түсіндіріп отыр.
адам көз жұмып, алтауы жоғалып кеткен. 6 мыңнан астам
көлемі 2 млрд. доллардан асты.
жылда болмаған екен.
жақты түсіндіріп өтті.
ұсыныстарын қосты.
ортаға салып, ұсыныстарын айтты.
Т. БЕРІКБАЙҰЛЫ.
Нұр Отан» партиясы облыстық
филиалының мəжіліс залында сыбайлас
жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға
арналған іс-қимыл бағдарламасының жаңа
жобасы талқыланды.
6
24 шілде,
№30 (458)
ƏЛЕУМЕТ
ЖАМБЫЛДА ЖІБЕК ҚҰРТЫН ӨСІРУДІ ЖОЛҒА ҚОЙСАҚ
ЖАМБЫЛДА ЖІБЕК ҚҰРТЫН ӨСІРУДІ ЖОЛҒА ҚОЙСАҚ
Хамит ЕСАМАН
Ақ пен қара
КƏСІПКЕРЛІККЕ КЕДЕРГІ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДЕН БОЛЫП ТҰР
КƏСІПКЕРЛІККЕ КЕДЕРГІ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДЕН БОЛЫП ТҰР
Қамар ҚАРАСАЕВА
Істің көзі
Жібек мата негізінен жібек құртынан дайындалады. Ал жібек
құрты кəдімгі тұт ағашынан алынады. Дерек көздеріне сүйенсек,
тұт ағашының оннан астам түрі Азияның, Африканың жəне
Солтүстік Американың тропикті жəне субтропикті аймақтарында
кең таралған. Сондай-ақ, тұт ағашының ерекше қасиеті жарықты
жақсы көреді, құрғақшылыққа төзімді. Тұт ағашы адам ағзасына
пайдалы жемісімен ғана бағалы емес, сонымен қатар тұт
ағашының жапырағы да бағалы болып табылады. Кеңес өкіметі
кезінде Жамбыл облысында тұт ағашын өсіру мықтап қолға
алынған екен. Бос кеңістіктің едəуір бөлігіне тұт ағаштары
отырғызылған. Кейіннен бұл үрдіс кенжелеп, тіпті Жамбыл
өңірінен тұт ағашы жойылып та кеткен. Себебі, облыс əкімдігі ауыл
шаруашылығы басқармасының мамандары өңірімізде тұт ағашы
туралы мəліметтің жоқ екенін айтты. Ал, жуырда мемлекет жəне
қоғам қайраткері Өмірбек Байгелдімен сұхбаттасқанымызда, ол
өзі Жамбыл облысын басқарған тұста осы өңірге тұт ағашын
көптеп өсіріп, одан алынған жібек құртынан жібек мата шығаруды
ойластырған көрінеді. «Бос жатқан далаларға тұт ағашын өсіріп,
оны əрбір шаруаға бес гектардан бөліп беріп, əрқайсысына тұт
өсіруді мықтап тапсырмақшы едім. Негізі тұт ағашының жібек
құртынан жіп иіріп, мата шығаруға болады. Бірақ, сол кездерде
қаржы қолбайлау болып, ол мəселе шешілмей қалды. Жалпы,
оңтүстік өңірлерде тұт ағашын өсіріп, қалдық суларды тазалап,
соған пайдаланып, одан жібек мата шығару керек еді. Сонда
жібек мата Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалаларда
өндірілсе, сырттан мата тасымалдау жағы толастайтын еді. Тұт
ағашынан жібек құрттарын өсіру үшін отыз-ақ күн керек екен. Отыз
күннен соң жібек құртынан жіп шығарып, одан мата, матадан киім
тігіп ары қарай іліп əкетуге болады» деп өз ойын айтты.
Иə, бүгінде жібек мата елімізге сырттан тасымалданады.
Жібек мата өндіруден Қытай мемлекеті алдына жан салмай отыр.
Қытайдың жібек мата өндіріп, оны экспорттап келе жатқанына
үш мың жылдан астам уақыт өткен. Бір жағынан пайда, екінші
жағынан жұмыс көзі болып табылатын тұт ағашынан жібек
өндіруді қытайлықтар мыңдаған жылдар бойына құпия ұстаған.
Тіпті, Қытайда жібек құпиясын ашқан адамға əлі күнге дейін өлім
жазасы тағайындалған. Себебі, бұл – аса ірі табыс көзі, сондықтан
мемлекеттің экономикалық дамуына да оң серпін беретін үрдіс.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз Ұлы Жібек жолын
жаңғыртып жатырмыз» дегені елдің есінде. Бүгінде мемлекет
тарапынан барлық шаруаға жол ашық. Өкініштісі, бүгінде бірді-
екілі кəсіпкерлер ғана болмаса, бір облыс түгелдей тұт ағашын
өсірумен айналысып отырған жоқ. Ендігі жерде өңіріміздегі
бос кеңістіктерге тұт ағашы отырғызылып, одан алынған жібек
құртынан жібек мата өндірілсе, құба-құп болар еді деген ой бар.
Оның үстіне қазір қоғамда жұмыссыздық мəселесі туралы
жиі айтылады. Бұл бір жағынан орасан табыс көзі болса, екінші
жағынан жамбылдықтарға жұмыс көзі де болатын еді. Жүздеген
адам жұмыспен қамтылса, облыстың əлеуетінің бұдан ары қарай
да арта түсетіні дəлелдеуді қажет етпейді. Табиғи-климаттық
талаптары бойынша да таза жібекті ешқандай басқа мата
ауыстыра алмайды екен. Жəне бүгінгідей əлем экономикасы
алға шығып тұрған уақытта жібек мата Қытай мен Үндістанның
жəне Азияның басқа елдері мен Еуропада үлкен сұранысқа ие.
Сондықтан жібек құртын өсірудің əрбір өңір үшін маңызы зор.
Оның үстіне, Жамбыл өңірінде кезінде тұт ағаштары өсірілген.
Ол мемлекет тарапынан əрбір тұт өсірушіге өлшеммен бөлініп,
əрбір түп ағаш бақылауда болған. Бұл туралы бізге ұзақ
жылдар тұт ағашын өсірумен, оны күтіп-баптаумен айналысқан
Рысты Малшиева əңгімеледі. «Біздің жас күнімізде өкіметтің
тапсырысымен колхоздан əр үйге бір-бір қораптан жібек құртын
өсіруге беретін. Əуел баста ол майда құмырсқадай болып
келеді. Үстелдің үстіне үлкен қағаздар төсеп, соның үстіне жібек
құрттарын жайып қоямыз. Оған тек тұт ағашының жапырағын
береміз. Қорегі – жалғыз сол. Бастапқыда жапырақты қайшымен
майдалап, қиып береміз. Майда түйіршікті қара тезегін жиі-жиі
тазалап тұрамыз. Күн сайын құрттардың өсуіне қарай қорекке
берілетін жапырақты да көлемді етіп беріп отырамыз. Соңына
қарай тұт жапырақтарын шыбықтарымен береміз. Кейін келе
қурайлардан кішкентай шалаштар жасап қоямыз. Əлгі құрттар
соған өрмелеп, əр шыбыққа жібекті орап, шығара береді. Бұл
олардың бір ай бойы жеген жапырақтарын құсқаны болып
есептеледі.
Ал, негізінде онысын «көбік шашты» деп атайды. Сол
бір айдың ішінде бір құрт қырық жапырақ жейтін көрінеді. Ал,
өзі əуелде соншасы бір қорапқа ғана сыйып, құмырсқадай
болып келсе, кейін əрқайсысы үлкен-үлкен болып шығады.
Олар шыбықтарға жібекті орап-орап, өзі қайтадан көзге ілінер-
ілінбестей кішкентай ғана болып қалады. Сол күйінде қайта
тапсырамыз. Кейін өз мерзімінде əлгі құрт көбелекке айналып,
ұшып кетеді».
Бүгінде əлем бойынша нарықтық экономика алға шығып
отыр. Мемлекеттің қазынасын байытатын, тұрғындарға жұмыс
көзі болатын залалсыз кəсіп түрімен айналысу бүгінгінің басты
талабы. Бұл жөнінен алғанда Жамбыл өңірі тұт ағашын өсірумен
айналысуға бірден-бір қолайлы жер. Əрі қалдық суларды бір
жүйемен тазартып, оны тұт ағашына пайдалану да сол мəселенің
оң шешімін табуына ықпал етеді. Оған қоса тұт ағашы өңірімізде
қолөнерді дамытуға да өзіндік үлесін қосатын еді. Мəселен,
ерте кезден бастап Орта Азия халықтары тұт ағашынан музыка
аспабын жасаумен шұғылданған. Тұт ағашынан жасалған
аспаптар жоғары бағаланған. Бұл өз кезегінде Орта Азияның
қолөнерінің дамуына алып келді. Он бармағынан өнер тамған
шеберлердің тұт ағашынан жасалған түрлі туындылары өзге
мемлекеттерге экспортталып, мемлекет қазынасына қыруар
пайда келтірген.
Тəуелсіз Қазақстанның алға қойған мақсаты – салауатты өмір
салтын қалыптастыру болып отыр. Бұл жайында Елбасымыздың
өзі жиі айтып келеді. Тұт жемісінің құрамында сахароза, фруктоза,
эфир майы, минералды заттар, органикалық қышқылдар мен
дəрумендер бар. Дəрігер-ғалымдардың пікірінше, тұт ағашының
жемісі мен жапырағы, сондай-ақ діңінің қабығы емдік мақсатта
қолданылады. Жапырағының шырыны қарақұрттың шаққанына,
тіс ауруына, ауыз қуысы уылғанда көмектеседі. Тұмау, қант
диабеті, көз аурулары кезінде өте пайдалы жəне сауықтырғыш
қасиетке ие. Жемісінен шырын, сусын алуға да болады. Бір
сөзбен айтқанда, істің көзін тапқанға тұт ағашының пайдасы
аса көп. Сондықтан, алдағы уақыттарда жібек құртын өсіруді
Жамбыл өңірінде жолға қою керек. Ол үшін алдымен тұт
ағаштары жайқалып тұрса, біздің өңір бұдан да экологиялық
жағынан таза, экономикалық жағынан ауқатты өңірге айналған
болар еді.
Елбасы бас болып, ел үкіметі қолдап отырғанда қолынан
іс келетін кез келген азамат өз кəсібін ашып, сол арқылы
халқының əлеуетін көтеруге үлес қосқысы келеді-ақ. Жаңа
кəсіпкерлік ашуға жеңілдетілген несие беретін мемлекеттік
бағдарламалар да бар. Алайда, соны пайдалануға кедергі
көп. Кəсіпкерліктегі кедергі екінші деңгейлі банктерден болып
отыр. Мұндай қиындықтарға, əсіресе, ауыл кəсіпкерлері
көп кездеседі. Мəселен, Т.Рысқұлов ауданының кəсіпкері
Сабыржан Якубжанов «Райымжан» шаруа қожалығымен мал
бағып, егін егіп, өз отбасын асыраумен қатар, ауылдастарына
да еңбекпен қамтылуда жəрдемдесіп отыр. Оның бұған қоса
жеке дүкені де бар. Енді ол кəсіпкерлігін техникалық жөндеу
орталығымен кеңейтпек. Мұнысы тек өзіне емес, кəсіпкерге
құт мекен болған Тереңөзек ауылына да үлкен қуаныш болар
еді. Темір тұлпарды тізгіндеген тереңөзектіктер көлігінен
ақау шықса, басқа аймақтарға сүйрелеп, əуреге түспейді.
Сабыржанның ТЖО-сынан көлігінің кемтігін түгендер ме еді,
бəлкім. Жəне бұл осындағы екі қолға бір күрек ұстатар жұмыс
таппай жүргендерді еңбекпен қамтуға да үлкен септік. Осы
оймен Сабыржан Якубжанов қолындағы бар қаржысымен
ТЖО-ның құжаттарын рəсімдеп, құрылысын бастап та қойды.
Кем-кетігін түгендеуге таныс-тамырларынан қарыз да алды.
Ол мемлекет тарапынан көмек болатын жеңілдетілген
несие алып, жаңа нысанын ашатынына сенді. Бірақ, оның
кəсіпкерге арналған несиені алуына қаладан тыс, ауылда
тұратыны кедергі келтірерін əуел баста ойламапты.
Ол аудандағы кəсіпкерлік жəне өндіріс бөлімімен,
бизнес орталығымен кеңесіп, қажетті құжаттарын заңды
түрде əзірледі. Алдымен Тараз қаласындағы «Центр
кредит» банкіне барды. Барлық керектілерін есептеп, бизнес
жоспарын да дайындап, 12 миллион теңге несие сұрады.
Банк оның бар мүлкін есепке алып, кепілдікке қоятын үйін
жаратпады. Кəсіпкер оның да орнын толтыратын ретін тапты.
Барын осы несиені пайдалануға жұмсауға аянбады. Енді
банк оның қаладан алыс тұратынын сылтау етті. Тіпті, несиені
бермейтінін əу баста айтпай, соншама уақыт сандалтты.
Жылжымайтын мүлкін бағалаушыларға жəне басқа да
құжаттарды рəсімдеуге бас-аяғы 500 мыңға жете-қабыл
қаржысын кетірді. Соңында несие бермейтіндерін айтып,
шығарып салды. Ал, кəсіпкер банкке жүгірген шығындарынан
бөлек жаңа нысанының құрылысына 9 миллион теңгесін
жаратқан. Енді оның бастап қойған, көпке игілігі тиетін ісін
ары қарай жалғастыруына қаржы қолды қысқартып, қиналып
отыр.
Бұл кəсіпкерді қолдау ма əлде қолында барын текке
шаштыру ма?
Осы тұста тағы да Елбасы сөзін еске салайық. «Шағын
жəне орта бизнес – біздегі Жалпыға ортақ еңбек қоғамының
берік экономикалық негізі. Оны дамыту үшін жеке меншік
институтын заңнамалық тұрғыда нығайтатын кешенді
шешімдер қажет. Бизнесті дамытуға кедергі келтіретін барлық
енжар құқықтық нормалардың күшін жою керек» деген
болатын Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға
арнаған Жолдауында.
Тағы да бір елге пайдасы зор ісін ашпаққа несие сұрап,
екінші деңгейлі банктердің түрлі сылтауларымен кедергіге
кезіккен кəсіпкердің жайын айта кетелік.
Үмбет Жанəділов бала күнінен ауылдың шаруасымен
шұғылданып есейген азамат. Бүгінде ауылдың баталы
ауыз қариясы. Өзінің отбасылық «Дəулетбай» аталатын
шаруа қожалығы бар. Үмбет Дəулетбайұлы ауылдың жай-
жағдайына қанық. Ертеден малдың ет, сүтімен қоса жүн,
терісін де тұрмыстың қажеттілігіне тиімді пайдаланған
қазақтың бүгінгі ауылында жүн, тері рəсуа болып жатқанын
ауыл қариясы күніге көріп жүр. Кезінде əже, апаларымыз
малдың жүнінен жылы бөкебай, кеудеше, қолғап, шұлық
секілді киімдерді тоқитын. Малдың терісін илеп, небір шебер
етікшілер түрлі аяқ киімдер, тігіншілер тондар дайындайтын.
Ал, бүгінде қырқылып алынған малдың жүні ауылдың кез
келген бұрышында қоқыс болып жатады немесе өртеледі.
Себебі, оны сатып алып, одан өнім дайындайтын бізде əзірге
кəсіпорын жоқтың қасы. Мұндай бағытта жұмыс істейтін
облыс бойынша жалғыз ПОШ фабрикасы ғана бар. Бірақ, ол
да қалада. Ауылдан қалаға жететін жол ақысын өткізетін жүн
мен терінің бағасы ақтамайды да. Себебі, бұл шикізаттардың
өткізу құны арзан. Міне, осы жайттарды күнде көзімен көріп
жүрген Үмбет қария ауылдың ішінен жүн, тері қабылдап,
өндіретін кəсіпорын ашпақшы болады.
Осы оймен 2011 жылы жер сатып алып, əлгі нысанның
құрылысын бастайды. Бүгінде бəрі дайын, тек аз-кем
жұмыстары ғана қалған. Қолында бар қаржысына өндіріс
орнының қабырғасын тұрғызған. Ендігі жұмыстарына қажетті
қаржыны табу үшін мемлекеттік бағдарламамен жеңілдетілген
несие алмақшы болады. Жоғарыда айтқанымыздай, бұл кісі
де алға ілгерілеткен ісін керітартушылық кедергіні екінші
деңгейлі банктерден көреді. Алдымен «Центр кредит»
банкіне барып, қажет деген құжатының бəрін дайындайды.
Алтын уақытын да, қолында бар қаржысын да аямайды.
Көздегені – мұратына жету. Үш ай бойы «Центр кредит»
банкінен несиелік желі ашамын деп жүгіреді. Ақыры
банк несие бермейтін болып шығады. Сонда да іскер
азамат кездескен кедергіге тосылып қалмай, «Альянс
банкке» барады. Мұндағылар сұратқан кепілдігінің құны
жарамды болса да енді альянстықтар Үмбет Жанəділовтың
тұрғылықты жерінің қаладан 40 километрден аса алыстығын
алға тартады. Енді ол «Агрофинанстан» көмек сұрайды.
Ондағылар «Біз тек мал бағатындарға көмектесеміз, ал жүн,
тері бізде қарастырылмаған» деп қайтарады. Сонда да тауы
шағылмай, жігерлілік танытып, «Сбербанкке» қайырылады.
Бұл банк қаладан қашықтықты 10 километрге ұзартып,
егер ауылдың алыстығы 50 километрден аспаса кəсіпкерге
арналған жеңілдетілген несиені беретіндерін айтыпты. Ал,
«Цесна банктің» ауыл тұрғындарына мүлде есігі жабық екен.
Ендігі үміт «Темір банкте». Құжаттарын осында тапсырып,
жауабын күтіп отырған Үмбет Жанəділов:
– Елбасы өз кəсібін ашамын дегендерге көмектесіңдер
дейді. Аудандық кəсіпкерлік жəне өндіріс бөлімі, «Құлан
Бизнес» орталығы жəне облыстағы кəсіпкерлік палатасы
ғана қолдау көрсетіп отыр. «Бизнес-2020» бағдарламасына
мен биыл іліге алмайды екенмін. Себебі, биылға бұл
бағдарламамен көмек алуға ауданымыздан 150 кəсіпкер
кезекте тұрған көрінеді. Мен келесі жылды күтуім керек
екен. Ал, менің жүн, тері өндіруге арнаған жаңа нысанымның
құрылысы басталып, қаржының жеткіліксіздігінен тоқтап
тұр. Жүріп кететін жұмысым құр қарап қалды. Осы нысан
үшін 10 миллион теңге жұмсадым. Банктерге жүгіріп,
моральдық та, материалдық та шығынға ұшырадым.
Сөйткен еңбегіме несие ала да алмадым, – дейді.
Бүркітбай
БЕКБЕРДИЕВ, «Құлан
Бизнес»
орталығының директоры:
– Біз ауыл-ауылды аралап, тұрғындарды өз бизнесін
ашып, жүргізуге, сол арқылы өз елінің өркендеуіне үлес
қосуына насихаттаудамыз. Ел үкіметі шағын жəне орта
бизнесті қолдайтынын да жарғақ құлағымыз жастыққа
тимей жариялаймыз. Енді мемлекеттен сол жеңілдіктерді
пайдаланып, кəсібін ашамын деген ауыл азаматтарының
көңілін екінші деңгейлі банктер қалдыруда. Осы
азаматтарды өзіміз банктерге бірге алып бардық. Талай
рет тауымыз шағылып қайтып жүрміз. Бір емес, бірнеше
рет, – дейді.
Мұратбек АРЫСТАНБЕКОВ, Т.Рысқұлов аудандық
кəсіпкерлік жəне өндіріс бөлімінің бастығы:
– Рас, гранттық негіздегі қаржылар бар. Оны алу
үшін облыс, аудан аумағында жоқ жоба, жаңа бастама
болуы шарт. Тиісті құжаттардың дəлелдемелерін
өткізу керек. Негізгі қиыншылықтардың бірі – бүгінгі күні
екінші деңгейлі банктердің біразы қажетті жобаларды
мемлекеттік
бағдарламалармен
қаржыландыруға
құлықсыздық
көрсетуде.
Оның
себебін,
қаладан
қашықтығымен, кепілдік мүліктердің сапасыздығымен,
көбінесе шаруашылықтардағы іс-құжаттардың уақтылы
жүргізілмейтіндігімен түсіндіргісі келіп жатады. Осындай
келеңсіздіктер көп жағдайда банктерге сенбеушілікке,
наразылыққа апарып жататындығы жасырын емес.
Бірақ, қандай жағдайлар болмасын кəсіпкерлікті қолдау
мемлекетіміздегі басты стратегиялық басымдықтардың
бірі болып қала бермек. Ауыл кəсіпкерлерін қолдаумен
азық-түлік бағасын бағындырып отыратын шаралар да
жүзеге асырылса, қанекей. Мысалы, «Тараз сауда-саттық
компаниясы» сияқты аудандарда да азық-түлік қоры
ашылса, нұр үстіне нұр болар еді. Жылдың əр мезгіліне
қарай азық-түлік бағалары кейде саудагерлер тарапынан
өсіріліп жатады. Егер əлгіндей бағаны тұрақты ұстап
отыратын арнайы мекеме болса, алыпсатарлардың
өзімбілдігіне жол берілмес еді, – дейді.
Егер банктер тек қала тұрғындарына ғана несие беріп,
ауыл азаматтарын шеттететін болса, біз алтын бесік –
ауылымызды қалай көркейтпекпіз? Банктердің əлгіндей
жүйесіне сүйенсек, кəсіпкерлер тек қалаларға шоғырлану
керек те, ауылдан өндіріс орындарының ашылуына болмай
ма? Қанша рет кедергіге кезіксе де жігері жасымаған ауыл
азаматтарының жаңа істеріне қандай да бір қолдау болуы
керек-ақ. Жығылса да жасытпай, алға жетелеген үміт
сөнбесін дейміз.
Кері кеткен
«ТИНА» ҚЫРҒЫЗ
«ТИНА» ҚЫРҒЫЗ
АЗАМАТЫН
АЗАМАТЫН
ТЫРП ЕТКІЗБЕДІ
ТЫРП ЕТКІЗБЕДІ
Жамбыл
облысының
кеден
шекарасы аумағында жүргізіліп жатқан
«Тасымалдаушы» шұғыл операциясы
өз жемісін беруде. Соңғы бір аптаның
ішінде Жамбыл облысының Қырғыз
Республикасымен
шекаралас
бекеттерінен есірткі затының ең
ауыр түріне жататын «героин» легінің
3 дерегі тіркелді. Соның ішінде
«Қордай» кеденінің қызмет аумағында
анықталған есірткі затының екі дерегі
бойынша 4 қылмыстық іс қозғалып, 40
келіге жуық героин тəркіленді.
Өткен аптада «Қордай» кеденінің
орталық бақылап-өткізу пункті арқылы
Қырғыз Республикасынан Қазақстанға
бет алған «МАЗДА-323» автокөлігін
инспекциялық
тексеру
кешенімен
өткізу кезінде көлікте күдікті заттың
жасырылғаны байқалған.
Операцияға
жұмылдырылған
Департаменттің
жəне
«Қордай»
кеденінің Контрабандаға қарсы күрес
қызметкерлері көлікке дереу тексеру
жүргізеді. Көліктің артқы орындығының
арқа
сүйейтін
бөлігінің
астына
жасырылған күдікті заттың есірткі екенін
«Тина» қызметтік іздестіру иті анықтап
береді.
2014 жылғы 16 шілдедегі сот
сараптамалық
орталығының
№65
қорытындысына сəйкес, табылған есірткі
түрі жалпы салмағы 9 кг. 870 грамнан аса
героин екені расталды.
44 жасар қырғыз азаматының есірткі
затын қандай мақсатта алып өтпек
болғанын тергеу амалдары көрсететін
болады.
Қазіргі уақытта күдіктінің үстінен
ҚР ҚК-ның 250 бабы, 4 бөлігі жəне 259
бабының 3 бөлігімен қылмыстық істер
қозғалды.
Достарыңызбен бөлісу: