Ақпан революциясының қазақтардың азаттық күресіне тигізген әсері және Алаш зиялыларының Уақытша үкіметтің билік орындарына тартылуы
Ақпан революциясы Бірінші дүниежүзілік соғысқа байланысты туындаған әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың салдарынан болды. Ресей империясы терең күйзелісті басынан кешірді: Экономикалық Саяси
Елдің шаруашылығы қирады.
Өндіріс орындары тоқтап қалды.
Теміржол қатынасы бұзылды.
Ауылшаруашылығы күйреді.
Мемлекеттік Дума алғаш рет патша өкіметінің биліктен кетуін талап етті.
Халық бұқарасы жоғары мемлекеттік билікке сенуден қалды.
Жұмысшылар мен шаруалардың үкіметке деген наразылықтары күшейе түсті.
1917 жылы 23 ақпанда Петроград қ. бірнеше кәсіпорындардың жұмысшылары ереуілге шықты. Ұрандары: «Соғыс жойылсын!», «Самодержавие жойылсын!» 1917 жылы 27 ақпанда Петроград гарнизонының қарулы көтерілісі басталды. Ақпан төңкерісі — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан төңкерісінің демонстрациясы Ақпан төңкерісінің жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан төңкерісі нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан төңкерісінің жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Әлеуметтік революция – жаңа мен ескі арасындағы күрестің ең өткір түрі.