Болезни сопр. 2



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата04.05.2023
өлшемі159,14 Kb.
#89852
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Болезни СОПР.2 тема

Ауыз кандидозы
Кандидоз (кандидоз – candidosis, син. – молочница, поверхностный бластомикоз, микоз дрожжевой, 
кандидомикоз, монилиаз, ондиомикоз, эндомикоз) шартты – патогенді ашытқыға ұқсас саңырауқұлақтар 
туындататын ауру. Ауыз ішінде ашытқыға ұқсас саңырауқұлақтардың 80-ге жуық түрлері бар. Олардың ішінде 
патологиялық үрдістерді жиірек туындататындары Candida текті саңырауқұлақтар: Candida albicans, Candida 
tropicalis, Candida psendotropicalis, Candida crusei, Candida Kephir. Бұл саңырауқұлақтар ауыз кілегей қабығының 
қатпарларында тісжегі қуыстарында, түбір өзектерінде орын тебеді. Candida albicans адам ауызында резиденттік 
микрофлора ретінде 50-70% жағдайда кездеседі жəне ешқандай ауру белгілерін туындатпайды. Сонымен бірге 
олар сау тері бетінде де кездеседі. Candida текті саңырауқұлақтар бірклеткалы, бүршіктене көбейетін 
саңырауқұлақтарға жатады, домалақ немесе сопақ пішінді, көлемі 5-7 мкм болып келеді. Олар қышқыл ортаны 
(рН-5,8-6,5) жақсы көреді жəне белоктарды, майларды, көмірсуларды ыдырататын ферменттер бөліп шығарады.
Candida текті саңырауқұлақтар сүттен жасалған тəтті тағамдарда, жеміс-жидек, көкөніс беттерінде, өте-мөте 
бұзылған алма, алмұрт жəне жүзімде жақсы дамиды.
Ұзақ уақыт антибитиктер мен антибактериалдық дəрілер (мысалы, метронидазол) 
қабылдаған кезде микробтар тепе-теңдігінің жойылуы (дисбактериоз) Candida текті 
саңырауқұлақтардың көбеюіне жағдай туғызады. Антибиотиктер ауыз ішімен қатар ішек 
жолында да дисбактериоз туындатады. Соның нəтижесінде В, С, РР витаминдер жетіспеушілігі 
дамып, ауыз кілегей қабығының функционалдық жағдайы өзгеріп, кандидоз ауруына 
шалдыққыш болады.
Организмде зат алмасу бұзылуын туындататын аурулар кезінде де (сусамыр, 
гипопаратиреоз) кандидоз дамуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет