Мотивациялық - қозғаушылық
|
Көрме ойыны.
Кесе, тәрелке, торсықты көрсету, оларды бір - бірімен салыстыру, бұлардың барлығын бір сөзбен не деп атайтынын сұрау олардың ою - өрнектеріне мән беру.
|
Балалар ыдыстарды ұстап көреді, пішініне, түсіне көңіл аударады.
|
Ұйымдастырушылық - ізденістік
|
Педагог балалардан қазақ халқының тұрмыста тұтынатын бұйымдар жайлы сұрап, ол ыдыстармен таныстырады. Бұл ыдыстар күнделікті тұрмыста қолданылатыны туралы, ыдыстарға салынатын " омыртқа ", " тышқанізі ", " құсқанаты " оюлары туралы түсіндіреді.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Бойымызды жазайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.
- Осы суреттегі ыдыстардың ішінде тәрелкенің суретін салып, оның ішін өрнектермен әшекейлейік. Тәрелкеде бейнеленген ою " сутамшысы " деп аталады. Су тамшысы - су, судың тамған бөлігі, демек судың тамшысы. Алдымен үлкен дөңгелек сызамыз, ішіне орташа дөңгелек дөңгелек сызамыз, сосын шет - шетіне айналдыра кішкентай тамшылар - судың тамшыларын салып, іштерін бояймыз.
( Әртүрлі трафарет - үлкен, орташа дөңгелектерді қолдануға болады ). " Тамып - тамып " деген сөзді қатты ақырын дауыстап айтқызып, сөздік жұмысы жүргізіледі.
- Өрнегімізді жіңішке қылқылыммен бастырып, бояумен әдемілеп бояймыз. Міне, біздің тәрелкеміз әшекейлі, әдемі болып шыға келді.
|
Қазақтың ұлттық ыдыстары - кесе, пияла, ожау, тостаған, тәрелке. Бұл ыдыстардың сырты өрнекпен әшекейленген, ол қазақтың ұлттық ою - өрнектері - " қошқармүйіз " " құс қанаты ".
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Қылқаламды тік бағытта ұстап, қылқаламның ұшымен жасайды. Бұл ою " су тамшысы " деп аталады.
Балалардың жауабы анық және толық болуы қажет.
|