Болды. Олардың есімі ұрпақ жадына сіңіп, ерлігі өнеге болып өрілді



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата01.02.2017
өлшемі23,87 Mb.
#3216
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ

Игі іс


ШАҺАР БАСШЫСЫ АУЫЗАШАР БЕРДІ

Сауабы  мың  айдан  артық  қасиетті  Рамазан  айында    игі  іс,  жақсы  амалдар  жасау – өте  ізгі 

жұмыс. Жылына бір келетін Ұлық айдың ерекшелігі толассыз жақсылыққа ұмтылу, Жаратушының 

ризашылығына бөлену болмақ.

Тараз 


қаласындағы 

«Бақ 


сарайы» 

мейрамханасында 

Тараз 

қаласының 



əкімі 

Нұржан  Календеров    ораза  ұстаған  көпшілікке 

арнап,  ауызашар  дастарханын  жайды.  Бұл  іс-

шара  ҚМДБ-ның  облысымыздағы  өкілі  Данияр 

Жұмабаевтың  мақам  созып,  Құран  оқуымен 

басталды.  Тараз  шаһарының  басшысы  Нұржан 

Сəбитұлы келесі сəтте жамағатты қасиетті Рамазан 

айымен  құттықтап,  ауыз  бекіткен  кісілерге  қабыл 

болсын  айтты.  Облысымыздың  бас  имамы  Данияр 

Əлимұхаммедұлы 

мен 

қалалық 


«Əулиеата» 

мешітінің  бас  имамы  Ахметжан  Керімбек  айтқан 

шариғи  насихаттар  көпшілік  көңілін  нұрландырып, 

жүректеріне  жетіп  жатты.  Облыстық  ардагерлер 

кеңесінің  төрағасы    Тілеуқабыл  Төребеков  пен 

дінтанушы  Нұғман  Тұрлыбеков  те  көпшілікті  ізгі 

амалдарға, жақсылық жасауға ұмтылуға шақырды. 

Басқосу  соңында  ақсақалдар  ақ  дастарханға 

баталарын  беріп,  жұрт  бір-біріне  деген  игі 

тілектерімен  тарқасты.  Мұндай  шараның  талайға 

тағылымдық мəні үлкен екені анық. 

Есет  ДОСАЛЫ

Облыс әкімдігінде 



Апта  басында  облыс  əкімдігінің  мəжіліс  залында  облыс  əкімінің  бірінші  орынбасары 

Бекболат  Орынбековтің  төрағалық  етуімен  аппарат  жиыны  өтті.  Жиынға  селекторлық 

режимде аудан əкімдері мен облыс əкімдігінің басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.  

Талғат НҰРХАНОВ

Дөңгелек үстел

«Əн қанатында» кеші шақырады

29  шілде  күні  Тараз  қаласындағы  облыстық  қазақ  драма  театрында  «Əн  қанатында»  атты  концерт  өтеді. 

29  шілде  күні  Тараз  қаласындағы  облыстық  қазақ  драма  театрында  «Əн  қанатында»  атты  концерт  өтеді. 

Концертке «МузАрт» ансамблі, Жұбаныш Жексенұлы, «Нұр Мұқасан» дуэті, Мелс Сағатұлы, «Өнер қырандары», 

Концертке «МузАрт» ансамблі, Жұбаныш Жексенұлы, «Нұр Мұқасан» дуэті, Мелс Сағатұлы, «Өнер қырандары», 

«Арай» тобы, Ғаділбек Жанай жəне өзге де эстрада жұлдыздары қатысады. 

«Арай» тобы, Ғаділбек Жанай жəне өзге де эстрада жұлдыздары қатысады. 

Анықтама үшін 8707 1094969 нөміріне хабарласуға болады.  

Анықтама үшін 8707 1094969 нөміріне хабарласуға болады.  

МЫҢ АЙДАН ДА ҚАЙЫРЛЫ ҚАДІР ТҮНІ

1-бетте

Алласына  иман  келтіргендер  мешіт  маңына 



жиналып,  уағыз-насихат  тыңдайды.  Сондықтан 

мүміндер  Рамазан  айын  ерекше  ықыласпен  күтеді, 

Қадір түнінің кереметіне шын пейілмен тамсанады. 

Кеше  облыстық  орталық  «Һибатулла  Тарази» 

мешітінде  қасиетті  Қадір  түні  кеші  өтті.  Жиналған 

жамағат Құптан жəне Тарауих намазын оқып, Аллаға 

дұға  қылды.  Мешіттің  бас  имамы  Данияр  қары 

Жұмабаев Қадір түнінің құрметіне жиналған көпшілікке 

уағыз-насихат  айтты.  Бұдан  кейін  облыс  əкімінің 

бірінші  орынбасары  Бекболат  Орынбеков  орталық 

«Һибатулла  Тарази»  мешітіне  арнайы  келіп,  облыс 

жұртшылығын  қасиетті  Қадір  түнімен  құттықтады. 

Халықтың  амандығына,  елдің  бірлігіне  тілектестігін 

білдірді.  Өз  кезегінде  мешітте  Құран  оқылып,  еркін 

құлшылық жасалды. 

Аллаға серік қосу жəне балгерлікпен айналысу – 

үлкен күнə. Сондай-ақ, зина жасау мен ішімдік ішудің 

зардабы адам баласына аз кесірін тигізіп жатқан жоқ. 

Оның зардабы – ең үлкен зардап. Осындай тақырыпта 

қасиетті  Қадір  түні  уағыз-насихат  айтылды.  Əсіресе, 

мешітке көптеп жиналған жастар үшін бұл насихаттың 

маңызы  зор.  Адамды  күнəлі  істен  арашалап  қалуда 

уағыз-насихаттың  тигізер  пайдасы  орасан.  Бұдан 

кейін  Данияр  қары  Жұмабаев  Қадір  түні  дұғасын 

оқыды, көпшілікке сəресі тамағы берілді.

МҮМКІНДІКТЕН ШЕТ ҚАЛМА, 

ЖАС ТҮЛЕК!

1-бетте


–  Біздің    колледжде  мамандық  біреу, 

біліктілік  үшеу.  Оңтүстік  облыстардан 

75  бала  тартуды  жоспарлап  отырмыз. 

Колледжіміздің 68 жылдық    тарихы  бар. 

Жалпы  геодезия  мамандығында  оқитын 

жергілікті  ұлт  өкілдері  өте  аз.  Қазақ  

балалары шетінен прокурор, сот, бухгалтер 

болғылары  келеді.  Əйтпесе,  геодезия 

мамандығы    қоғамға  өте  қажетті  жəне 

жалақысы да жоғары мамандық. Сондықтан, 

біздің  салаға  қызығушылық  танытатындар 

аз болмайды деп ойлаймын.



«Серпін» бағдарламасы бойынша солтүстік жəне шығыс облыстардан 

келген  комиссияларға  құжат  тапсырушылар  сəт  сайын  көбейіп  жатыр. 

Бұл орайда аталған облыстардағы 7  жоғары оқу орындарына 1050 грант, 

колледждердегі 35 мамандық бойынша 1000 грант бөлінуде. Бұл жастарға 

үлкен қолдау. Ендеше, мүмкіндіктен шет қалма, жамбылдық жас түлек!

Түймеш МАЛБАҒАРҚЫЗЫ, М.Өтемісов 

атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік 

университетінің проректоры:

–  Бұл  өте 

пайдалы  жоба. 

Сөзсіз 


 

оң 


нəтижесі болады. Мысалы, біз тарихи Жамбыл 

жерінің  жүздеген  арманшыл  жастарын  өз 

аймағымызға оқуға алып бара жатырмыз. Олар 

біздің  аймаққа  үлкен  леп  береді.  Осылайша, 

«Мəңгілік ел  жастары – индустрияға» жобасы 

бойынша  еліміздегі  индустрияның  дамуына  

өзіндік үлесімізді қосамыз. 

Ермекбай СЕРІКБАЕВ, М.Д.Дулати 

атындағы ТарМУ-дың «Қазақстан 

тарихы» кафедрасының меңгерушісі:

– Солтүстік  аймаққа оңтүстік облыстардан студенттердің 

жаппай тартылуы өте дұрыс жоба. Мұның геосаяси жағынан 

да  маңызы  бар.  Себебі,  елімізде    өндірісті  дамытуға 

мамандар    жетіспейді.  Бұл  жастар  солтүстік  жəне  шығыс 

аймақтардан  терең білім алып, өндіріс пен индустрия салаларына мықты маман  болып 

барады. Ұлы  Абай айтқандай, өмірге кірпіш  болып қаланады деп ойлаймын. Сондықтан, 

бұл жобаның екіжақты пайдасы өте көп. Түлектерімізге сəттілік тілеймін!



Махаббат ОМАРОВА, Семей геодезия жəне картография колледжі 

директорының орынбасары:

Құлаққағыс



3

24 шілде,

№30 (458)

– Əрбір білім ордасының өзіне тəн ерекшеліктері, 

өзіндік бет-бейнесі болады. Ол жоғары оқу ордасының 

жалпы  бағытынан  ғана  емес,  символикасынан, 

логотипінің  сыр-сипатынан,  оған  сыйғызылған 

мазмұнынан да аңғарылуы мүмкін. Мұны айтып отырған 

себебім,  жақында  университеттеріңіздің  логотипін 

өзгертіпсіздер.  Қандай  мақсаттан  туындады  өзгеріс?

–  Дұрыс  байқағансыз.  Жалпы,  əрбір  жоғары  оқу 

орнының білім мен тəрбие берудегі, мамандар даярлаудағы 

өзіне 


тəн 

бағыт-бағдары, 

ерекшеліктері 

болады.  

Талапкерлер  оқу  орнын  таңдағанда  соның  бəрін  ескеріп 

отырады. Жыл сайын жаңа өзгерістер, талпыныстар болып 

жатады.  Біз  əлемнің  əр  түрлі  елдеріндегі,  өз  еліміздегі  

ЖОО-мен қарым-қатынас жасау арқылы көп нəрсе үйреніп 

келеміз.  Керегін,  пайдалысын  оқу  процесіне  енгізудеміз. 

Шын мəнінде логотиптің өзі көп нəрсені аңғартады деп 

ойлаймын.  Ол  қарапайым  болумен  қатар  оқу  орнының 

мақсат-мүддесін, болашағын меңзеп тұруы тиіс. Сондықтан 

бұрынғы  мазмұны  күрделілеу  эмблемамызды  өзгертіп, 

оны барынша түсінікті, қарапайым етіп жасауға тырыстық. 

Біз  өзіміз  көрген  көптеген  шетел  ЖОО-ның  тəжірибесін 

сын  тұрғысынан  қарап  əрі  ұлттық  сипатымызды  ескере 

отырып, жаңа логотип жасадық. Университеттің қысқарған 

атауы  қазақ  жəне  орыс  тілдерінде  түсінікті.  Сондықтан 

ТИГУ –төрт əріп күйінде логотипке енді. Əріптер арасынан 

тұлпардың  бейнесі  көрінеді.  Ол  біріншіден,  білім 

жарысын,  жүйріктер  аламанын  елестетеді,  екіншіден, 

болашаққа  деген  батыл  қадамымызды  бейнелейді, 

үшіншіден,  қай  елге  барсақ  та  осы  логотиптің  өзінен 

қазақтың  оқу  ордасы  екенін  аңғару  қиын  болмайды. 



– 

Қазіргі 

кезде 

академиялық 

ұтқырлық 

деген  мəселе  алға  шығып  тұр.  Жоғары  оқу 

орындары  туралы  сөз  болғанда  жиі  айтылып 

жүрген  осы  бір  терминді  қалай  түсінуге  болады? 

– Академиялық  ұтқырлық – бұл Болон Декларациясының 

негізгі қағидаларының бірі. Оның мақсаты – халықаралық 

білім кеңістігіне ену, халықаралық білім беру ресурстарын 

пайдалануға  жол  ашу.  Ішкі  жəне  сыртқы  байланыстарды 

жолға қою министрлік талабы ғана емес, өмірдің өзі алға 

ұсынып  отырған  міндет.  Оқу  сапасын  арттыруды,  сол 

арқылы  білімді  мамандарды  даярлауды  ойлаған  əрбір 

оқу  орны  мұндай  байланыстарды  жандандырмай  жəне 

тəжірибе  алмасуларды  жүзеге  асырмай  отыра  алмайды. 

Біз  де  бұған  барынша  мəн  берудеміз.  Ол  неден  көрінеді 

десек,  оқытушылар  жəне  студент  алмасу  жүріп  жатыр, 

өзара  тəжірибе  бөлісу,  ғылыми  конференцияларға  жəне 

басқа  да  шараларға  шақырысу,  бір-біріміздің  ғылыми 

журналдарға  келісіп  мақала  жариялау,  бірлескен 

орталықтар  құру    тəрізді  іс-шараларды  айтамыз.  Мен 

құрғақ  сөзден  нақты  цифрларға  көшейін.  Біздің  ТИГУ 

бүгінгі күні əлемнің əр еліндегі 35 университетпен тікелей 

байланыс  жасап  отыр.  Атап  айтқанда,  Румынияның 

Архитектура  жəне  дизайн    Университеті,  Оңтүстік 

Кореяның  интернационалдық    мəдениет  жəне  басқару 

институты,  Қытайдың  Санжы,  Солтүстік-Шығыс  Жібек 

жолы оқыту Университеттері, Чехияның Орталық Бохемия 

Университеті, Польшаның Быдгош қаласында орналасқан 

Куямо-Поморск Университеті, тағы басқа көптеген жоғары 

оқу орындарымен келісім-шарттар жасалған. ТМД елдерінің 

көптеген    жоғары  оқу  орындарымен  де  байланыстар 

орнатылған.  Оқу жылының соңына қарай ұйымдастырған 

түркология  жөніндегі  халықаралық  конференциямызға 

15  елден 20-дан  астам  шетелдік  ғалым  келді.  Оңтүстік 

Кореяның  интернационалдық  оқыту  университетімен 

жасалған  келісім  бойынша 2 корей  оқытушысы  біздің 

университет  студенттеріне  корей  тілін  үйретуде.

Дегенмен,  бұл  жұмыстарды    жүзеге  асыруда 

қиындықтар  да  бар.  Мысалы,  шетелге  студенттер  мен 

оқытушыларды  негізінен  өз  қаражатымыз  есебінен 

жолдап  келеміз.  Бұл  оңай  емес.  Əрине,  бірқатар 

əріптестеріміз  тегін  гранттар  беруде.  Мысалы,  Қытайдың 

Іле педагогикалық Университетінде 30-ға жуық студентіміз 

сол  университеттің  ұсынған  гранттарының  негізінде  білім 

алуда.  Германиядағы  əріптесіміз  Дрезден  техникалық 

университетінде химия мамандығын игеріп жүрген Дамир 

Исақов  атты  студентіміз,  ал  Латвияның  Информациялық 

жүйелер менеджменті Жоғары Мектебінде есеп жəне аудит 

мамандығының студенті Сабина Габдраупова білімін ұштап 

қайтты.  Сеул  қаласында  орналасқан  Оңтүстік  Кореяның 

интернационалдық  оқыту  университетінде  Н.  Жантай 

есімді  студентіміз  білім  алуда.  Сол  сияқты  Түркияның 

Гази  университеті  қыркүйектен  бастап  бір  топ  студентке 

тегін  оқуға  мүмкіндік  жасағалы  отыр.  Алайда,  Білім  жəне 

ғылым министрлігі тарапынан бұл бағытты ұйымдастыруға 

бөлінетін қаржылай көмектер жеке меншік оқу орындарына 

берілмей отыр. Мұның орынсыз əрі əділетсіз екенін бірнеше 

басқосуда  айттық  та.  Түптеп  келгенде  біз  де  мемлекеттік 

жоғары  оқу  орындары  сияқты  əлемнің  іргелі  ЖОО-мен 

нақты  байланыс  жасап  отырмыз.  Біз  даярлап  жатқан 

мамандар да туған еліне қызмет етеді. Ендеше, осы арада 

жеке меншік, мемлекеттік деп бөлу дұрыс емес. Дегенмен, 

жаңа  министріміздің  жеке  меншік  оқу  орындарына 

ерекше  көңіл  бөлуі  кеудеге  үміт  отын  ұялатады.  Бəлкім, 

бұл  мəселе  жақын  арада  оң  шешімін  тауып  қалар. 

–  Малайзияға  іссапармен  барғандарыңыз  туралы 

бұқаралық ақпарат құралдарынан көзіміз шалғаны бар 

еді. Бұл елге сапарларыңыз қандай мақсатта жасалды?

–  Ол  рас,  осы  жылдың  ақпан  айында  Малайзияға 

университет  ректоры  Ерболат  Саурықов  бастаған 

делегация  арнайы  барып  қайттық.  Жалпы  Малайзияның 

тəжірибесін зерделеу қажеттігі туралы Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаев  та  жиі  айтып  жүр  ғой.  Əсіресе,  сыбайлас 

жемқорлыққа 

қарсы 


күрес, 

мемлекеттік 

басқару 

мəселелерінде  бұл  елден  үйренетініміз  көп.  Ал  негізі 

бізді  бұл  елдің  жоғары  білім  саласы  қызықтырды. 

Осыған  байланысты  келіссөздер  жүргізіп,  Малайзияның 

Лимкоквинг  креативтік  технологиялар  Университетіне 

барып,  əріптестік  туралы  шартқа  қол  қойып  қайттық.  Бір 

қызығы, бұл университетке ат басын бұрған қазақстандық 

екінші  делегация  екенбіз.  Алғаш  бұл  Университет 

тыныс-тіршілігімен  бұрынғы  еліміздің  Білім  жəне  ғылым 

министрі  Бақытжан    Жұмағұлов  барып  танысқан  екен. 

Университет 1991 жылы  құрылған,  бірнеше  елдерде 

кампустары бар Малайзияның белді университеті екен. Біздің 

қазақстандық 300 студент  білім  алуда.  Біз  инновациялық 

университет  құруға  бет  алғандықтан  «креативтік 

технологиялар»  университетімен  танысу  біздің  ерекше 

қызығушылығымызды  тудырды.  Біраз  ой  түйіп  қайттық. 

Тəжірибе алмастық. Өте пайдалы əрі сəтті іссапар болды. 

Қазір  əріптестігіміз  іс  жүзінде  жүзеге  аса  бастады. 

Жаздық  демалыс  кезінде  бұл  Университетке  озат, 

белсенді 5 студентімізді  жолдадық.  Олар  қазір  тіл 

курстарында  білімдерін  ұштауда.  Елге  оралған  соң 

бұл  студенттерді  ұзақ  мерзімге  осы  университетке 

жолдау 

мүмкіндігі 



қарастырылатын 

болады.  



–  Сыртқы  байланыстарыңыз  көңіл  қуантарлық. 

Ал 

қазақстандық 

жоғары 

оқу 

орындарымен 

байланыстарыңыз қандай деңгейде?

–  Отандық  ЖОО-мен  де  байланыс  жасауды 

естен  шығарған  емеспіз.  Бұл  жұмысты  үш  бағытта 

ұйымдастырудамыз,  ол    –  бірінші  кезекте,  Ұлттық 

университеттермен 

қарым-қатынас 

жасау, 

екінші 


мемлекеттік  оқу  ордаларымен,  үшінші  мемлекеттік  емес 

оқу  орындарымен  əріптестік  қарым-қатынасты  өрістету. 

Биыл  мысалға,  Қазақ  Ұлттық  педагогикалық  жəне  Қазақ 

ұлттық 


аграрлық 

Университеттерімен 

келісім-шарт 

жасастық.  Солтүстік  Қазақстан  мемлекеттік  университеті 

сияқты  бірқатар  жоғары  оқу  орындарымен  де  келісім 

бар.  Жеке  меншік  ЖОО-ға  келсек,  Алматы  Университеті, 

Абай  Мырзахметов  атындағы  Көкшетау  университетін 

айтуға болады. Бас-аяғы 25 отандық ЖОО-мен байланыс 

орнатылған.  Ел  іші  болған  соң  бұл  оқу  орындарымен  іс 

жүзінде  əрекеттесуіміз  қарқынды.  Мысалы,  біз  Таскөл 

су  айдынын  ұзақ  мерзімге  ғылыми  зерттеулер  жасау, 

студенттер  практикасын  ұйымдастыру  үшін  жалға 

алғанбыз. Осы су айдынында бірлескен жұмыстар жүргізуге 

біраз  əріптесіміз  ниет  білдіруде.  Қыркүйекте  Байзақ 

ауданының  Көктал  ауылында  агробиологиялық  үлкен 

станциямыз  іске  қосылады.  Бұл  станцияны  болашақта 

ғылыми-зерттеу  институтының  деңгейіне  көтеріп,  қызмет 

ауқымын  ұлғайтпақпыз.  Қазір  станция  аумағында 100 

шаршы  метрді    құрайтын  жылыжай  құрылысы  аяқталды. 

Бұл  құрылым  бірқатар  əріптестерімізді  қызықтырып, 

бірлескен жұмыстар жүргізу туралы ұсыныстар түсіп жатыр.   

–  Бүгінде  жоғары  оқу  орындарына  студент 

қабылдау науқаны жүріп жатыр. Жас түлектер алдында 

қай білім ордасын таңдаймыз деген сауал тұр. Кейбір 

баспасөз  беттерінде    «ЖГТУ  лицензиясы  алынды, 

ТарТИ,  ТИГУ  лицензиясы  тоқтатылды»  деген  ақпарат 

таратылуда. Заңгер ретінде, əрі ТИГУ басшылығының 

өкілі ретінде осы жайттарға түсініктеме беріп кетсеңіз...

–  Көршілес  білім  ордалары  туралы  аз  айтылып,  аз  

жазылған  жоқ.  Білім  министрлігінің  басшылығы  арнайы 

жиналыстар,  баспасөз  жиындарын  өткізді.  Ол  мəселеге 

қайтып  оралудың  қажеті  жоқ  деп  ойлаймын.  Сол  оқу 

орындарының  басшылығы  түсіндіріп  беріп  жатар...

Өзім  қызмет  етіп  жатқан  жоғары  оқу  орынға  қатысты 

түсінік  берейін.  Жалпы  заң  айналымда  лицензия 

күшіне  байланысты  екі  құқықтық  термин  қолданылады. 

Бірі – «тоқтату»,  екіншісі  «тоқтата  тұру».  Орысша 

баламасы 

«прекращено» 

жəне 

«приостановлено». 



Біздің  жағдайымызда  ТИГУ  лицензиясын  тоқтата 

тұру  туралы  шешім  қабылданған.  Бұл  шешім  білім 

беру  қызметін  жалғастыруға  еш  кедергі  келтірмейді. 

ТИГУ  -ді  сəуір  айында  профильдік  министрлік 

тарапынан  тексеру  жүргізілген.  Нəтижесінде,  белгілі 

бір  кемшіліктер  анықталып,  оны  жоюға  алты  ай  мерзім 

берілді.  Осы  кемшілік  жойылғанға  дейін  лицензия  күшін 

тоқтата  тұру  процедурасы  қолданылған.  Алайда,  біз  бұл 

кемшіліктерді  толық  жойғанымыз  туралы  Министрлікке 

мамыр  айында  мəлімдеп,  тиісті  хат  жолдадық.  Егер 

кемшілік  жойылмаса,  Министрлік  қосымша  тексеру 

жүргізу  қорытындысы  бойынша  тиісті  хаттама  толтырып, 

лицензияның  күшін  тоқтату  туралы  сотқа  жүгінеді.  Сот 

шешімі  негізінде  ғана,  қарапайым  тілмен  айтқанда, 

лицензия  «алынады».  Біздің  жағдайымызда  барлығы 

керісінше. Демек, лицензия күшін тоқтата тұру – ол қызметті 

лицензиялық  талаптарға  сəйкестендіруге  берілетін 

мерзімде қолданылатын шара. Сондықтан, жас түлектерге 

алаңдауға  еш  себеп  жоқ.  Тіпті,  мемлекеттік  жоғары  оқу 

орындарының қызметін де тоқтата тұру туралы шешімдер 

қабылданып  жатады  ғой.  Біздің  университет  қызметін 

жалғастыруда. Қабылдау комиссиясы жұмысын атқаруда. 

Турасында, ТИГУ болашаққа нық сеніммен қадам жасауда. 

– Қазіргі таңда оқу орындары өз қазанында қайнап 

қана қоймай, ішкі, сыртқы байланысын күшейтіп келеді. 

Бұл өте орынды. Мұның өзі бəсекелестік өріс алған кезде 

айрықша маңызды болатыны анық. Ал, өз ортамызға, 

қоғамға,  жұртшылыққа  танылу,  танысу  бағыты  да 

назардан тыс қалмайтын шығар. Осы орайда атқарған 

істеріңіз  бен  алдағы  ой-жоспарларыңыз  қандай?

–  Ең  əуелі  айтарым,  əлі  де  құрылғанына  бес-ақ  жыл 

болған  университетті  облысқа  ғана  емес,  республикаға, 

шет елдерге таныту үшін көп жұмыс атқаруға тура келеді. 

Біздің  жергілікті  билік  органдарымен,  министрлікпен, 

өңірдегі  жоғары  оқу  орындарымен,  білім  саласымен, 

үкіметтік  емес  ұйымдармен  байланысымыз  ойдағыдай 

деуге болады. Алайда, алда атқарар шаруа шаш етектен. 

Нақты  жоспарларымыз  жөнінде  айтатын  болсақ,  медиа-

орталық  ашу  жұмысын  қолға  алдық.  Қазірдің  өзінде 

«Жастар  айдыны»  атты  студенттік  газетіміз  бар.  Газет 

келер жылы ауқымын кеңейтіп, сапалы қағазбен шығатын 

университетаралық журналға айналуы тиіс. Университеттің 

жаңа  сайты  үш  тілде  жұмыс  істеп  тұр.  Сайттың  ресми 

таныстырылымы қыркүйекте ұйымдастырылады. Бірқатар 

əлеуметтік желілерде, «В контакте», «Мой мир» «Твитер» 

мен  «Фейсбукте»  парақшаларымызды  аштық. «Youtube»-

те  өз  каналымыз  жұмыс  істеуде.  Олардағы  оқырмандар, 

жазылушылар саны үздіксіз өсіп келеді. Ендігі жоспарымыз 

университет ішінен радио желісі жəне телестудия ашу болып 

отыр.  Олардың  мақсаты  университет  жаңалықтарын  өз 

ұжымымызға ғана емес, түрлі деңгейдегі БАҚ-тарға дайын 

күйде  жеткізу.  Бұл  телестудияда  филология  мамандығы 

студенттерінің  тəжірибелік  дəрістері  ұйымдастырылады. 

Басқа  мамандықта  оқып  жатқан,  бірақ  журналист  болуды 

армандайтын  студенттер  де  телестудия  жұмысына 

қатыса  алады.  Телестудияда  дайындалған  сюжеттер 

Университет ішіндегі мониторлардан көрсетілетін болады.

Сонымен бірге, салынып жатқан жаңа 5 қабатты корпус 

құрылысы  аяқталған  кезде  онда  баспасөз  орталығы  да 

жұмыс істейтін болады. Университеттің жаңа ғимараты 2015 

жылдың  сəуірінде  іске  қосылады.  Баспасөз  орталығының 

залын басқа да қажет еткен ұйымдарға, мекемелерге жалға 

беруіміз  мүмкін.  Бұл  орталық  соңғы  үлгідегі  техникалық 

құрал-жабдықтармен  жарақтандырылады.  Аталған  іс-

шараларды жүзеге асыру үшін біз қызметке кəсіби шеберлігі, 

тəжірибесі  мол  журналистерді  тартатынымыз  даусыз. 

Осы іспеттес білім жəне ғылым, тəрбие, халықаралық 

байланыстар,  инфрақұрылымды  дамыту  бағыттарында 

жоспарларымыз өте көп. Бұл университет қабырғасындағы 

оң  өзгеріс,  жағымды  жаңалықтар  сіздердің  газеттеріңіз 

арқылы  жұртшылыққа  мəлім  болады  деген  сеніміміз  зор.



– Əңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан Дəулет ТӨЛЕНДІ. 

Думан МƏУЛЕНОВ, Тараз инновациялық-

гуманитарлық Университетінің 

халықаралық қарым-қатынас жəне 

қоғаммен байланыс жөніндегі проректоры, 

заң ғылымдарының кандидаты 

ЖАНАРТАУ

Жастар және Болашақ



«ТИГУ  ƏЛЕМНІҢ БЕЛДІ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ 

СЕНІМДІ ƏРІПТЕСІ БОЛУҒА ҰМТЫЛА БЕРЕДІ»

Аталмыш  стратегиялық  құжат  мемлекеттік 

қызметтің барлық саласын қамти отырып, Тəуелсіз 

Қазақстанның  дамуы  мен  өркендеуі  жолында 

əрбір  қазақстандықтың,  əрбір  отбасының, 

əрбір жастың жəне келешек ұрпақтың мүддесін 

қорғап  қолдайтын  нақты  жолдарды  ұсынды. 

Бұл  жолдағы  негізгі  бағдарымыз – «Қазақстан 

– 2050» Стратегиясын орындаудың бес жылдық 

кезеңді  қамтитын  маңызды  міндеттерін  атап 

көрсетті.  Əр  кезең  сайын  экономиканың  жаңа 

белестерін  бағындыру  əрбір  бес  жылдықтың 

нақты  нəтижесі  болып  табылады.  Əсіресе, 

индустриялдық-инновациялық  даму,  шағын 

жəне  орта  бизнесті  дамыту,  агроөнеркəсіптік 

кешен,  білім  мен  ғылым  салалары  осы 

Жолдаудың  ең  салмақты  тұстары  екені  сөзсіз. 

Елбасының осынау Жолдауы жастарымызға 

да  үлкен  аманат  жүктеп,  ауыр  жүк  арқалатып 

отыр.  Себебі,  елімізбен  бірге  жаңа  белестерді 

бағындыратын,  Қазақстанды  дамыған 30 

мемлекеттің  қатарына  енуі  жолында  бүгінгі 

аға  буынмен  бірлесе,  талмай  еңбек  ететін, 

ол  əрине – жастар.  Сондықтан  да  болар, 

Елбасы  өзінің  əрбір  Жолдауында  жастар 

тақырыбынан  теріс  айналып  өткен  емес.

Осы орайда атап өту керек, жастарымыз да 

өз тараптарынан жоғары жауапкершілікті сезіне 

отырып, батыл қадамдарға бастау алып, бабалар 

ізін, даналар сөзін, Елбасының ісін жалғастыруда. 

Расында  да,  тамыры  тереңде  жатқан 

тəуелсіздіктің 

арқасында 

жастарымыз 

қазіргі  тыныш  та  бейбіт  заманда,  алаңсыз 

өмір  кешуде.  Тіпті,  жастарымызды  өз 

қамқорлығына  алған  мемлекетіміз  олардың 

сапалы білім мен саналы тəлім-тəрбие алуына, 

жарқын  болашаққа  қажетті  мамандықтарды 

игеруіне,  өз  арман-мақсаттарының  жүзеге 

асырулары  үшін  бар  мүмкіндіктер  жасауда.

Биылғы  жылғы  жолдауында  да  Нұрсұлтан 

Əбішұлы білім жəне денсаулық сақтау саласына 

айрықша  көңіл  бөлді.  ХХІ  ғасырдағы  дамыған 

ел:  белсенді,  білімді  жəне  денсаулығы  мықты 

азаматтардан  құралатындығы  даусыз.  Ол 

үшін  бірегей  сапалы  білім  беру  жүйесі  мен 

денсаулық 

сақтау 

саласының 



жұмысын 

жақсарту  қажет  екендігін  баса  назарда  ұстады. 

Осы  бастаманы  тиімді  іске  асыру  мақсатында 

еліміздегі  жоғары  оқу  орындары  жанынан 

заман  талабына  сай  құрал-жабдықтармен 

қамтылған 

ғылыми-зерттеу 

орталықтары 

ашылуда.  Бұл  дегеніміз,  жас  ғалымдарға  жаңа 

жұмыс орындары ашылып, ғылымға ден қойған 

студенттерге  жұмыс  жүргізу  жеңілдейді.  Жаңа 

мүмкіндіктер  мен  жаңашыл  жобалар  жəне 

жаңадан  ойлап  табылатын  дүниелер  негізінде 

қыруар  шаруа  қолға  алынады  деген  сөз. 

Келесі  кезекте,  Елбасы  көтерген  өзекті 

мəселелердің  бірі,  ол – ауыл  шаруашылығын 

инновациялық  тұрғыдан,  заман  талабына 

сай  етіп  дамыту,  жетілдіру.  Бұл  саланы 

да  дамытып,  жандандыру  ісі  жастарға 

жүктелініп  отыр.  Олай  деуіміздің  себебі, 

бүгінде  ветеринария  саласы  бойынша  білім 

алған  облыс  жастарын  ауылдық  жерлерде 

тұрақтандыру 

мақсатында 

«Дипломмен 

ауылға»  жобасы  аясында  арнайы  қаражаттар 

бөлініп,  олардың  ауылшарушылығы  саласын 

дамытуға  үлес  қосуларына  зор  мүмкіндіктер 

жасалуда. Сондай-ақ жалпы ауыл шарушалығы 

мамандықтарының  танымалдылығын  арттыру 

мақсатында  өңірлік  əкімдіктер  тарапынан 

арнайы  нысаналы  гранттар  да  бөлінуде. 

Осы  жоба  аясында  қазіргі  таңда  облыс 

бойынша  жеткен  жетістіктеріміз  мол.  Мысалы 

айтар  болсақ,  ветеринария  мамандығының 

иелері  ауылда  жұмысқа  орналасып,  көтерме 

жəрдемақы  мен  тұрғын  үй  алу  мүмкіндігіне  ие 

болды.  Сондай-ақ,  алдағы  уақытта  аталған 

жоба  аясында  ауылдық  жерге  барып  жұмыс 

жасаймын  деген  зоотехник,  аграном  сынды 

ауыл  шаруашылығына  қажетті  мамандықтарды 

игерген 


жастарға 

да 


жол 

ашылмақ. 

Сонымен қатар, жыл сайын облысымыздың 

түкпір-түкпірінде  қызмет  етіп  жүрген  білім 

саласы, 

мəдениет, 

өнер, 

спорт 


жəне 

ветеринария  саласындағы  жастардың  еселі 

еңбегін  ескеру  мақсатында  жастық  жігерін 

ауылдың  гүлденіп  көркеюіне  арнаған,  өз 

ісінің  білікті  жас  мамандарына  айналған 

жастарымызды  аудандық,  облыстық  «Ең 

үздік  жас  маман»  кəсіптік  байқауы  аясында 

марапаттап,  олардың  осынау  игілікті  істерінің 

еш 

елеусіз 


қалмайтындығын 

дəлелдеп 

келеміз.  Мұндай  құрмет,  марапаттаулар  өз 

кезегінде,  ауылға  қызмет  жасауға  жол  тартқан 

жастарымызды ынталандыру болып саналады. 

Жалпы  «Дипломмен  ауылға!»  бағдарламасы 

аясында  Жамбыл  облысы  бойынша  жұмысқа 

орналасқандар саны 2012 (268 жас), 2013 (269 

жас)  жылдармен  салыстырғанда 2014 жылы 

453  маманды  ауылдарға  тарту  көзделіп  отыр.

Елбасы 

Жолдауында 



жастардың 

техникалық  білім  алуына  да  баса  назар 

аударды. 

Осы 


мақсатта 

келешекте 

жастарымыздың  техникалық  білім  алуын 

мемлекеттік  кепілдендіруге  көшіруге  жоспарлы 

түрде  кірісу  қажеттігін  атап  өтті.  Таяудағы 2-3 

жылда дуальдік, техникалық жəне кəсіптік білім 

берудің  ұлттық  жүйесінің  негізін  қалыптастыру 

керектігін  де  назардан  тыс  қалдырмады.  Осы 

орайда,  облысымызда  бүгінгі  күні  жалпы  білім 

беретін  мектеп  жасындағы  жасөспірімдер 

арасында  ақпараттық-насихаттық  жұмыстар 

жүргізілуде.  Мəселен,  Басқарма  тарапынан 

ұйымдастырылған 

мемлекеттік 

əлеуметтік 

маңызды 


жобалар 

шеңберінде 

«Жастар 

арасында  кəсіптік  жəне  техникалық  білімді 

насихаттау, сонымен қатар бизнестің əлеуметтік 

жауапкершілігін  дамыту  мəселесі  бойынша 

ұйымдастыру-практикалық  іс-шаралар  өткізу» 

тақырыбы  бойынша  облыс  көлемінде  кəсіптік 

жəне  техникалық  мамандықтарды  игерудің 

маңызы  мен  рөлі  турасында  оқушыларға 

кеңінен  мəліметтер  беріліп,  нəтижесінде 

жастардың кəсіптік, техникалық мамандықтарды 

таңдауға деген қызығушылығы артуда. Жоғары 

жəне  орта  арнаулы  оқу  орындарында  кəсіптік 

білім  алып  жүрген  студент  жастарға  бизнес 

ісінің  шебер  мамандарының  қатысуымен  түрлі 

шаралар өткізу арқылы оларды жеке кəсіпкерлік 

ісіне  баулу  көзделіп  отыр.  Бұл  əрине,  Елбасы 

Жолдауының  облыс  жастарына  деген  оң  əсері 

деп  білеміз.  Жалпы  бүгінде  жастар  арасында 

өзекті  болып  табылатын  түрлі  мəселелерді 

жүзеге  асыру  бойынша  Жамбыл  облысында 

мемлекеттік  əлеуметтік  маңызды  жобаларды 

қаржыландыру  деңгейі  жыл  санап  артып 

келеді. Мемлекет тарапынан жастар саясатына 

бөлініп  жатқан  қаражаттар  жастарымыздың 

келешекте  аяқтарын  нық  басып  тұрып  кетуі 

үшін  жасалынған  əрекеттер  болып  табылады.

Биылғы  Жолдауында  Елбасы  «Қазақстан 

– 2050» стратегиясын  жүзеге  асыратын  да, 

жемісін  көретін  де  сіздер»  деп  айтып  өткен 

болатын.  Бұл – Ұлт  Көшбасшысының  жастарға 

деген  үміт  сенімінің  зор  екендігінің  белгісі.

Жастар  арасындағы  патриоттық  сезімді 

қалыптастырудың 

бірден-бір 

жолы – 

мемлекеттік  тіл  екені  белгілі.  Жолдауда  «Ана 



тіліміз  Мəңгілік  елімізбен  бірге  Мəңгілік  тіл 

болды!»  деген  Президент  сөзі  көңілімізге 

қуаныш  ұялатты.  Өйткені,  ұлттың  болмысы, 

рухы  ол  тілімен  дамиды.  Сондықтан  да 

жастарымызға өз тілін құрметтеп, жетік сөйлеуге 

тəрбиелей отырып, өзге тілдерді де меңгерудің 

маңызды  екенін  жеткізе  білуіміз  қажет.

Елбасымыздың халықты өз Жолдауларымен 

жігерлендіруі,  олардың  жүректеріне  сенім 

ұялатып  қана  қоймай,  болашаққа  дұрыс 

бағыт-бағдар  беруі – нағыз  заңғар  тұлғаның, 

келешекке  нық  қарайтын  салиқалы,  көреген 

адамның  ғана  қолынан  келетін  іс  екені  белгілі. 

Бағытымызды  жандырған  бұл  Жолдау  өзінің 

кемеңгер  жастары,  салиқалы  Елбасымен  бірге 

тəуелсіз қазақ елін əлі талай рет зор жеңістерге 

жеткізіп,  биік  шыңдардан  көрсететіні  айқын. 

Тəуелсіздіктің  тал  бесігінде  тербеліп,  қыран 

құсы қалықтаған көк аспанымыздың астындағы 

баянды  да  бақытты  ғұмырымыз  ұзағынан 

болуына  кепіл  ол – жастар.  Жастары  жалын 

жүректі,  өршіл  намысты,  биік  рухты  болса, 

ол  елдің  əрқашанда  еңсесі  биік  бола  бермек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет