Бөлім Қорытынды Пайдаланылған


Маңызы: азық, жеміс құрамында витаминдер (C, P, B, A, K) өте көп. Кәдімгі қарбыз – Citrullus lanatus – Арбуз обыкновенный (Асқабақтар)



бет3/6
Дата27.11.2023
өлшемі5,75 Mb.
#129786
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мәдени ө

Маңызы: азық, жеміс құрамында витаминдер (C, P, B, A, K) өте көп.
Кәдімгі қарбыз – Citrullus lanatus – Арбуз обыкновенный (Асқабақтар)
Біржылдық, шөптесін өсімдік. Оның елімізде өсірілетін барлық сорттары екі ботаникалық түрге жатады: кәдімгі немесе асханалық – C. aedulis pang және малазықтық немесе цукатты - C. colocynthoides pang. Өсімдіктің сабағы түкті, жатаған; бірнеше реттік желілерге тармақталған, ұзындығы 1-4 м жетеді. Желілері мұртшаларымен және көбіне буынаралықтарда пайда болатын қосымша тамырлары арқылы жерге бекиді.
Тамыры кіндікті, тармақталған, топыраққа тереңге кеткен. Жапырақтары кезекті, ұзынша домалақ, жіңішке немесе жалпақ бөлікті терең жырықты. Қарбыз бірүйлі, аталық және аналық гүлдер бір өсімдікте болады. Гүлдері жеке, дара жынысты және қосжынысты. Гүл күлтесі ашық сары және сары-қызыл түсті, бесжелікті. Жеміс – көп дәнді жалған жидек. Сортына байланысты жемістері көлемі мен қабығының, етінің және дәнінің түсіне қарай әртүрлі болып келеді. Жемісі тәтті шырынды қызыл, қызғылт, күрең қызыл, сирегірек ақ және сарғыш болады.
Екпе қияр – Cucumis sativus L. – Огурец посевной (Асқабақтар)
Біржылдық шөптесін өсімдік. Сабағы түкті, мұртшалары арқылы шырмалып өседі, биіктігі 1-2 метрге дейін барады. Жапырағы кезектесіп орналасқан, ұзын сағақты, түкті. Гүлі сары, дара жынысты. Жемісі – қияр. Жемісі жеуге жарамды, тұқымы көп, шырынды және түсі жасыл болып келеді.
Маңызы: терінің күйген немесе зақымдалған жерін қиярды қою арқылы емдеуге болады. Косметика саласында да қияр үлкен орын алады. Қияр көптеген теріні ағартатын кремдердің құрамында бар. Сонымен қатар қиярды табиғи күйінде немесе тұздап тағамдарға пайдаланады.
Екпе қауын – Melo sativus Sageret ex M. Roem – Дыня посевная – (Асқабақтар)
Біржылдық шөптесін өсімдік. Оның түрлері жеміс етінің құрылысына қарай, жұмсақ және тығыз етті болып екі топқа бөлінеді. Бірінші топ түрлері: Әңгелек, адана немесе киликилік, әміре және канталупа жатады. Тамыры мықты, кіндікті, көп мөлшерді жанама және соратын тамыршалары бар. Сабағы жатаған, жұмыр, қырлары әрең білінеді, көптеп бұтақтанған және қатты түктер басқан. Жапырағы бүйрек, жүректәрізді, бүтін немесе 5 қалақты, ақ түктермен көмкерілген. Гүлдері ірі, сары.
Маңызы: қауын жемісінде клетчатка, гемецеллюлоза, пектин заттары, крахмал, витаминдер: C, B1, B2,PP, нәруыздар; хош иісті заттар беретін: күкірт пен натрий көп. Қауынның жемісі шөлді басады. Оны жаңа және өңдеген күйінде қолданады; тосап, пюре, компот, цукат, бал жасап жейді. Кептірілген қауында 50%-ға дейін қант бар, ұзақ сақталады. Шала піскен қауынды тұздауға болады. Дәндерінде 19-35% май бар. Қауын өте жақсы балдық өсімдік, араларға шірне және тозаң береді. Балы алтын-сары түсті. Қауынның сортына қарай 4,5%-дан 13%-ға дейін қант болады. Қауын балында 60%-ға дейін қант болады. Қауынның жемісінің құрамында 4,5-18% қант, 0,6% нәруыз, C, PP витаминдері, каротин болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет