8.1.3.1 Оқу-еңбек тақырыптарына байланысты күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің мағынасын түсіну
8.2.3.1 Ауызша мәтіндер құрауда сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарын ескеріп айту
Үзінділерді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. 1-үзінді
Соғыста Исатай оққа ұшып, Махамбеттің жалғыздық зарын шеккеніне сегіз жыл үш ай болды. Ұзақ уақыттың ішінде жасаған сансыз жорығы ойына оралды. Исатайсыз бастаған ереуілі жеңіліс тапқалы бері Махамбеттің бармаған жері, баспаған тауы қалмады.
2-үзінді
Мінгені Исатайдың Ақтабаны-ай, Сүт беріп, сұлы беріп баптағаны-ай. Зеңбірек үш атқанда дарымады,
Құдайдың міне қара сақтағаны-ай.
Берілген тұрақты тіркестер мен күрделі сөз тіркестердің мағыналарын өз сөзіңізбен жазыңыз.
Зар шегу - Ойына оралу -
Бармаған жері, баспаған тауы жоқ –
Ұсынылған суреттердің бірін таңдап, ауызша мәтін құраңыз. Мәтінде сөз аралығындағы, сөз ішіндегі үндестік заңын ескеріп айтыңыз.
Бағалаукритерийі
№ тапсырма
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Мәтіндегі күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің мағынасын ажыратады
1
сөз тіркестері мен тұрақты тіркестердің мағынасын түсініп жазады;