Бөлім: ХХ ғ. басындағы Қазақстан Сабақтың тақырыбы: ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы



бет2/6
Дата10.02.2023
өлшемі1,4 Mb.
#66674
1   2   3   4   5   6
Саяси үдерістер күшейеді.
Билік түрі өзгереді.
Саяси үдерістер күшейеді.
Қоғамның жаңа әлеуметтік-экономикалық негізі қаланады.
Ақпан төңкерісі жеңіске жетісімен ұлттық-демократиялық қозғалыс (1917 жылы шілдеден — Алаш қозғалысы) басшыларының халыққа ұсынған саяси бағдарламасы жалпы алғанда түбірлі түрде Уақытша үкіметтің және оның саяси тірегі болған кадеттер партиясының ел басқарудағы бағытына қайшы келген жоқ. Сондықтан да ұлттық-демократиялық интеллигенция басшылары Уақытша үкіметке қайшы келетін жолды ұстаған кеңестерге әуел бастан-ақ оң көзқараста болмады, олардан өз іргесін қашығырақ салды. Кейінірек, Кеңестер жаппай құрылып, Уақытша үкіметке ашық қарсы шыға бастаған кезде қазақтың ұлттық-демократиялық қозғалысы күрделі жағдайға душар болды.Қосөкіметтілік өзінің дүниеге келуі арқылы 1917 жылы Ақпан төңкерісінің ішкі қайшылықтарын бейнеледі, елдің
қоғамдық-саяси өмірінің тұрақсыз екенін көрсетті. Мұндай жағдай ұзаққа созылмайтын еді: ерте ме, кеш пе, қосөкіметтілік жойылып, барлық билік буржуазия мен оның одақтастарының мүддесін қорғайтын Уақытша үкіметтің немесе 1917 жылғы көктемде әлеуметтік және ұлттық езгінің ауыртпалығын көтерген халықтың басым көпшілігі жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінің сеніміне ие болған Кеңестердің қолына көшуге тиіс еді. Ақырында Ақпан төңкерісінен басталған саяси тұрақсыздық Қазан төңкерісіне ұласып, Уақытша үкімет биліктен тайдырылды.
1917 жылы 27 ақпанда Ресейде ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы немесе ІІ орыс революциясы болды.Нәтижесінде 1917 жылы 2 наурызда Ресей императоры ІІ Николайдың
билігі құлады.
Қос өкімет
Уақытша үкімет
Жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Кеңесі
м а қ с а т ы
Буржуазия мен помещиктердің мүдделерін қорғады.
Жұмысшы, шаруа және солдаттардың мүдделерін қорғады.
  • Реформа жасау арқылы капитализмді дамыту.
  • Патша үкіметі шеше алмаған мәселеелрді шешу.
  • І дүниежүзілік соғысты аяғына дейін жеткізу.
  • Демократиялық республика орнату.
  • І дүниежүзілік соғыстан шығу.
  • Ұлттарға өзін-өзі билеу құқығын беру.
  • Фабрика,заводтарды жұмысшыларға, жерді шаруаларға беру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет