Болезни сопр. 1



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата04.05.2023
өлшемі138,87 Kb.
#89854
  1   2   3
Байланысты:
Болезни СОПР.1 тема



Ауыз қуысының шырышты қабығының 
жарақаттаушы əсерлерден зақымдануы
.
Орындаған: Болат Арна 405 топ
Тексерген:Нурман.Г.М


Еріндер жиегі мен ауыз кілегейлі қабығы сыртқы ықпалдар (механикалық, температуралық
химиялық, физикалық) əсеріне толассыз ұшырап отырады. Ықпал етуші факторлардың əсер ету 
күші кілегейлі қабықтың төзімділік көрсеткішінен жоғары болмаса, оның қорғаныс қызметінің 
бұзылмауына байланысты ешқандай өзгеріс туындамайды. кілегейлі қабық төзімділігі шегінен 
басым ықпалдар патологиялық өзгерістер туындатады жəне олардың клиникалық белгілері 
жарақаттаушы ықпалдың түріне, əсер ету қарқындылығына мен ұзақтығына байланысты болады.


Механикалық жедел зақымдану.

Механикалық зақым (механическая травма) жедел жəне созылмалы болып екі түрге 
бөлінеді.
Жедел механикалық зақым (острая механическая трама –trauma mechanicum acutum)
жарақаттаушы ықпал аз уақыт ішінде жəне үлкен күшпен əсер еткенде дамиды. 
Жарақаттаушы ықпалдар: соғып алу немесе тістеп алу жəне əртүрлі өткір немесе 11өтпейтін 
заттармен жарақаттану (кейде мұқият жүргізілмеген дəрігерлік əрекеттер де кілегей 
қабықтың зақымдануына əкеліп соғады). Зақымдаушы ықпалдың күшіне байланысты кілегей 
қабық тіндерінде жаншылу (ушиб), қан құйылу (гематома) үрдістері дамып, жабынды 
эпителий қабатының бүтіндігінің бұзылуы əсерінен жұқа жара (эрозия), дəнекер тін 
қабатының бүтіндігінің бұзылуынан ойық жара (язва) пайда болады


Ауыз гигиенасы нашар жəне организмінің жалпы реактивтілігі төмен адамда зақымдану 
эрозиясы мен жарасы екіншілік инфекцияның əсерінен асқынып, терең оңайлықпен 
жазылмайтын жарақат ошағына айналуы мүмкін. Кілегей қабықтың жедел зақымын 
анықтау қиынға соқпайды. Себебі, ауру анамнезін жинақтаған кезде зақымдаушы ықпал 
туралы мəлімет алуға болады. 
Емі. Емдеу шаралары зақымдану ошағының тереңдігіне жəне көлеміне байланысты 
жүргізіледі. Жаншылу жəне гематома пайда болған кезде (көбіне қатар пайда болады) 
ауру сезімін басып, ауызды жəне жарақат ошағын антисептиктер ертіндісімен өңдеп
зақымданған аймаққа тыныштық жағдай тұғызады. Гематома ошағында қанның 
ұйымай, тез сорылып кетуі ішін гепарин жақпасын қолдануға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет