Болмаған балалық шақ



Pdf көрінісі
бет28/30
Дата22.07.2023
өлшемі2,2 Mb.
#104632
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Elgezek A. Bolmag An Balalyik Shak.a4

 
Бір уыс бидай
 
Біздің ауылға күз келгенде, неге екенін білмеймін, үйімізге береке кіретін. Осы бір
жомарт шақта үйдегілер сабырлы бола қалатын біртүрлі, ерекше бауырмал бола қалатын.
Жүзімізге жылт жүгіріп, жан-жағымызды түгендеп, біртүрлі жинақыланып қалатынбыз.
Біздің қырда жалғыз ғана Сарытайпақ деген тоғай бар. Сол тоғайдан жаз бойы күннің
нұрынан, топырақтың нәрінен қуат жинаған шөпке ыңқия тойған сиырлар мамырлап басып,
сиырлардың артында атының басын бос тастаған атам былқ-сылқ етіп ұйықтап келе жататын.
Алпыстан енді асқан тың тұяқ шалдың басындағы малақайдың құлағы түстікке қарай
шулап ұшып бара жатқан құстардың қанатындай жалпылдап келе жатушы еді.
Қырдың беті қырынбаған атамның жағына ұқсап, қырауланып тұратын-ды. Күннің
шуағы әлі қайта қоймаса да, ызғар сезілетін. Әсіресе, ол ызғар Ор-атамның бойын шарпып
өткенде, көзі ақшиған шалекең даланы басына көтеріп, еһ, бір түшкіріп алушы еді ғой!
Ондайда аты да қоса пысқыратын. Өрістен қайтқан сиырлар жүрістерін ширатып, қайтадан
найқала басатын.
Күз әлбетте суық болады ғой, бірақ сол суықта адамның бойында өмірге деген құлшы-
ныс пайда болатын еді! Әлде адамды сол сәтте үйдегі пештің ішінде шытырлап жанып жатқан
оттың сұлбасы жұбата ма екен?! Әлде атамның сандығының түбінен кеше ғана шыққан қалың
киіміңнің қызуы ма екен?..
Қалай болғанда да, атам үйге жақындап қалғанда селк етіп оянып алатын. Және ол тура
ескі бейіттің төртінші моласынан өткен кезде есін жиятын. Неге солай болатынын мен білмей-
мін. Бір білсе, оны қара қасқа ғана білуі керек. Мүмкін тура сол жерден өтіп бара жатқанда,
қара ат атама бір белгі берер. Оны атам білсе де, айтпайды.
Малды жайғап жүрген атамның асқазанындағы тәбетті мен оның келбетінен көретінмін.
Сиырларды байлап жатқан жарылған қолдары да бір майлы дүниені аңсап тұратындай көрі-
нуші еді.
Көшпендінің ұрпағымыз ғой, қара пештің үстіндегі шойын қазанда бұрқылдап жатқан
күздіктің етінің иісін екеуміз бірдей сезетінбіз. Сол иіс қораға дейін келіп тұратын және сол
ғаламат жұпар екеумізді ортақ қуанышқа кенелтуші еді.
Атам ондайда жарқылдап сөйлеп, менімен кәдімгідей қалжыңдасып, қуақыланып
кететін. Менің қуанышым ет емес, менің қуанышым – атамның жақсы көңіл-күйі.
Шалекең, өз ләззатына өзі рахаттанып, екі-үш рет келіні шақырғанша, анау мынауды сыл-
тау етіп, қара суық азынап тұрған аулада жүріп алатын ғой. Бағанадағы шегеге бишігін іледі,
басынан қалпағын шешіп, жамбасына төрт рет ұрады, аспанға бір қарап қойып жұтынады, қос
қолын ысқылайды, сосын міндетті түрде қораның ішіндегі бидайды барып ұстаушы еді.
Маған оның аспанға қарағаны, бишікті ілгені, тіпті бет-ауызын ұмаждап, қайта жазғаны
да қызық көрінбеуші еді. Жемқораға барып, бидайды уыстап алып, сусылдатып төккені, сосын
алақанын иіскегені қызық болатын.
– Ата, осы сіз неге күнде осылай далада сипақтап жүріп аласыз? – деп сұрадым бірде.
– Еее, айналайын, асқа шақыратын кемпірім болса, бір сәрі. Келін шақырғанда, бірден
кіруге ұялам. Өз малымның еті болса да, мен де бір жетім адаммын ғой… – деді.
– Ой, бұл өзіміздің Гүлғайша ғой, неменеге қысыласыз? Қызық екенсіз!
– Келін бір шақырғанда жетіп келген атада қасиет болмайды, шырағым. Ол ойланады,
«атам маған ренжулі емес пе екен?» деп. Сосын асын да, шайын да қабағы ашылып береді,
сарыбас! – деп көзін қысып, жауап беретін.
– Өзіңіз бір қу екенсіз!
– Қу адам ақымақ болады деп кім айтты саған! – деп 50 пайызға ренжіп қалатын…
– Бидайды неге күнде ұстайсыз?


А. Елгезек. «Болмаған балалық шақ»
69
– Рахмет айтам.
– Бидайға ма? Қойыңызшы!
– Еі, бидай тас па еді? Тастың да санасы бар, бидай түгілі! Бидайға рахмет айту арқылы,
оның бойындағы жердің жанына рахмет айтам. Қарағым, ашаршылық кезінде мені сол бір уыс
бидай аман алып қалған, ал барып жататын орным – Қара жер. Сол үшін мен Жерге де, оның
қойнауынан шыққан бидайға да, үшеумізді жаратып, бағып-қаққан мейірімді Құдайға да рах-
мет айтам!
– Құдай ести ме оны?
– Гүлғайшадан жақсы естиді, әйтеуір, – деп, тоңазыған беті қызарғанша селк-селк етіп
күлетін атам. Жарықтық Гүлғайша жеңгем алаңғасарлау еді.


А. Елгезек. «Болмаған балалық шақ»
70


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет