Бөлім тақырыбы: Еуропа елдеріндегі тоталитарлық режимдер Сабақ тақырыбы: Франция мен Испаниядағы «Халық майданы» қаншалықты тұрақты болды?



бет1/3
Дата17.03.2023
өлшемі246 Kb.
#75058
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
10 сабак. Франция мен Испаниядағы «Халық майданы» қаншалықты тұрақты болды

Бөлім тақырыбы: Еуропа елдеріндегі тоталитарлық режимдер Сабақ тақырыбы: Франция мен Испаниядағы «Халық майданы» қаншалықты тұрақты болды?

  • Дүниежүзі тарихы
  • 8-сынып
  • Оқу мақсаты:
  • 8.1.2.1 қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге реакцияшыл идеялогиялардың (фашизм, тоталитаризм, нәсілшілдік, шовинизм, ұлтшылдық) таралу ықпалын анықтау;
  • 8.3.1.1 қоғамдық-саяси ағымдардың (әлеуметтік либерализм, әлеуметтік консерватизм, марксизм, социал-демократия) қоғамның өміріне ықпалын талдау
  • Бағалау критерийлері:
  • - қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге реакцияшыл идеялогиялардың (фашизм, тоталитаризм, нәсілшілдік, шовинизм, ұлтшылдық) таралу ықпалын анықтайды;
  • - қоғамдық-саяси ағымдардың (әлеуметтік либерализм, әлеуметтік консерватизм, марксизм, социал-демократия) қоғамның өміріне ықпалын талдайды;
  • АНДРЕ ЛЕОН БЛЮМ
  • 1930 жылдары Еуропа елдеріне фашизм қаупі төніп тұрды. Франция мен Испанияда солшыл күштер бірігіп, антифашистік қозғалыстар – Халық майдандарын құра алды.
  • Францияда дағдарыс 1930 ж. соңында басталды. Өнеркәсіп өндірісі екі есе қысқарып, жұмыссыздар күрт көбейді. 1934 жылы 6 ақпанда фашистер Парижде мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін ұйымдастырды. Бұл оқиға француз қоғамына фашизм қаупінің шындығын көрсетті. 1934 жылдың жазында Францияның социалистік, коммунистік және радикалды партиялары антифашистік біріккен халықтық майдан құрды. Оларға кәсіподақтар және басқа демократиялық қозғалыстар қосылды. 1936 жылғы сайлауда Халық майданы басым жеңіске жетті. Социалистік партияның жетекшісі Л. Блюм үкімет басшысы болып сайланды. Халықтық майдан депутаттарының 2/3 бөлігінен тұратын парламент дағдарыстан шығу үшін бірқатар заңдар қабылдады.
  • - Фашистік ұйымдарға тыйым салу
  • - Фермерлердің өнімдерін сатып алу бағаларының өсуі
  • - Ұлттық банкті бақылау, жекелеген кәсіпорындарды мемлекет меншігіне алу
  • - Еңбек жанжалдарын реттеу
  • - Салық реформасы
  • - Жұмыссыздарға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
  • - 40 сағаттық жұмыс аптасы мен 2 апталық ақылы демалыс енгізілді
  • - Жұмыссыздық пен жасы бойынша жәрдемақыны көтеру
  • Франциядағы халықтық майдан оқиғалары
  • 1938 жылы Халық майданы күйреді, бірақ оның реформалары халықтың өмір сүру деңгейін едәуір көтерді. Франция сол кезде әлемдегі ең озық еңбек заңнамасын қабылдады. Француздардың үлкен мақұлдауына бес күндік жұмыс аптасы мен міндетті екі апталық ақылы демалысты енгізу туралы заңдар қабылданды. Кәсіподақтар мен жұмыс берушілер арасында келісімдер жасалды, бұл елдегі әлеуметтік тыныштықты қамтамасыз етті.
  • 1931 жылы Испания монархиясы құлады. Демократиялық бостандықтар енгізілді, шіркеу мемлекеттен бөлінді. Үкімет жер иелерінің жерлерін ішінара тәркілеуді бастады. Бұл түрленулер 1934 жылы оңшыл күштердің билікке келуімен тоқтады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет