Бөлім Қорытынды Пайдаланылған


Кәдімгі сәбіз- Dancus sativus (Hoffm.) Rohl. Морковь посевная. Шатыргүлділер



бет5/6
Дата27.11.2023
өлшемі5,75 Mb.
#129786
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мәдени ө

Кәдімгі сәбіз- Dancus sativus (Hoffm.) Rohl. Морковь посевная. Шатыргүлділер
Сәбіз – сабағыныңбойы 1 метрге дейін жететеін, екі жылдық шөп тектес өсімдік. Бірінші жылы жуан тамырынан бірнеше жапырақ шығады, ал екінші жылы сабағы өсіп шығып, гүлдеп, тұқым береді. Сәбізді ботаникалық тұрғыдан аса сипаттаудың қажеті жоқ, себебі ол көпшілік қауымға белгілі мәдени өсімдік. Дәрілік шикізат ретінде және витаминдік дәрі ретінде өсімдіктің түбір түйнегі мен дәні – тұқымы күз кезінде жинап алынады
Оның тамыр – жемісінің құрамында каротин, В тобындағы витаминдер, крахмал, қант, А витамині, азотты заттар, минералды тұздар, флавноидтар, органикалық қышқылдар бар. Дәндерінің құрамында эфир майлары және флавоиол қосындылары, каротин бар.Сәбіз құрамында қант, ақуыз, пектин заттары, минерал тұздары (калий, натрий, фосфор) және организмге қажетті басқа да заттар бар.
Тісті түйежоңышқа Melilotus dentatus - (Waldst. et Kit.) Pers - Донник зубчатый. Бұршақтар
Екі жылдық биіктігі 30-90 см, сабақтары тік, түбірінен тегіс, бұтақталған немесе сирек жатаған түкшелері бар, жапырақ серіктері қан- дауыртәрізді, түпкі жағы кеңейген және тісті телімделінген, ұшы ұзын үшкірленген, жапы рактары созылыңқы эллипсті түбінен бастап көптеген, жиі, өткір, тікенектәрізді тісті телім- делген, көп гүлді гүл аяқшаларымен қоса 12 см ұзындықта, гүлдерінің ұзындығы 3-3,5 мм, күлтесі солғын сары, екі тұқым жарнағы бар.
Маңызы: балы ашық түсті, мөлдір,өткірлеу иісті, көпке дейін кристал- данбайды. Бұл бал өзінің ваниль исін еске түсіретін өте нәзік хош исімен, жоғары дәмді қасиетімен белгілі. Балдың құрамында 36,178% глюкоза, 39,159% фруктоза бар. Жабайы түйе жоңышқаның әр гектарынан 200 кг, ал қолдан өсіретін түйежоңышқаның гектарынан 600 кг дейін бал алынады.
Иісті аскөк - Аnethum graveolens L.-Укроп пахучий. Шатыршагүлдер
Қазақстанда иісті Аскөк өседі. Оның сабағының биіктігі 40 – 120 см болады, бұтағы тік келеді. Өткір хош иісті. Жапырақтары жіңішке, үшкір, көп тілімді, түсі жасыл. Гүлдері майда, ашық сары, қос жынысты. Тұқымдары ұсақ сопақша, түсі сұрғылт қоңыр, тұқымының айналасы жұқа қатпарлы қабатпен көмкерілген. Аскөк құнарлы топырақта 2 – 3 жыл бойы өседі. Жасыл жапырақтарында аскорбин қышқылы, каротин, хош иісті дәм беретін эфир майлары бар. Аскөк тұқымын күзде немесе ерте көктемде 10 – 12 күн аралығында, бірнеше қайталап себеді. Жапырақтарын биіктігі 15 см-ге жеткенде 25 – 30 күннен кейін, ал тұқымдарын 80 – 120 күннен кейін жинап алады. Аскөкті тағамға көктей не өңделген түрде қосады, көкөністерді тұздауға дәмдеуіш ретінде пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет