Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
|
Сабақтың тақырыбы және мақсаттарымен таныстыру.
Оқушылардың назарын сурет арқылы органикалық қосылыстардың алуан түрлілігіне аудару. (5-слайд)
Сурет бойынша сұрақтар қою.
Органикалық қосылыстар нелердің құрамдарында кездеседі?
(Күтілетін жауаптар: тірі ағзалардың, пластмассалар, дәрі-дәрмектер, синтетикалық талшықтар, жанармай және т.б)
ІІ. Органикалық қосылыстар санының өсу динамикасы берілген кесте бойынша проблемалық сұрақ қою.(6-слайд)
Не себепті органикалық қосылыстардың саны өте көп?
Органикалық қосылыстардың құрамына қандай элементтердің атомдары кіреді? (7-9-слайдтар)
|
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
|
|