|
Мақтаны аурулардан кешенді қорғау шараларының жүйесі
|
бет | 4/4 | Дата | 19.10.2023 | өлшемі | 8,53 Mb. | | #119638 |
| Байланысты: А-ш.дақ. аурулары лек Мақтаны аурулардан кешенді қорғау шараларының жүйесі - Ауруға төзімді сорттарды енгізу.
- Тұқымдық материалдарды сау өсімдіктерден жинап, тазартып 80% ТМТД, с.ұ -10 кг/т ; 50% агро-КП с.с. – 3 л/т; 34% витавакс 200 ф.ф. с.с.к. – 4 л/т; 20% сункар – 3 с.с. және т.б. препараттармен өңдеу.
- Танапты мұқият тегістеп, тұқымды даярлау.
- Ауыспалы егістік құрамына жоңышқа, жүгері, бидай, қара бидай, арпа, рапс, күріш дақылдарын енгізу.
- Егінді қолайлы мерзімде, тәуліктік орта температура 12ºС жоғары тұрақталғанда және жергілікті топырақ ылғалдылығында егу.
- Тұқымның себу мөлшері мен тереңдігін (3-4 см) сақтау.
- Жоғары агротехниканы сақтау: мерзімінде сирету, қопсыту, түптеу, уақтылы суару, нұсқауға сәйкес тыңайтқыштармен қоректендіру.
Қатараралық өңдеуде өсімдік тамырларын зақымдамай, ауыл шаруашылық техниканы және қолданылатын құралдарды 2% формалин ерітіндісімен зарарсыздандыру. - Қатараралық өңдеуде өсімдік тамырларын зақымдамай, ауыл шаруашылық техниканы және қолданылатын құралдарды 2% формалин ерітіндісімен зарарсыздандыру.
- Танап айналасын және аралығын жыртып, арам шөптерді жою.
- Вилтқа төзімділікті арттыру үшін, өсімдікті 2-5 жапырақ кезінде 1,5% карбамид ерітіндісімен бүрку.
- Қауашақ және талшық ауруларының алдын алу үшін, өсімдікті мерзімінде дефолианттар және десиканттармен өңдеу.
- Өнімді қолайлы ауа райында қысқа мерзімде жинау.
- Өсімдік қалдықтарын (қоза-паяны тамырымен) жинап жою.
- Өнімді жинаған соң танаптарға органикалық тыңайтқыш (30 т/га) енгізіп, сүдігер жырту (30-35 см).
- Вилт қоры көп жиналған танаптарды 50% фундазол, с.ұ. (75-150 кг/га) препаратымен өңдеп сүдігер жырту.
- Өнім сақталатын қоймаларды және т.б. мұқият тазартып, дизенфекциялау.
- Карантинді шараларды қатаң сақтап,тұқыммен таралуына тиым салу.
- Әдебиеттер
- 1. Карбозова Р.Д., Туленгутова К.Н. Фитопатология Алматы, 2014ж
- 2. Абиев С. А Фитопатология /под ред. И. О. Байтулина. - Астана : Эверо II- ші бөлім. – 2015. 228 б.
- 3. Н.Ашықбаев, Б.Дүйсембеков, А.Ағыбаев, Р.Карбозова. Өсімдік қорғау. Астана, 2011. 461б.
- 4. Шкаликов В. А., Белошапкина О. О., Букреев Д. Д. и др. Защита растений от болезней. Под ред. В.А.Шкаликова. М., КолосС , 2010. - 404 с..
- 5. Левитин М.М. Сельскохозяйственная фитопатология. Учебное пособие. «Юрайт» 2016. 282
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|