«Жариялау» әдісі (Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)
№1 тапсырма.Тақырыпқа қатысты терминдермен жұмыс. Топтық жұмыс. Сәйкестендіру.
Мұхит – гидросфераның негізгі бөлігі, жерді қоршап жатқан үлкен су айдыны.
Теңіз – мұхиттың құрлыққа сұғына кіріп орналасқан немесе оның өзге бөліктерінен құрлық жағалаулары, түбектер немесе аралдармен бөлектеніп жатқан кішігірім бөлігі.
Шығанақ– мұхит, теңіз, көлдің құрлыққа сұғына еніп жатқан және негізгі су айдынымен еркін, тұрақты су алмасатын бөлігі.
Бұғаз – құрлықтың екі телімін бөліп жатқан және жеке мұхиттар мен теңіздерді немесе олардың бөліктерін жалғастыратын айтарлықтай тар су кеңістігі.
Критериалды бағалау:оқушылар барлық терминдердің анықтамасын дұрыс анықтай алады.
Дескриптор: 4 терминді де дұрыс анықтаса- 4 б
3 терминді анықтаса - 3 б
2 терминді анықтаса - 2 б
№2 тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Кесте толтыру.Топтық жұмыс
Оқушылар дүние жүзілік мұхиттарға (көлемі, географиялық орны, ерекшелігі, теңіздері, бұғаздары, шығанақтары, қандай құрлықтарды шайып жатқатына)сипаттама береді.
Жоспар: мұхит аты –
географиялық орны –
шекарасы -
көлемі –
ең терең жері –
теңіздері –
бұғаздары –
шығанақтары –
Критериалды бағалау: дүниежүзілік мұхиттар туралы толық мәлімет біледі.
Дескрипторлар: мұхит аты – 1б
географиялық орны – 1б
шекарасы - 1б
көлемі – 1б
ең терең жері – 1б
теңіздері – 1б
бұғаздары – 1б
шығанақтары – 1б
Бағалау: мұғалім әр топтың жауабын бір стикер арқылы бағалайды.
№3 тапсырма. Сандық диктант.Жеке жұмыс. Оқушылар төмендегі сөздерді кестенің тиісті жеріне орналастырып шығады.
1) Аляска шығанағы, 2) Мозамбик бұғазы, 3)Жерорта теңізі, 4) Қызыл теңіз, 5) Чукот теңізі, 6) Жапон теңізі,
7) Мексика шығанағы, 8) Кар теңізі