4.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше сын тұрғысынан бағалау және лексикалық, орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып түзету
4.3.1.1 оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып жоспар құру
Бағалау критерийі
Оқылған шығармадағы негізгі ойын және оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөледі, әр бөлікке ат қойып, жоспар құрады;
Мәтіннің құрылымын сақтай отырып жазбаша мазмұндайды (басы, оқиғаның дамуы, шарықтау шегі, соңы)
Оқылым және жазылым 1-тапсырма. Мазмұндама Мәтінді мұқият тыңда. Оқылған мәтінді жазбаша мазмұнда. Жер сілкінісі Табиғаттың қаһарлы құбылысының бірі – жер сілкіну. Ол - жер қыртысындағы, оның астыңғы қабаттарындағы дүмпу және жер бетіндегі діріл, тербеліс. Жер қыртысы біртұтас емес, оны литосфералық плиталар құрайды. Плиталар әрдайым қозғалады және жылына 1-6 см жылдамдықпен түрлі бағыттарға жылжиды. Бұндай қозғалыстардың себебі – жер шарының айналуы. Жер сілкінісі құрлықта да, мұхиттарда да болады. Құрлықта жер сілкінгенде үйлер мен ғимараттар, көпірлер қирайды, темір жолдар иіліп үзіледі. Су астында жер сілкінгенде орасан зор толқындар – цунами пайда болады.
Қазақстан шегарасында Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары қауіпті аймақта орналасқан. Жер сілкіну - адамдарға ырымшыл үрей туғызатын зілзала құбылыс.