Бөлім бойынша жиынтық жұмыс 10. В көмірсутектер



бет2/3
Дата15.02.2023
өлшемі143,95 Kb.
#68239
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
БЖБ Көмірсутектер бөлімі бойынша

Бағалау критерийлері



  • Қанықпағанның себептерін көрсетеді, ұсынылған алкенге класаралық және стереоизомерлерді анықтайды;

  • Алкендердегі байланыстардың қанықпағандығына сапалық реакциясын білу үшін бақылауларды болжайды;

  • Жану өнімінің массасын есептейді және жану түрін анықтайды;

  • Алкандарды хлормен орынбасу реакциясының теңдеуін құрастырады және осы реакция өнімінің қолдану аясына және қоршаған ортаға кері әсер етуіне мысалдар келтіреді;

  • «Крекинг» процесінің анықтамасын жазады және сәйкес көмірсутектердің түзілуін көрсететін реакция теңдеуін құрастырады;

  • Марковников ережесі бойынша алкенге галогенсутек молекуласының қосылу реакциясының теңдеуін құрастырады;

  • Алкандардың химиялық инерттілігінің себептерін көрсетеді.

Ойлау дағдылары

Қолдану
Жоғары деңгейлі дағдылар

Орындау уақыты

25 минут



Тапсырма

  1. Диаграммада органикалық қосылыстардың алты құрылымдық формуласы көрсетілген:



  1. Көмірсутектердің қанықпауының себебін жазып, оларды берілген тізімнен көрсетіңіз:

[1]
b) і. Е қосылысының классаралық изомерін көрсетіңіз:

[1]
іі. Е қосылысы геометриялық изомер түзу тән. Е қосылының геометриялық изомерлерінің құрылымдық формулаларын салып, олардың атауларын жазыңыз:


[2]
c) і. Е затын бром суы арқылы өткізгенде байқалатын өзгерістерді жазыңыз:
[1]
іі. Химиялық процестің тиісті реакция теңдеуін жазыңыз және реакция өнімдерін атаңыз:
[1]
d) Белгісіз алкенді бром суы арқылы өткізгенде құрамы С = 12.76%, H = 2,13%, Br = 85,11% G қосылысы түзілді. Егер G қосылысының ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 5,875 екені белгілі болса, G қосылысының молекулалық формуласын анықтаңыз:
[2]
e) Органикалық қосылыстың ауа бойынша салыстармалы тығыздығы 2,69-ға тең. Массасы 19,5 г көмірсутекті жаққанда массасы 66 г көмірқышқыл газы мен массасы 13,5 г су түзілді. Көмірсутектің молекулалық формуласын анықтаңыз.

[3]
f) А қосылысы хлормен әрекеттеседі.


і. Сәйкес келетін реакция теңдеуін жазыңыз:

[1]

іі. Реакция нәтижесінде түзілген өнімнің қолдану аясына бір мысал келтіріңіз.

[1]

ііі. Осы түзілген өнімнің қоршаған ортаға кері әсеріне бір мысал келтіріңіз:

[1]
2.a) і "Крекинг" процесінің анықтамасын жазыңыз»:


[1]
іі. Төменде берілген реакция теңдеуін аяқтап, реакцияның жүруіне қажетті жағдайларды көрсетіңіз:


С8Н18 С4Н10 + ________
[1]
b) Бромсутек молекуласы мен жоғарыда аталған процестің (ii) қанықпаған крекинг өнімі арасындағы реакция теңдеуін жазыңыз және реакция өнімін атаңыз:
[2]

c) С8Н18 крекингі нәтижесінде түзілген алкан бромсутек молекуласымен әрекеттеспейді. Не себепті алкандар химиялық инертті (енжар) екенін түсіндіріңіз:
[2]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет