Бөлімше Көлемі, бет Ақша-кредит саясатының жəне оны талдау тəсілдерінің дамуы



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата31.12.2016
өлшемі0,73 Mb.
#854
1   2   3   4   5   6   7

2. Қаржы нарығы  

 

Депозиттік нарық  

Депозиттік  нарықтың  дамуы 2006 жылдың 3 тоқсанында  көпшілік  облыстарда 

депозиттер 

көлемінің 

ұлғаю 

тенденциясымен 



сипатталды.  

2006  жылдың 3 тоқсанында  депозиттердің  ең  жоғары  өсімі  Қарағанды  мен  Қызылорда 

облыстарында  тиісінше  –  59,6% жəне 54,3% болды.  Депозиттер  көлемінің  төмендеуі 

Атырау облысында –  11,3 % болып белгіленді. 

Депозиттер  көлемінің  өсуі  негізінен  өңірлердегі  экономикалық  жағдайдың 

жақсаруымен,  халық  табысының  ұлғаюымен,  халықтың  банк  жүйесіне  сенімдерінің 

артуымен, 

сондай-ақ 

кəсіпорындардың 

қаржылық 

жағдайларының 

жақсаруымен 

байланыстырылды.  Оның  үстіне  қатаң  бəсеке  жағдайында  жаңа  салымшылар  тару  үшін 

банктер  салымдардың  түрлерін  жəне  қосымша  қызметтерді  кеңейту  жөнінде  жұмыстар 

жүргізуде.  

Халықтың  ұлттық  валютадағы  салымдарының  өсу  тенденциясы  жалғасуда,  бұл 

салымшылардың  теңге  активтеріне,  сондай-ақ  ұлттық  валютадағы  салымдар  бойынша 

банктер ұсынатын тартымды сыйақы ставкаларына сенімдерінің арту деңгейін көрсетеді.  

2006  жылдың 3 тоқсанында  тартылған  депозиттер  ставкалары  бойынша    түрлі 

бағыттағы динамика байқалды. Теңгедегі депозиттер бойынша орташа алағанда облыстарда  

0,8 п.п. жоғарылады,  0,5 п.п. төмендеді.  

Теңгедегі мерзімді депозиттер бойынша орташа өлшемді ең жоғары ставка Қарағанды 

облысында – 9,7%, орташа өлшемді ең төмен ставка  – Маңғыстау облысында – 3,2% болды. 

Шетел валютасындағы депозиттер бойынша орташа алғанда ставкалардың  - 0,8 п.п., 

жоғарылағаны, орташа алғанда ставкалардың - 0,3 п.п. төмендегені байқалды.   

Шетел  валютасындағы  мерзімді  депозиттер  бойынша  орташа  өлшемді  ең  жоғары 

ставка Ақмола облысында – 7,5%, орташа өлшемді ең төмен ставка  – Маңғыстау облысында 

– 3,3% болды. 

Салымшылар түрлері бойынша депозиттік базаны қараған кезде көптеген облыстарда 

тартылған  депозиттердің  едəуір  бөлігі  бұрынғыша  жеке  тұлғаларға  тиесілі  болды (74,2%). 

Халықтың жан басына шаққандағы депозиттер көлемінің динамикасы 1-кестеде берілді. 

 


 

43

1-кесте 



Халықтың жан басына шаққандағы депозиттер көлемі * 

(ағымдағы шоттар мен резидент еместердің шоттарын есептемегенде) 

 

2006 жылдың 1 шілдесінде  



2006 жылдың 1 қазанында  

 

 



Облыстар 

Халық 


салымының 

жалпы 


көлемі 

(млн. теңге) 

Халық 

(мың адам) 



Халықтың 

жан 


басына 

(мың 


теңге) 

Халық 


салымының 

жалпы 


көлемі 

(млн. теңге) 

Халық 

(мың адам) 



Халықтың 

жан 


басына 

(мың 


теңге) 

Ақмола 9797 

748 

13,1 

9886 748,5 



13,2

Ақтөбе  


39252 

690,9 


56,8 

57833 694,2 



83,3

Алматы 8179 

1609,6 

5,1 

9034 1616,6 



5,6

Атырау 18061 

476,1 

37,9 

16025 479,2 



33,4

Шығыс Қазақстан 53647  1428,3  37,6 

72643 1425,6 

51,0

Жамбыл 9254 

1004,7 

9,2 

10194 1007,4 



10,1

Батыс Қазақстан 17173  611,1  28,1 

18196 611,9 

29,7

Қарағанды 101213 

1336,9 

75,7 

162703 1338,4 



121,6

Қостанай 23217 

902 

25,7 

25427 901,0 



28,2

Қызылорда 5797 

621,7 

9,3 

8947 624,2 



14,3

Маңғыстау 16375 

382 

42,9 

20396 387,1 



52,7

Павлодар 24975 

744,1 

33,6 

27924 744,5 



37,5

Солтүстік Қазақстан   12485 

660,6 

18,9 

13211 660,0 



20,0

Оңтүстік Қазақстан 15496 

2258,2 

6,9 

17527 2275,8 



7,7

 Алматы қ. 707082 

1266,5 

558,3 

772522 1280,0 



603,5

 Астана қ. 204606 

560,7 

364,9 

211658 569,7 



371,5

* Зерттеулер жəне статистика Департаментінің есебі бойынша  

 

Кестеден  көргеніміздей  халықтың  жан  басына  шаққанда 2006 жылдың  



1  шілдесінде  ең  жоғары  көрсеткіш      Алматы  и  Астана  қалаларында  тиісінше – 603,5 мың 

теңге  жəне 371,5 мың  теңге  болды.  Алматы  мен  Оңтүстік  Қазақстан    облыстарында  осы 

көрсеткіш  ең  төмен – 5,6 мың  теңгк  жəне 7,7 мың  теңге  болды.  Халықтың  жан  басына 

шаққандағы  ең  жоғары  жəне  ең  төмен  көрсеткіштерді  облыстар  бойынша  бөлгенде 2006 

жылдың 3 тоқсанында жағдай өзгерген жоқ.   

 

Кредит нарығы   

 

2006  жылдың 3 тоқсанында  кредиттеу  көлемінің  ұлғаю  тенденциясы  байқалды. 

Кредиттер бойынша негізгі қарыздың ең  көп ұлғаюы Алматы облысында  -  56% болды.  

Ұлттық  валютадағы  кредиттер  үлесін  бөлу  есеп  беріліп  отырған  кезеңде  мынадай 

түрде  қалыптасты.  Ұлттық  валютадағы  кредиттердің  ең  көп  үлес  салмағы  Қызылорда 

облысында – 82,5%, ең аз үлес салмағы Алматы қаласында – 37,2% болды. 

Кредиттеу  мерзімдері  бойынша  кредиттер  құрылымында  ұзақ  мерзімді  кредиттер 

бойынша  озық  өсім  ұзақ  мерзімді  кредиттерде  белгіленді.  Нəтижесінде  барлық  өңірлерге 

жуық  дерлік  ұзақ  мерзімді  кредиттердің    үлес  салмағы 70%-дан  асты,  оның  ең  көп  мəні 

Жамбыл облысында – 89% жəне Маңғыстау облысында – 88,6% болып қалыптасты.  

 Теңгедегі кредиттер бойынша ең төмен ставкалар Алматы қаласында – 13,6% болып 

тіркелді. Ең жоғары ставкалар –  Алматы облысында – 21,4% болып тіркелді. .  

Шетел валютасындағы кредиттер бойынша ең төмен ставкалар Алматы қаласында  – 

11,9% болып тіркелді.   

Бұрынғыша,  кредиттердің  едəуір  бөлігі  сауда  саласына  жіберілді:  қысқа  мерзімді 

кредиттер бойынша олардың үлесі  60%-ға дейін, ұзақ мерзімді кредиттер бойынша 23,1%-ға 



 

44

дейін,  сондай-ақ  өнеркəсіпке,  құрылысқа,  ауыл  шаруашылығына  жəне  көлік  пен  байланыс 



қызметіне жіберілді.   

Есеп  беріліп  отырған  кезеңде  банктердің  Қазақстанның  барлық  өңірлерінде  шағын 

кəсіпкерлік  субъектілерін  кредиттеу  тенденциясының  өскендігі  жалғасты.  Тұтас  алғанда, 

шағын бизнеске берілген кредиттер көлемінің ең көп ұлғаюы Оңтүстік Қазақстан облысында 

–  55,2% жəне Солтүстік Қазақстан облысында –  54,2% болды. 

 

Қолма-қол ақша айналымы  

Қазақстанның 

барлық 


облыстарында 

іс 


жүзінде 2006 жылдың  

3  тоқсанында  қолма-қол  ақша  эмиссиясы  көлемінің  ұлғайғаны  белгіленді.  Тұтас  алғанда, 

барлық  өңірлер  бойынша  ұлғаю 1,7% -дан  2,9 есеге  дейін  болды.  Мұндай  ахуал 

еңбекақының  жоғарылауымен,  халық  табысының  ұлғаюымен  түсіндіріледі.  Оның  үстіне, 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің қажетсінуі өсуде, өнеркəсіп өнімдерін өндіру бірте-

бірте  ұлғаюда,  жеке  сауда  айналымы  ұлғаюда,  сондай-ақ  кейбір  облыстар  республикалық 

бюджеттен ресми трансферттер алуда.  

Тауарлар  мен  қызметтер  нарығына  қатысушылар  арасында  есеп  айырысудың  негізгі 

үлесі  қолма-қол  ақшамен  жүзеге  асырылады  (орташа,  шағын  кəсіпорындар  мен  жеке 

кəсіпкерлер),  бұл  бюджетке  аударымдарды  қысқарту  мақсатында  табысты  жасырудың 

тəсілдерінің бірі болып табылады.   Бұл өз кезегінде айналымдағы қолма-қол ақша көлемінің 

ұлғаюына мүмкіндік жасайды.  

 

Шетелдік валюталармен айырбастау операциялары 

2006  жылдың 3 тоқсанында  Қазақстанның  барлық  өңірлерінде,  барлық  облыстарда 

АҚШ  долларын  сатып  алу  көлемінің  төмендегені  белгіленді.  Ең  көп  төмендеу    Қостанай 

облысында  –  39,1%-ға жəне Оңтүстік Қазақстан облысында  -  28,1%-ға тіркелді. .  

Доллар сату бойынша валюта сату көлемінің ұлғайғаны белгіленді. Ең көп жоғарылау  

Жамбыл жəне Ақтөбе облыстарында  - 84,4% жəне 82,3% болды. 

Евро бойынша сатып алу көлемі орташа  21,9% болды. Ең көп жоғарылау  Қостанай 

облысында  - 1,2 есе болды. 

Евро  сату  бойынша  ең  көп  өсім  Ақтөбе  облысында  1,4 есе,  төмендеу  Астана 

қаласында –  26,9% болды.  

Ресей рублі бойынша барлық облыстарда сатып алу операциялары орташа -  36,8%-ға 

ұлғайды, сату операциялары бойынша орташа –  50,3%-ға ұлғайды.   



 

Əлеуметтік жағдай 

2006  жылдың 3 тоқсанында  республика  бойынша  бір  қызметкердің  орташа  айлық 

жалақысы орташа -  19,3%-ға өскендігі белгіленді. Номиналды жалақының ең көп өсімі есеп 

беріліп  отырған  кезеңде 4 облыста:  Шығыс  Қазақстан,  Солтүстік  Қазақстан,  Алматы 

облыстарында жəне Астана қаласында орташа  –  24,6%-ға өсті, ең төмен жалақы –  Павлодар 

облысында - 8,5% болды. .  

Бұрынғыша,  халықтың  табысындағы  елеулі  алшақтық  өңірлік  белгілер  бойынша 

сақталуда.  Ең  жоғары  орташа  айлық  жалақы  Атырау  жəне    Маңғыстау  облыстарында 

тиісінше  – 81,1 мың  теңге  жəне 68,4 мың  теңге,  сондай-ақ    Алматы  жəне    Астана 

қалаларында тиісінше  – 58,8 мың теңге жəне 55,7 мың теңге, сол кезеңде ең төмен көрсеткіш 

Оңтүстік Қазақстан облысында – 26,0 мың теңге болды.  

Бұрынғыша,  тау-кен  өндіруші  өнеркəсіп,  қаржы  саласы,  жылжымайтын  мүлікпен 

жəне  жалға  беру  операциялары  бойынша  қызмет  беру  салалары,  құрылыс,  көлік  жəне 

байланыс  салаларының  қызметкерлері  ең  жоғары  жалақы  алады,  ал  орман  шаруашылығы, 

балық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау жəне білім беру салаларының 

қызметкерлері ең төменгі жалақы алады.   

 

Негізгі қорытынды

 

 


 

45

• 



2006  жылдың 3 тоқсанында  инфляцияның  жалпы  деңгейін  сипаттайтын  тұтыну 

бағасының индексі облыстық статистика басқармаларының деректері бойынша 2005 жылдың 

желтоқсанымен  салыстырғанда  Алматы  қаласында – 109,5% жəне  Астана  қаласында    – 

107,9%  болып  қалыптасты.  Аталған  облыстардағы  баға  индексінің  жоғарылауы  ақылы 

қызмет пен азық-түліктік емес тауарлар бөлігінде бағаның өсуі есебінен болды. 

• 

 Өңдеуші  өнеркəсіп  өсімін  елеулі  қарқыны  мұнай  өнімдерінің,  қара  жəне  түсті 



металлдардың,  машина  жасау  өнімдері  өндірісінің  өсуі,  тамақ  өнімдері  өндірісі  көлемінің 

ұлғаюы, баспа ісінің,тоқыма жəне тігін өнеркəсібінің жоғары қарқынмен өсуінің арқасында 

қол жеткізілді.   

• 

2006  жылдың 3 тоқсанында  ауыл  шаруашылығы  өнімдерінің  көлемі  өскендігі 



белгіленді.  отмечен  рост  объемов  продукции  сельского  хозяйства.  Ең  жоғары  көрсеткіш 

Оңтүстік  Қазақстан  облысында – 16,7% болып  тіркелді.Өндірістің  осылайша  ұлғаюы 

негізінен  мал  шаруашылығы  жалпы  өнімінің:  сүт  сауудың,  ет,  жұмыртқа  өндірудің  

ұлғаюымен байланысты болды.  

• 

Депозиттік  нарықтың  дамуы 2006 жылдың 3 тоқсанында  көпшілік  облыстарда 



депозиттер  көлемінің  ұлғаю  тенденциясымен  сипатталды. 2006 жылдың 3 тоқсанында 

депозиттердің ең жоғары өсімі Қарағанды мен    Қызылорда    облыстарында   тиісінше  –  

59,6%  жəне 54,3% болды.          Депозиттер көлемінің төмендеуі Атырау облысында –  11,3 

% белгіленді.  

• 

Бұрынғыша   халықтың   табысындағы    елеулі  алшақтық өңірлік белгілер  бойынша    



сақталуда.  Ең    жоғары орташа  айлық  жалақы   Атырау жəне  Маңғыстау    облыстарында    

тиісінше  – 81,1   мың      теңге  жəне 68,4 мың  теңге,  сондай-ақ    Алматы  жəне    Астана 

қалаларында  тиісінше  – 58,8 мың  теңге  жəне 55,7 мың  теңге,   сол  кезеңде      ең      төмен   

көрсеткіш  Оңтүстік  Қазақстан облысында – 26,0 мың теңге болды.  



 

2006  жылдың 3 тоқсанында

 

республика  бойынша  жалпы  экономикалық  ахуал 



экономиканың нақты секторында өндіріс көлемінің тұрақты өсу қарқынымен сипатталып, 

экономиканы  дамытуға  жəне  республикада  экономикалық  ахуалды  тұрақтандыруға 

бағытталған  бірқатар  шараларды  іске  асыруға  қалыптасқан  қолайлы  жағдай  мүмкіндік 

туғызды.  Оған  қоса  экономиканың  нақты  секторы  кəсіпорындарын  дамытуда  өзекті 

проблемалар:  меншік  қаражатпен  жеткілікті  қамтамасыз  етілмеуі;  негізгі  құрал-

жабдықтың  қатты  тозуы;  өнімнің  бəсекелестік  қабілетінің  төмендігі;  маркетинг  пен 

менеджменттің 

төмен 

деңгейі; 

кооперациялық 

байланыстарды 

жоғалту; 

тұтынушылардың төлем қабілетсіздігі болып қалып отыр.   

Есеп  беріліп  отырған  кезеңде  бағаның  өсуінің  негізгі  себептері  ішкі,  сондай-ақ 

сыртқы  факторлар  болуы  жалғасуда.  Республика  бойынша  тұтас  алғанда,  байқалып 

отырған  экономикалық  өсім  халықтың  табысының  жоғарылауы  себепті  сатып  алу 

қабілетінің  ұлғаюымен  ілесе  жүрді,  соған  қоса  жекелеген  өңірлерде  бағаның  өсуіне 

республиканың сауда орталықтарынан географиялық жағынан шалғайлығы да ықпал етті.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

46

ЭКОНОМИКА ЖƏНЕ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ: АЙМАҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕР 

 

      ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЖƏНЕ ИПОТЕКАЛЫҚ 

КРЕДИТТЕУДІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» мемлекеттік мекемесінің  



Қарағанды филиалы директорының орынбасары 

Н.Спатаева 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 

Қарағанды филиалы экономикалық талдау жəне статистика бөлімінің бастығы 

Е.Араева 

 

Осы  мақалада  Қарағанды  облысында  ипотекалық  кредиттеудің  жай-күйіне 



қысқаша  шолу,  орташа  кірісі  бар  халықтың  тұрғын  үй  мəселесі  жəне    шешудің 

жолдары қарастырылады.

 

Соңғы бірнеше жылда қазақстандықтар үшін басында ерсі болып көрінген «ипотека» 



деген  ұғым  (грек  тілінен – кепілзат)  күнделікті  өмірден  берік  орын  алды.  Ипотекалық 

кредиттеу,  оның  дамуы  көптеген  елдерде  ұлттық  əлеуметтік-экономикалық  даму 

бағдарламасының  негізгі  міндетінің  бірі  болып  табылады,  алайда  бұл  мəселенің 

жылжымайтын  мүлік  құны  мен  тұрғындардың  негізгі  бөлігінің  ағымдағы  кірістері 

арасындағы  айтарлықтай  қайшылығы  тұрғын  үй  алуға  мүмкіндік  бермейтін  өтпелі 

экономикасы  бар  елдерде  ерекше  маңыздылығы  артып  отыр.  Осыған  байланысты  ұзақ 

мерзімді ипотекалық кредиттеу тұрақты кірістері бар азаматтарды құны жағынан қол жетімді 

тұрғын  үймен  қамтамасыз  етуге  бейімделген  жəне  ипотекалық  кредиттеу  жүйесі 

қаншалықты  дамыған  болса,  жылжымайтын  мүліктің  нарықтық  айналым  ауқымы 

соншалықты үлкен.    

Құрылыс  индустриясының  жəне  ипотеканың  дамуында  маңызды  орын  қабылданған 

Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 – 2007 жылдарға арналған бағдарламасына беріліп 

отыр, оның негізгі бағыттары тұрғын үй құрылысының тұрақты өсуіне қол жеткізу, сондай-

ақ тұрғын үй құнын арзандату арқылы халықтың көпшілік бөлігін тұрғын үймен қамтамасыз 

ету.  Елімізде  жалпы  экономиканың  өсуі  аясында  ипотеканы  ендіру  құрылыс  саласының 

дамуына,  халықтың  тұрғын  үйге  деген  сұранысының  жəне  шағын  жəне  орта  бизнес 

өкілдерінің  коммерциялық  жылжымайтын  мүлік  объектілеріне  деген  сұранысының  өсуі 

ынталандыруды,  коммерциялық  банктер  ипотекалық  кредит  беру  бойынша  белсенді 

компанияларды бастады. 

Қазақстанда ипотека нарығы жыл сайын орташа алғанда үш есеге ұлғаяды, болашақта 

талдаушылардың пікірінше ипотекалық кредиттеудің жыл сайынғы өсімі 20-30% деңгейінде 

сақталады.  Қарағанды  облысының  Статистика  басқармасының  деректері  бойынша 2006 

жылғы 1 желтоқсандағы  жағдай  бойынша 925 құрылыс  ұйымы  (шағын  кəсіпорындарды 

ескере отырып) тіркелген. Олардың ішінде 593 кəсіпорын (64%) 2006 жылғы қаңтар-қарашада 

өз  қызметін  жүзеге  асырған, 332 (36%) – уақытша  тоқтап  тұрды.  Оның  үстіне 2006 жылғы 

қаңтар-қарашада облыс аумағында басқа облыстарда тіркелген 14 құрылыс ұйымы мердігерлік 

жұмыстарды орындады. 

2006  жылғы  қаңтар-қараша  нəтижесінде  мердігерлік  жұмыстардың  республикалық 

көлемінің 3,7%-ы  Қарағанды облысына тиіп отыр – басқа облыстардың арасында 9 орын алып 

отыр. 


Осы  кезең  ішінде  жалпы  көлемі 381,6 мың.ш.м. 1169 үй,  оның  ішінде  тұрғын  үй 

мақсатындағы жалпы көлемі 231,8 мың.ш.м. 702 үй салынған.  

2006  жылғы  қаңтар-қараша  қорытындысы  бойынша  тұрғын  үй  құрылысына 8050,0 

млн.теңге (негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлемінің 7,2%), бұл өткен жылдың тиісті 

кезеңінің 113,3% көлемін құрайды. Тұрғын үй құрылысында инвестицияның неғұрлым үлкен 


 

47

бөлігін  барлық  меншік  нысанындағы  кəсіпорындар  игерген (68,4%). Жеке  құрылысшылар 



инвестицияның жалпы көлемінің 31,6%-ын игерген. 

Қарағанды облысына ендірілген тұрғын үй үлесіне республикалық көлемнің 4,5% тиіп 

отыр, бұл – Республикамыздың басқа облыстарының арасында 8 орын. Облыс бойынша 2006 

жылғы қаңтар-қарашада барлығы жалпы көлемі 231,8 мың ш.м. 1831 пəтер берілген – бұл 2005 

жылғы  қаңтар-қарашада  берілген  тұрғын  үйдің  көлемінен 18,6%-ға  көп.  Облыс  бойынша 

тұтастай  алғанда 2006 жылғы  қаңтар-қарашада  берілген  тұрғын  үй  құрылысының  жалпы 

көлемінің 1 ш.м.  орташа  нақты  құны 24,4 мың  теңгені,  пайдалы  алаң – 27,5 мың  теңгені 

құрады.  Қарағанды  қаласында 1 ш.м.  тұрғын  үй  құрылысының  ең  жоғары  құны  39,4 мың 

теңге болды.  

Қарағанды қаласында тұрғын үй нарығының ерекшелігі жаңа тұрғын үйді сатып алуда 

емес,  пəтерді  қайта  сатуда  болып  отыр,  яғни,  негізінен  ай  сайын  қымбаттайтын  қайталама 

нарық  дамуда,  түпкі  нəтижесінде  қоғамның  əлеуметтік  бөлінуіне  əкелетін  тұрғын  үй  қайта 

бөлінуде.  Жаңа  тұрғын  үй  негізінен  элиталық  жəне  шын  мəнінде  тұрғын  үйге  мұқтаж 

көпшіліктің мүлдем қолы жетпейтіндей етіп салынып жатқандығын, бұл ретте пайдалануға 

берілгеннен  кейін  айтарлықтай  материалдық  салымды  талап  ететін    сапасы  төмен 

мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй құрылысын атап өткен жөн. 

2006  жылғы  желтоқсан  айындағы  жылжымайтын  мүлік  нарығын  зерттеу  нəтижесі 

бойынша Қарағанды қаласының орталығында бір шаршы метрдің орташа құны 42 ш.б. (645-

тен бастап 687 ш.б. дейін) өскен, бұл ретте ең үлкен өсім төрт бөлмелі пəтерлер 48 ш.б. (791-

ден 839 ш.б. дейін) жəне бір бөлмелі пəтерлер 46 ш.б. (251-ден 297-ге дейін) болған, екі жəне 

үш бөлмелі пəтерлердің бір шаршы метрі бірдей көтерілген (37-38 ш.б-ке.). 

Қаланың  орталығындағы  тұрғын  үйдің  бағасы  оларды  ұзақ  пайдалану  мерзіміне 

қарамастан  үнемі  қымбаттауда,  тұрғын  үйдің  басым  көпшілігі 70-80 жылдары  салынған 

Оңтүстік-Шығыс  шағын  аудандарында  да  тұрғын  үй  бағасының  үнемі  өсуі  байқалады. 

Мəселен,  Оңтүстік-Шығыс  аудандарда  қарашада  бір  шаршы  метрдің  орташа  құны 568-ден 

601 ш.б-ке дейін немесе 33 ш.б-ке өскен, бұл ретте екі бөлмелі пəтерлер шамамен қаланың 

орталығындағы  сияқты  бағаланады.  Аса  беделді  болып  саналмайтын  Майқұдық  ауданында 

қайталама  тұрғын  үйдің  бір  шаршы  метрінің  бағасы 29 ш.б-ке  өскен. (281-ден 310 ш.б. 

дейін).  Қаланың  ең  болашағы  бар  жəне  «жас» (тұрғын  үйлердің  салынған  жылдары 

бойынша) аудандары Дала жəне Гүлдер шағын аудандары саналады, себебі болашақта  қала 

орталығын  осында  көшіру  жоспарланып  отыр,  банктер  əсіресе  осы  аудандардағы  тұрғын 

үйге  кепілдікке    кредиттерді  қуана-қуана  береді,  осыған  байланысты  олардың  құны  үнемі 

өсуде.  

Қазіргі уақытта қала орталығында екі бөлмелі пəтерлердің орташа құны -32301 ш.б., 

Оңтүстік-Шығыста – 30710 ш.б.,  Гүлдер  жəне  Дала  шағын  аудандарында 24000-нан 25000 

ш.б-ке  дейін,  Майқұдықта -15753 ш.б,  үш  бөлмелі  пəтерлердің  құны  тиісінше - 39805 ш.б. 

40368 ш.б., 36000-нан 39000 ш.б. дейін жəне 21079 ш.б. 

Тұрғын үй саясатын іске асыруда маңызды орын ипотекалық кредиттер жүйесіне жəне 

құрылыс  жинақ,  ақша  жүйесіне  жүктеліп  отыр,  олар  «Қазақстан  ипотекалық  компаниясы» 

АҚ (бұдан əрі – ҚИК) жəне  «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қаражатымен 

ұсынылып отыр.  

Банктерді  қайта  қаржыландыруды  жүзеге  асыратын  қаржылық  құрылым 

ретіндегі ҚИК қызметі банктер арасындағы бəсекелестіктің дамуына жəне ипотекалық 

кредиттеу  талаптарын  жеңілдетуге  ықпал  етті.  Мəселен 2001 жылдың  басында 

кредиттер 3 жылдан  астам  мерзімге  берілді,  ал  кредиттер  бойынша  сыйақы  ставкасы 

теңгемен  жылдық 28%-ға  жетті.  Қазіргі  уақытта  кредиттеу  мерзімі 20 жылға  дейін 

ұзартылды, ал сыйақы ставкасы  жылдық 13%-ға дейін төмендеген, бұл ипотекалық кредит 

алуға мүмкіндіктің жоғарылауына ықпал етті. 

Сонымен қатар бұл жүйенің кемшіліктері де бар, ол кредиттің қымбатшылығы, мұны 

банк  заемының  талаптарын, «БТА  Ипотека»  АҚ  арқылы  кредитті  кезең  кезеңімен  өтеудің 

графигін талдау растайды. 


 

48

Сонымен, 10 жылға 12500 доллар  сомасында  берілген  банктік  заем  шартында  заем 



бойынша  сыйақы  ставкасы 13,9% (кредит 2004 жылы  берілген)  көзделген,  бұл  бұдан  əрі 

инфляцияны ескере отырып бір жылда 2 рет (1 сəуірде жəне 1 қазанда) біржақты тəртіппен 

қайта  қаралады.  Бұл  ретте 2004 жылы  ай  сайынғы  төлем 26970 теңгені  құраған  жəне 2014 

жылы 27700 теңге. Айтарлықтай қымбат жыл сайынғы сақтандыру көзделген – мəселен 2004 

жылы кредит беру сəтінде сақтандыру сомасы 18196 теңгені, 2005 жылы -  16644 теңгені жəне 

2006 жылы - 15891 теңгені құраған. 

Ипотека 15 жылға берілген кезде орташа алғанда жəне банктер бойынша ай сайынғы 

төлем 20 мың теңгені құрайды.  

Бұл  ретте  ірі  жəне  орта,  сондай-ақ  шағын  кəсіпорындардың  кəсіпкерлік  қызметпен 

айналыспайтын  бір  қызметкерінің  номиналдық  орташа  айлық  жалақысы 2006 жылғы 

қазанда  облыста 37671 теңге  болды  жəне  де 2006 жылғы  қаңтармен  салыстырғанда  өсімнің 

барлығы 0,2 % (34552 теңге) болды, алайда тұрғын үй бағасы айтарлықтай жоғары қарқынмен өсіп 

отыр. 

Салалар  бөлігінде  номиналдық  орташа  айлық  жалақы  былайша  сипатталады - 



«мемлекеттік  басқару» - 33688 теңге, «білім  беру» - 21063 теңге, «денсаулық  сақтау  жəне 

əлеуметтік қызмет көрсету» - 20036   теңге. 

Ипотекалық  кредитті  заем  алушылар  бірнеше  ай  пайдаланғаннан  кейін  кредитті 

өтеу  есебіндегі  ай  сайынғы  жарнаның  өте  жоғары  болуы  отбасы  бюджетінен  үлкен 

сомасын бөлу мүмкін емес болғандықтан алынған кредиттен бас тартатын жағдайлар да 

кездеседі. 

      

Жоғарыда  аталған  мəселелерден  басқа,  ипотекалық  кредиттеуге  тəуекел  еткен 



адамдарда басқа да бірқатар қиындықтар туындайды. Мысалы, объектілерді Жылжымайтын 

мүлік  орталықтарында  мемлекеттік  тіркеу  көп  уақытты  алады.  Бұл  бір  ғана  сəті.  Оның 

үстіне,  кредитор  аяқталмаған  құрылыс  объектілерімен  мəмілелерді  кредиттеу  кезінде  өте 

жоғары  тəуекелде  болады,  себебі  осындай  мəмілелері  олар  пайдалануға  берілгенге  дейін 

уəкілетті  органда  міндетті  түрде  мемлекеттік  тіркеуден  өтпейді,  мұндай  жағдайда  кепілзат 

мəні аяқталмаған құрылыс объектісі емес, пайдаланылған құрылыс материалдары болады.  

Халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін Үкімет қабылдаған келесі шара тұрғын 

үй  жинақ  ақша  жүйесін  құру  бойынша  шаралар  қабылданғаны,  мұның  басы  Қазақстанда 

«Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылыс жинағы туралы» 07.12.2000 жылғы ҚР Заңы 

болды.  


Тұрғын  үй  құрылысы  жинақ  ақша  мемлекеттік  жүйесі  жəне  банкі  қызметі 

салыстырмалы түрде жоғары емес, алайда тұрақты кірістері бар, яғни ипотекалық кредит алуға 

мүмкіндігі  жоқ  азаматтар  үшін  арналған.  Банктің  барлық  ұсынып  отырған  тарифтік 

бағдарламалары  осындай  кредиттер  бойынша  өтеу  отбасы  бюджетіне  айтарлықтай  қиындық 

келтірмейтіндей түрде əзірленген. Мемлекет республикадағы тұрғын үй құрылысы жинағ ақша 

жүйесін  дамытуға  мүдделі  жəне  салымшыларға  жылдық 20% мөлшерінде  жыл  сайынғы 

сыйақы төлей отырып ынталандыруға дайын, заем 20 жылға дейінгі мерзімге 3,5%-дан 8%-ға 

дейінгі ставка бойынша беріледі. Тұрғын үй сатып алудан басқа, заемдар тұрғын үй жағдайын 

жақсарту – бұл үй құрылысы, жөндеу (құрылыс материалдарын сатып алуды жəне мердігерлік 

жұмыстарда  ақы  төлеуді  қоса  алғанда),  жер  телімін  сатып  алу,  кез  келген  коммерциялық 

банктен  ипотекалық  кредит  алу  үшін  бастапқы  жарна  алу,  сондай-ақ  тұрғын  үй  жағдайын 

жақсарту  бойынша  бұрын  алынған  міндеттемелерді  өтеу  бойынша  барлық  іс-шараларға 

ұсынылады.  

 Құрылыс  жинақ  ақша  жүйесінің  мəні – кейін  тұрғын  үй  заемын  төмен  ставкамен 

алатындай қажетті соманың 25 немесе 50%-ын банкте алдын ала жинау. 

Алайда  «Тұрғын  үй  құрылыс  жинақ  банкі»  АҚ-ның  филиалдары  арқылы  кредит 

ресімдеу кезінде жинақ шотында белгілі бір қаражат сомасы болуы қажет, яғни кредиттеудің 

бұл нысаны əсіресе болашақта тұрғын үй жағдайын жақсартуды жəне салым ретінде қаражат 

бөлігін жинайтын жас отбасылар болашағына ыңғайлы. 


 

49

Жоғарыда  аталғанның  қорытындысын  шығара  отырып,  республикадағы  тұрғын  үй 



мəселесін  шешуге  бағытталған  іс-шаралардағы  оң  үрдістің  байқамайтындығын  атап  өту 

қажет,  алайда  қабылданатын  оң  шаралар  көп  жағдайда  осыны  пайдаланып  ақша 

табушыларға  таптырмас  жол - жалақының,  зейнетақының  көтерілуі  тауарлар  мен  қызмет 

бағасының өсуіне алып келеді, банктердің қызметін пайдалана отырып тұрғын үй жағдайын 

жақсарту мүмкіндігі туғанмен пəтер бағасы өсуде.    

Осылайша,  ипотекалық  кредиттеудің  басты  мəселесі  тұрғын  үйдің  жоғары  құнының 

халықтың негізгі бөлігінің кірісіне айтарлықтай сəйкес келмейтіндігі, оларға өз кірістер мен 

шығыстарын 15 – 20 жылға жоспарлауға мүмкіндік бермейтіндігі болып отыр. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет