Аружан 1 b (і) Е- қосылысы үшін класаралық изомері көрсетілмеген,1 b (іі) Е қосылының геометриялық изомерлерінің құрылымдық формуласы мен атауы жазылмаған, 1 (e) D қосылысының құрамы толық анықталмаған, бензол түзілу керек. Жалпы 20/16
Оқушының аты-жөні:____________________________________________________
Мұғалімнің аты-жөні:____________________________________________________________
Бөлім бойынша жиынтық жұмыс
10.В Көмірсутектер
IІІ тоқсан
Пән : Химия
Сынып : 10
Барлық балл: 20
Оқушылар үшін инструкция:
Сізде тапсырмаларды орындау үшін 25 мин бар (сөйлемеңіз, көшірмеңіз, мұғалімнен әлде сыныптасыңыздан көмек сұрамаңыз).
Егер сізге жазу үшін артық жер қажет болса, осы парақтың кері жағын пайдаланыңыз және тапсырмаларды түсінікті етіп номерлеңіз.
Сандық есептер үшін толық шешу жолы және берілген мәндерге сәйкес жауаптар дөңгеленуі, СИ жүйесіне сәйкес көрсетілуі қажет.
Қолдануға болады: Менделеев периодтық кестесін; негіздердің, қышқылдардың, тұздардың суда ерігіштік кестесін; калькулятор.
«Сипаттау» немесе «түсіндіру» шартымен келген барлық сұрақтарға жауап толық болуы керек, сөйлемдер логикалық және түсінікті түсіндірілуі қажет.
10.3 В Көмірсутектер бөлімінде қарастырылған тақырыптар
|
Алкандар. құрылымы және химиялық байланыстар түзуі.
Еріткіштерді алу мақсатында жану және хлорлау реакцияларын қолдану.
Алкендер. құрылымы және химиялық байланыстар түзілуі .
Крекинг. Қанықпаған байланысқа тест
|
Оқу мақсаттары
|
10.4.3.9 алкандардың құрылысын және олардың көмірсутектер екендігін білу;
10.4.3.10 алкандар айтарлықтай дәрежеде енжар болып табылатындығын білу;
10.4.3.11 алкандардың жану өнімдерін білу;
10.4.3.12 еріткіштерді алу үшін алкандарды хлорлаудың мәні мен бұл еріткіштердің қауіптілік дәрежесін түсіну;
10.4.3.13 алкендердегі байланыстың қанықпағандығын және алкендерге тән изомерия түрлерін түсіну;
10.4.3.14 алкендерге тән сапалық реакцияны (қанықпағандық) білу;
10.4.3.15 крекингке негізделген өндірістің маңыздылығын түсіну;
10.4.3.16 қосып алу реакциясының маңыздылығын түсіну және білу;
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |