Созылмалы механикалық зақым жиі кездеседі. Жарақаттаушы ықпалдар: тісжегі əсерінен бұзылған
тістердің өткір қырлары, қатты тіс шөгінділері, сапасыз көпірге ұқсас жəне алмалы протездер, ауытқи
шыққан жəне қозғалмалы тістер
, жағымсыз
əдеттер (ернін, ұрттың кілегей қабығын тістелеу).
Созылмалы механикалық зақым ұзақ уақыт жəне аз күшпен əсер ететін ықпалдардан дамиды.
Клиникалық ерекшелігі жəне ағым үрдісі зақымдану ошағының орналасуына, аурудың жас ерекшелігіне,
екіншілік инфекцияның əсеріне, зақымдаушы ықпалдың күшіне байланысты жəне көбіне жасы ұлғайған
адамдар арасында жиі кездеседі. Бұған кілегей қабықтың тургорының төмендеуі, тістердің патологиялық
қажалуына жəне көптеп жұлынуына байланысты тістем биіктігінің кішірейуі себепкер болады. Сонымен
қатар тіндердің қайта құрылу қасиетінің төмендеуіне байланысты жасы ұлғайған адамдарда зақымдану
ошағы баяу жазылады.
Кілегей қабықтағы созылмалы зақымдану ошағы ауруды аса көп мазаламауы мүмкін, кейде шамалы
ыңғайсыздық ,аздаған ауру сезімі, домбығу (ісіну) белгісі болуы мүмкін.
Емі. Ең алдымен зақымдаушы əсерді жояды, қатты ауру сезімі болса, уақытша
жансыздандыру
əдісін
пайдаланып,
ауыз
ішін
жəне
жарақат
ошағын
антисептиктер ертінділермен өңдейді, жара бетін өлі тіндерден тазартып
қабынуға қарсы дəрілермен,кератопластиктермен жəне жараның жазылуын
жылдамдататын дəрілермен бастырма қояды (20-30 минутке). Жараны күніне 2-3
рет өңдеген тиімді. Жалпы реактивтілігі төмендеген жəне жасы ұлғайған
адамдарға жалпылай ем тағайындау қажет (витаминдер жиынтығын, жалпы
реактивтілікті жоғарлататын дəрілер).
Жүргізілген емдеу шаралары жараның жазылуына
көмегін тигізе алмаса
, 7-10
күннен кейін науқасты дəрігер-онкологқа кеңес алуға жіберу керек. Жара
жазылғаннан кейін ауызды сауықтыруға көңіл бөлу керек.
Бөлшекті фиброма (протездік гранулема) ауыспалы қатпарда алмалы-салмалы протездің жиегі
қажаған аймақта дамиды. Алғашында саңылауға ұқсас эрозия немесе жара пайда болады, біраз
уақыттан кейін (механикалық əсер жойылмаса) жараның табанында алдымен жас грануляциялық тін
өсіп, біртіндеп фиброзды тінге ауысады немесе бөлшекті фиброма пайда болады. Бұл қаттылау онша
ауырмайтын ісікке ұқсас құрылым (сурет). Протездің қыры бата-бата оны бірнеше бөлікке бөліп
тастайды сондықтан бөліктер қатапраға ұқсайды жəне араларында сызатқа ұқсас эрозия немесе жара
орналасады. Аурудың диагнозын нақтылау аса қиын болмайды.
Емі. Алдымен протезді түзету керек немесе пайдалануды тоқтатып, 1-2 аптадан кейін (жара
жазылған соң) фиброманы кесіп алып тастайды жəне жаңа протез дайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |