Балалардан қандай ән үйренгенің сұрайды?Жануарлар туралы не білгендерін сұрайды.
Балаларды мақтау,мадақтау.
Қошақаным әні.
Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі:Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Құстар-біздің досымыз».
Мақсаты: Жыл құстары мен қыстап қалған құстар жайлы әңгіме.Сөйлеу барысында қабылдау процесін, тілдік ойлау элементтерін дамыту,дыбыстарды дұрыс айтуын қалыптастыру.
Көрнекілік құралдар: Әртүрлі суреттер
Оқу қызмет кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың қызметі
Мотивациялық қозғаушы
Балалар біздің топта табиғат бұрышында қандай құс бар?
Құстарқандай болады?
Тоты құс
Іздену-ұйымдастырушы
Құстар үй және жабайы болады.
Ал жабайы құстар жылы жаққа ұшатын және қыстайтын құстар болады.
Құстар біздің досымыз.Құстар біз қамқорлық жасауымыз керек.
Қалай қамқорлық жасаймыз?
Топтағы тоты құсқа біз не істей аламыз?
Ал даладағы құстарға?
Жарайсындар балалар.
Ал енді құстар туралы жанылпаш жаттайық
Қарға-қарға қарғалар,
Қар үстінде жорғалар
Бірнеше рет қайталап,балаларға жаттатады.
Керемет балалар.Орындарыңа жайғасыңдар.Мен сендерге әңгіме оқып берейін.
Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш
Ы.Алтынсарин
Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып,баласынан сұрады:
-Анау өрмекшіні көремісің,не істеп жүр?
-Көремін ,өрмек тоқып жүр.
-Анау құмырсқаны көремісің???
-Көремін,ауызында бір нанның уалшығы бар,жүгіріп кетіп барады.
-Жоғары қара,аспанда не көрінеді?
-Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр,аузында кесек тістеген шөбі бар.Сонда атасы айтты:
-Олай болса шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған әбірет.Өрмекші маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзіне азық етуге.
Құмырсқа бала-шағаларына тамақ аулап, бір нанның уалшығын тапқан соң өзі жемей, ауызына тістеп, қуанғаннаң, үйіне жүгіріп қайтып барады.Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп жайып жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ.Сені де құдай тағала босқа жүруге жаратпаған,жұмыс жұмыстауға әдеттенуге керек,-деді.