Болезни хлопчатника и подсолнечника



бет2/4
Дата19.10.2023
өлшемі8,53 Mb.
#119638
1   2   3   4

Залалданған ұлпалар қоңырланып құрап, түсіп, өсімдік түгел қурайды.. Сабақтағы дақтардың пішіні мен көлемі әртүрлі. Дақтар кейде сабақты түгел орайды. Бұл жағдайда сабақ қисайып, сынады да өсімдік қурайды. Гоммозға өсу нүктесі шалдығуы мүмкін. Аурудың бұл түрінде негізгі сабақ дамымай ергежейлі болып немесе қарайып қурайды. Дақ шетіндегі ұлпалар дөңестеніп өседі де, сабақ шытынайды.

  • Залалданған ұлпалар қоңырланып құрап, түсіп, өсімдік түгел қурайды.. Сабақтағы дақтардың пішіні мен көлемі әртүрлі. Дақтар кейде сабақты түгел орайды. Бұл жағдайда сабақ қисайып, сынады да өсімдік қурайды. Гоммозға өсу нүктесі шалдығуы мүмкін. Аурудың бұл түрінде негізгі сабақ дамымай ергежейлі болып немесе қарайып қурайды. Дақ шетіндегі ұлпалар дөңестеніп өседі де, сабақ шытынайды.
  • Бактерияның дамуына қолайлы температура 26-280С. Оның төменгі даму температурасы 100С. Паразит төмен (-280С) және жоғары (+720С) температураларға өте төзімді. Деректер бойынша мақта талшығын аталған жоғары температура ұзақ уақыт (36сағат) қыздырғанда, паразит тіршілігін сақтайды. Ылғалы мол топырақта және суда бактериялар басқа микроорганизмдердің әсерінен тез жойылады. Вегетация кезеңінде ауру қоздырғышы желмен, ұлпаның ұсақ бөліктерімен, шырыштың қатқан қабыршықтарымен таралады. Жауын-шашын немесе мол шық әсерінен бактериялар өсімдікке қайта устьица арқылы еніп, оны залалдайды. Ауру қоры – тұқым мен сүректелген өсімдік қалдықтары
  • Вилт – вертициллезды солу - Vetricillum dahliae.
  • Мақта егілетін барлық аймақтарда таралған. Өсімдіктің төменгі жапырақтарында шашыраңқы орналасқан дөңгелек немесе бұрышты сарғыш дақтар түзіліп, жасыл ұлпалар жүйке бойында сақталып, дақтар кейін қоңырланып, кебеді. Гүл түйіні байланған кезде мақта дақылы жаппай ауруға шалдығады. Ауру алғаш астыңғы жапырақтарда таралып, өсімдікті бойлай жоғарғы бөліктерге жылжып, бірте-бірте қурап түседі, кейде өсімдік жапырақтары бірден түгел түсіп қалады да, қауашақтары жетілмей қурайды.
  • Үнемі топырақта кездесетін 700-ге жуық өсімдік түрлерін залалдайтын саңырауқұлақ. Жіпшумағы түссіз, перделі, конидия тасушылары күлтеленіп, ұштары бірнеше тарамға бөлінеді. Тарамдар ұшында конидиялар топтанып жинақталады. Конидиялар эллипс тәрізді, бір клеткалы, бір ядролы, көлемі 3-6 х 1,5-2 мкм. Саңырауқұлақ өзінің даму циклында хламидоспоралар мен микросклероцийлар түзеді. Микросклероцийлар сопақтау, сыртқы қабығы қалың, қара-қоңыр түсті ішкі бөлігі жіңішке түссіз жіпшелерден тұрады. Олар өсімдік сола бастағанда пайда болады. Склероцийлар көктемде 70С температурада өсе бастайды (қолайлы даму температурасы 24-260С, ылғалдылығы 60-70%). Бірақ бұл саңырауқұлақ тіршілік қабілетін аса жоғары (+800С) және төмен температурада (-300С) сақтайды
  • Залалданған жапырақтың
  • үстіңгі беті
  • Залалданған жапырақтың астыңғы
  • көрінісі
  • Өсімдік көбінесе тамыр жарақаты арқылы залалда-нады. Залалдану жіпшұмақ немесе үзінділері, конидия-лары, хламидоспораларымен жүреді. Түтіктер арқылы саңырауқұлақ өсімдіктің барлық бөлігіне тарайды да, жапыраққа, жеміс сағағына, өсу нүктесіне жетеді. Инфекция қоры – топырақ, әсіресе дара дақылды мақта егісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет