Бөлім Сөз және оның мағынасы Машықкердің аты-жөні



бет2/3
Дата05.04.2023
өлшемі192,05 Kb.
#79749
1   2   3
Байланысты:
қмж ана тілі 04

Оқулықпен жұмыс
Өлеңнің авторы Сапарғали Бегалин жайлы қысқаша мағлұмат береді.
Сапарғали Бегалин – балалар жазушысы. 1895 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Дегелең ауылында дүниеге келген. Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы. Оның балаларға арналған «Ермектің алмасы»,
«Бақыт» тағы басқа жинақтары бар. Алматыда Сапарғали Бегалин атындағы балалар кітапханасы бар.
1-жаттығу Мұғалім оқулықта берілген «Қазым, қазым, қаңқылда» өлеңін дауыстап, мәнерлеп оқып береді.
–Өлең не туралы?
–Үй құстары немен қоректенеді?
–Қаз кәмпитті жақсы көре ме?
–Балалар құстардың пайдасы туралы білгендерін айтады.
–Еті
–Жұмыртқасы
–Мамығы
–Тыңайтқыш ретінде де пайдасы барын айтады
– Қаз қандай қоректі жақсы көреді? Үй құстарының қандай пайдасы бар? Олардың тіршілігін бақылап көріп пе едіңдер?
«Ең әдемі элемент» бойынша әдемі жазған оқушыларды мадақтап, көңіл бөлу (мүмкіндігінше барлық балаларға назар аударған жөн).
2-жаттығу. Берілген сөйлемдерді көшіріп жазады. Жүз сөзінің мағынасын түсіндіреді.

3-жаттығу. Жаңылтпашты тыңдатады.
Таптырмай қырдан құр, Қайттық біз құрдан-құр.
Сергіту сәті.
Ой, балалар, балалар!
Жылы-жылы жел соқты,
Жылғалардан су ақты.
Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті,
Жер қарайды: жаз кепті.
Желкілдейді көк майса.
Желіндейді мал жайса.
Ауыл көшті қыстаудан,
Әне, апамдар қой сауған,
Ой, балалар, балалар.
Ойналык та күлелік,
Қос басына мінелік.
Шығармашылық жұмыс. Үлгіге қарап, сөздердің құрамындағы буындардан жаңа сөз құрайды.

Автор жайлы мағлұмат алады.


1-жаттығу. «Қазым, қазым, қаңқылда» өлеңін дауыстап, рөлге бөліп оқиды.

Өлең соңындағы сұрақтарға жауап береді. Өлең мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеп айтады

Үй құстарына қаз, үйрек, тауық, әтеш, күркетауық жатады. Қаздың пайдасы мол. Оның еті дәрумендерге толы. Адамдар оның жұмыртқасын жейді, мамығынан жастық жасайды. Оларға жем, су беріп қамқорлық жасайды. Қаз, үйректер суда жақсы жүзеді.

Көркем жазу
Көркем жазуды орындайды: қаңқылда қаңқылда жарқын жарқын жарқын
2- жаттығуда берілген сөйлемдерді көшіріп жазады. Жүз сөзінің мағынасын түсіндіреді.
3- жаттығуда жаңылтпашты жатқа жазады.

Сергіту сәті
Балалар музыка әуенімен қимылдар арқылы сергіту жаттығуын жасайды.
Шығармашылық тапсырма. Асқабақ –
Арыстан
Балапан –Асқабақ – ас – қабақ – бақ – бақа – қас – бас.
2. Арыстан – ар – арыс – атан-сары – ыс, тана – нар – ары, тары.
3. Балапан – бал – бала – ал – апа – пана – ана – ала





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет