Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Х қайта қарастырылған халықаралық жүйесі (1997 ж)
бойынша аурудың төмендегі түрлерін ажыратады.
∙ ертерек туа дамыған мерез, кешірек туа дамыған мерез;
∙ ертерек жүре дамыған біріншілік мерез жəне
екіншілік мерез;
∙ кеш жүре дамыған үшіншілік мерез.
Мерездің ағымы толқынға ұқсас, айқын клиникалық белгілері бар кезеңдері жасырын дамитын
кезеңдермен алмасып отырады. Сондықтан аурудың төрт кезеңін ажыратады:
инкубациялық,
біріншілік, екіншілік жəне үшіншілік мерез.
Инкубациялық кезең алғашқы ауру жұққан уақыттан (трепонема организмге енген кезден)
басталып, бірінші клиникалық белгілері білінген уақытқа дейін (3-4 жеті) созылады. Кейде одан
ұзаққа (2-3 айға) созылуы мүмкін, жəне иммундық қасиеті төмендеген,
белгілі бір себеппен
антибиотиктер қабылдаған адамдарда орын алады.