

қадағалауға  болатын  шығар.  Алайда, 

ғаламторды  толық  бақылауға  алу 

қиынның  қиыны.  Егер  Парламент 

расында  интернеттегі  тазалыққа 

назар  аударғысы  келсе,  терроризмді, 

басқа дінді насихаттайтын сайттарға 

тыйым  салсын.  Бейəдеп  видеолар 

ұсынатын 

бірнеше 

қазақстандық 

сайттарды,  жеңіл  жүрісті  қыздардың, 

жігіттердің интернет парақшаларына 

бұғат  салсын.  Əйтпесе,  əлеуметтік 

желіні аңдимыз дегені бос əурешілік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет