А. Елгезек. «Болмаған балалық шақ»
57
тылсым толқыныстың пайда болғанын байқадым. Болашақты су бетінен көргендей айтатынды
шығардым. Айтқаным айдай келетін болды. Алайда мен бұл оқиғаны ешкімге айтқан жоқпын.
Өйткені менің сөзіме ешкім сенбейтін еді. Бұл сырымды мен ең алғаш осы кітаптың бетінде
ашып отырмын. Керек десеңіз, мен осы көрініске өзім де сенбеймін. Бірақ қаша жөнелген
атым, қыңсылаған ит, шеті түріліп, дүрр етіп үріккен отар – бәрі-бәрі бұл шын мәнінде болған
жағдай екенін айқындай береді…
Кейін бұл қара айдаһар талай рет түсіме кірді. Әлі де еніп тұрады. Ол маған адамша тіл
қатып,
Құдай туралы,
жаратылыс туралы, көптеген таңғажайып әңгімелер айтады.
***
Міне, осылай кешке күн
ұясына әбден батып, дала алакөлеңкелене
бастаған шақта
ертоқымын асынып ап, қойын үйіне айдап келе жататын ауылдағы жалғыз баланы көрсеңіз,
ол – мен едім.
Атам немересімен мені қораның сыртында күтіп отыратын.
Қойды қораға кіргізіп, жуынып-шайынып алғасын, шәйға да қарамай көшеге шығып,
қалаға кетпеген немесе қыдырып, қаладан оралған достарымды іздеуші едім. Осылай жүріп,
жазды да өткізетінбіз.
А. Елгезек. «Болмаған балалық шақ»
58
Достарыңызбен бөлісу: