Ауыз кілегей қабығының физикалық əсерлерден зақымдануы.
Кілегей қабықтың физикалық зақымы жедел жəне созылмалы ағымды болуы мүмкін. Жедел физикалық
зақым жоғары температура (ыстық су, бу жəне от) жəне төменгі температура (балалардың
көбінесе аязда
қалған заттарды ауызға алуы кезінде, криодеструкциялаушы ем жүргізгенде суық азотты пайдаланған кезде),
электр тоғы, иондаушы радиацияның үлкен мөлшері əсерніен дамиды.
Жоғары температураның əсерінен кілегей қабық жеңіл жəне ауыр зақымдануы мүмкін.
Жедел зақым кезінде кілегей қабық (көбінесе қатты таңдайдың) қызарып, домбыға бастайды, беті кедір-
бұдырланып, жабынды эпителий кесек-кесек болып түлеп, жарақат ошағында ашып ауру сезімі пайда болады.
Ауыр зақым кезінде кілегей қабық бетінде əртүрлі көлемді күлбірек бөрткендер пайда болып,
жарылғаннан кейін эрозиялы ошаққа айналады. Кейде күю əсерінен дəнекер
тін қабатымен қатар астында
жатқан ет жəне сүйек тіндері де өліеттенуге ұшырауы мүмкін.
Лейкоплакия– беті кілегей қабықпен жабылған ағзалар немесе тіндер бетінде кездесетін,
жабынды эпителийдің
шамадан тыс мүйізгектенуімен жəне дəнекер тіннің созылмалы қабынуымен сипатталатын патологиялық үрдіс.
Лейкоплакия кілегей қабықтың əртүрлі ұзақ əсер ететін ықпалдарға (физикалық, химиялық, механикалық жəне
биологиялық)
жауабы деп саналады
Лейкоплакияның дамуында белгілі орын атқаратын себептер: ұзақ əсер ететін механикалық тітіркендіруші
факторлар; темекі түтіні, ішімдік, гальваникалық ток. Ерін жиектерінде лейкоплакия ошағының дамуына себепкер
күн сəулесінің,
ауа-райының, шаң-тозаңның, шылым шегудің зиянды əсерлері.
Сонымен қатар патологиялық үрдістің
дамуында жалпы организмнің, оның ішінде асқазан-ішек жолының
жағдайымен Еріндер жиегі мен ауыз кілегейлі қабығы сыртқы ықпалдар (механикалық,
температуралық, химиялық,
физикалық) əсеріне толассыз ұшырап отырады. Ықпал етуші факторлардың əсер ету күші кілегейлі қабықтың
төзімділік көрсеткішінен жоғары болмаса, оның қорғаныс қызметінің бұзылмауына байланысты ешқандай өзгеріс
туындамайды. кілегейлі қабық төзімділігі
шегінен басым ықпалдар
патологиялық өзгеріст
ер туындатады жəне
олардың клиникалық белгілері жарақаттаушы ықпалдың түріне,
əсер
ету қарқындылығына мен
ұзақтығына
байланысты болады. байланыстылығы жəне ауыздың
кілегей қабығының резистенттігінің үлкен
маңызы бар.