Акберен Елгезек
Болмаған балалық шақ
«ЛитРес: Самиздат»
2020
Елгезек А.
Болмаған балалық шақ / А. Елгезек — «ЛитРес: Самиздат», 2020
«Болмаған балалық шақ» - қазақ интернет кеңістігінде бестселлерге айналған
бірегей шығарма. Кітап балалар мен қалыптасқан оқырман қауымға арналған.
© Елгезек А., 2020
© ЛитРес: Самиздат, 2020
А. Елгезек. «Болмаған балалық шақ»
4
Содержание
КІРІСПЕ ОРНЫНА
5
Бірінші бөлім
6
ЕЛЕС
11
Құдайдың баласы
12
Олешка
17
Қалаң
19
Конец ознакомительного фрагмента.
20
А. Елгезек. «Болмаған балалық шақ»
5
Акберен Елгезек
Болмаған балалық шақ
КІРІСПЕ ОРНЫНА
Бұл шығармамды бала кезімнен сүйіп оқыған
қазақтың қайталанбас хас жазушысы
Бердібек Соқпақбаевтың рухына бағыштаймын
Қадірлі оқырман!
Сіз оқығалы отырған хиқаят – менің балалық шағым туралы баян.
Бұндағы оқиғалар қиялымнан туған қанатқақты дүниелер емес, осы жердің бетінде, осы
елде менің шақшадай ғана басымнан өткен шырылдақ тағдыр.
Бұл шығарманы жазудағы мақсатым – екеу.
Біріншісі – мына ұланғайыр Отанымыздың бір түкпірінде менімен тағдырлас бала болса,
осы хиқаятты оқысын. Балалық шағының әр күні ауыр өтіп жатса, бұл күйзеліске толы күн-
дердің өтетінін білсін. Алда оны тек сәулелі, шуақты күндер күтетінін ұғынсын. Ол болашақта
жеңімпаз болатынына, өз тағдырының қожасы болатынына шүбәсі болмасын деп жаздым.
Екіншіден, бұл хиқаятты жетім баланы бауырына басып, тәрбиелеп отырған үлкендерге
арнадым: балаға мейірімді болыңыздар, ағайын! Жылы сөздеріңізді аямай, жылы қабақ таны-
тыңыздар жаутаңкөз тағдырларға!
Әлқисса, бұл туындыда аты аталған кейіпкерлер – өмірде болған және дәл қазір сау-
саламат ғұмыр кешіп жатқан жақсы адамдар. Мен осы шығарманы жазу барысында бір кейіп-
керімді жақсы жағынан көрсетіп, екіншісін әжуалап жамандауды мақсат еткем жоқ. Керісінше,
басымнан кешкен оқиғаларды, бүлдіршін кезімнен жадымда сақталған үзік-үзік естеліктерді
өмірсүйер һәм әдебиетсүйер қауымға жеткізгім келді.
Әгәрәки, осы хиқаятта аты аталған кейіпкерлердің туған-туыстарының, құда-жекжатта-
рының, жора-жолдастарының, бала-шағаларының намысына тиіп кетсем, ол оқырмандарымнан
алдын-ала кешірім сұраймын.
Сонымен, бақидағы кейіпкерлеріме дұға бағыштап, тірілеріне ұзақ ғұмыр тілей отырып,
сізді, құрметті оқырман, менің балалық шағыма сапар
А. Елгезек. «Болмаған балалық шақ»
6
Достарыңызбен бөлісу: |