Конысбаева Улдар Жантасовна
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бөлім Атауы: Тарих тағылымы сабақ тақырыбы: Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы
Сабақ мақсаты: әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану; шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау; Бағалау критерийлері: шығарманың жанрлық табиғатын таниды; шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтайды; өзіндік көзқарасымен баға береді
«Миға шабуыл» әдісі
Драма дегеніміз не? Диалог, монолог туралы не білеміз?
Шығармадағы ел басына түскен нәубеттегі жандайшаптардың бейнесі қалай суреттеледі?
Сталиннің теріс саясатын асыра сілтеген Голощекиннің көрсоқырлығы қалай көрініс табады?
Қалай ойлайсыздар, бұл қасіретке қазақ халқы қалай ұшырады? Кім кінәлі?
Драматург адам мінезін, бейнелеп отырған өмір шындығын қалай көрсете білді?
Дескриптор
Сұраққа дұрыс жауап береді;
Өз жауабын мысалдармен дәлелдейді.
Ықтимал жауап
Сұрақ
Жауап
Дәлел
Шығарманың идеясы қандай?
Ел басына түскен азапты күндер, қолдан жасалған аштықтан қырылған екі миллион халықтың тағдыры.
Шығармада Қазақстанда ХХ ғасырдың басында болған тәркілеудің зардабы, 1932 жылғы қазақ халқының басына түскен ауыр қасірет суреттелген
Шығарма қандай әдеби жанрда жазылған?
Драма
Драмалық туындылар, яғни пьесалар театр сахнасына қоюға арнап жазылады. Осыған байланысты пьесаның көлемі, құрылысы, тілі, адам мінезін танытуы тұрғысынан өзге жанрдағы туындылардан өзіндік ерекшеліктері бар. Сюжет кейіпкерлердің диалогымен ашылады.
Драмалық туынды құрылысындағы ерекшелік неде?
Драмалық туындының ерекшелігі кейіпкерлердің диалогі мен монологіне құрылуы. Диалог те, монолог те пьесадағы тартысқа қатысушы адамдардың алуан мінезін, көзқарас-мақсатын айқын танытатындай мағыналы да көркем болуы керек
Автор қазақ халқының бастан кешкен нәубетін, ұлттық трагедиясын жеткізуде кейіпкерлердің сөздерін шебер қолданған. Диалог кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін ұтымды ашады.
Драматург адам мінезін, бейнелеп отырған өмір шындығын қалай көрсете білді?
Драматург өмір шындығын пьеса кейіпкерлерінің сөзі (диалог, монолог) мен іс-әрекеттері арқылы көркем аша білді. Сол кездегі өкімет басшылары мен оның қасындағы жандайшаптардың бейнесіне жан бере суреттеді.
Ш.Мұртазаның драматург ретіндегі шеберлігінің өзі сонда, ол кейіпкерінің мінез-құлқын ғана ашып қоймай, оның жандүниесін көрсете білді Пьеса тілінен кейіпкерлердің өзіне лайық мінезін, психологиясын ,өзіндік ерекшеліктерін көреміз