Болмаған балалық шақ



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата31.01.2023
өлшемі2 Mb.
#64076
1   2   3   4   5   6
 
Қалаң
 
Бір күні кезекті бұзақылығымның арқасында жеңгемнен күштілеп тұрып шапалақ
жедім. Содан ойбайға басып, нағашы апамның қойнына тығылдым. Ешқашан дауыс көтермей-
тін апамның айқайға басқанын көрсеңіз сол күні! Маған емес, әрине.
Мен шапалақ жеген күні үйдің іші салқын тартты. Ертесінде шешем келді. Апам шақыр-
тқан екен.
– Әй, Тұрлығайша, балаңды қолыңа алып, өзің тәрбиеле, менің енді оған шамам жоқ.
Оның үстіне мына жақта жүріп, жеңгелеріне жексұрын болғанша, жейтін таяқты өзіңнен
жесін.
Шешем үнсіз мені қолымнан жетектеп, көлікке отырғызды.
Біз силикат кірпіштен қаланған, ақ қаңылтырмен төбесі қапталған, ауласы ат шаптырым-
дай үйдің алдына кеп тоқтадық. Анамның осы үйде тұратынын айтпай-ақ түсіндім. Әлгінің
үйі шынымен үлкен екен, өзі бақуатты тұратын кісі екені анадайдан көрініп тұр.
Аулаға имене кірген мен, ең алдымен, сиыр сауып келе жатқан бір апаны көрдім. Апа
жүрген жердің бәрі мейірімге толы болады деп ойлайтынмын. Оным бекер болып шықты. Қора
жақтан шапшаң жүріп жеткен кейуана сүйкімсіз қап-қара кемпір екен. Мені көре сала кемпір-
дің көзі бағжаң ете қалды. Мойнын сол иығына әнтек бұрып, шырт түкірген ол жарты шелек
сүтін қоюға кілет үйге кіріп кетті. Мен бүрісе түсіп, шешемнің бауырына тығылдым. Біздің
жарылқаушы әкеміз малда жүрген болып шықты. Онымен таныстығым жоқ әзірге. Сыртынан
бір көргенім болмаса.
…Кешке жақын машинасын гүрілдетіп «әкеміз» де үйге жетті. Бойы биік, мойыны жуан.
Білектерінде бұлшық еттері ойнақшып, тамырлары білеуленіп тұр. Құстұмсық. Өне-бойынан
қара күштің қорқынышты ызғары еседі. Қабағы үнемі түксиіңкі жүреді екен. Екі сөзінің бірі
«әкеңнің ауызын бәлен қылайын…». Шашы бурыл тартқан. Атжақты, дөңқабақ. Көзі үлкен,
көкшіл. Бірдеңе ұнамай қалса, тісін шықырлатып қояды. Қысқасы, мендей нәзік балаға мұндай
қуатты, қарадойыр адам ұнаған жоқ. Қатігез екенін байғұс жүрегім бірден сезді. Барар жер,
басатын тау жоқ, осы ызбарлы кісімен бірге өмір сүретін болдық.
Мені шешем оған таныстырып, сөзі үйлеспей кібіртіктеп бірдеңе айтып жатыр: «Нағашы
апасы осында жіберіп еді… Осында тұрса деп едім… Қасымда болсыншы… Апаратын жерім
жоқ… Туыстарым тәмам бала-шағасымен қуықтай ғана үйде тұрады… Бұл өзі көп тамақ та
жемейді…Киім-кешегін үкімет төлейтін зейнетақыдан алып берем ғой… Бұзық емес… Тілді
алады… Бір жағынан қолқанат бала да керек дегендей…»
Анау маған ызбарлана бір қарады да: «ой, әкеңнің ауызын…» – деп бір сыбап өтті. Көше-
дегі балалар осы бір сұмпайы боқтық сөзді маған қарата айта қалса, жағаласа кетуші едім.
Қазір оның іске асуы өте қиын екенін түсініп тұрмын. Әзірге әліптің артын бағайын деп өзімді
өзім сабырға шақырдым. Кейін оның боқтығына етім үйреніп кетті. Әуелі ішімнен «сенің де
әкеңнің ауызын ұрайын», – деп күлімсіреп тұратынды шығардым.


А. Елгезек. «Болмаған балалық шақ»
20


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет