Пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар. Кен құрамы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
7.4.2.1 -Жер қыртысында көптеген пайдалы химиялық қосылыстар барын түсіну;
Сабақтың мақсаты :
Білім алушылар:Жер қыртысында көптеген пайдалы химиялық қосылыстар болатынын анықтайды.
ЕББҚЕБ: бағыттаушы тапсырмалар арқылы Жер қыртысында көптеген пайдалы химиялық қосылыстар болатындығын біледі.
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу,“жақсы тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
7.4А Адам ағзасындағы химиялық элементтер тарауы бойынша алынған жиынтық бағалауда қиындық туғызған мақсаттар бойынша талдау жүргізу. «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі.
Амандасады, бір біріне жақсы тілектер айту арқылы психологиялық жағымды ахуал қалыптастырады.
Үй тапсырмасын дұрыс жауап әдісі арқылы тексереді.
Минералдар дегеніміз?
Тау жыныстары дегеніміз?
Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
. Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
М.Қ.Оспанова 7-сынып химия оқулығы 2017ж
Сабақтың ортасы
Жаңа білім
30 мин.
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып алады.
1. Тапсырма Жердегі ең кең
таралған минерал..............
Кварц алуан түрлі болады:......................
Ең қымбат минерал................
2.Тапсырма Мына тау жыныстарының үлгілерін қара: кварц, тас тұзы, тас көмір, мәр мәр, бор. Кестені дәптерге сызып толтыр.
3.Тапсырма 1. Физикалық географиядан алған білімдеріңе сүйеніп, мына түсініктерге анықтама беріңдер: тау жыныстары, магма, магмалық,
метамор ф тық, шөгінді тау жыныстары.
2. Тізімдегі “артық” тау жынысын тап:
а) гранит, мәрмәр, алмаз;
ә) көмір, торф, гипс;
б) шағыл, сазбалшық, базальт.
4.Тапсырма Өзің білетін 5 минералға мысал келтір.
4. Дәптерге төрт графадан (жолдан) тұратын кесте сызып, екі үш мысал келтір: минералдар тобы, минералдың түзілуі, құрамы,
қол данылуы.
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Жер қыртысында көптеген пайдалы химиялық қосылыстар
болатынын анықтайды
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Көп нүктені жалғастырады
2.Кестені талдау
1. Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Сұрақтарға жауап береді
2.Кесте сызады
7-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Сабақтың соңы
Кері байланыс
7 мин.
«Бір ауыз сөз» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Үйге тапсырма береді
Бағалайды
Жеке жұмыс: Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.
Үй тапсырмасын жазады
1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды.