Болмыс философиясы



Дата18.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#124430

БОЛМЫС ФИЛОСОФИЯСЫ

Болмыс– бүкіл әлемнің тұтастығын, дүние мен адамның бірлігін, тіршіліктің мәнін білдіретін философиялық категория. Қарапайым санада болмыстың баламалары ретінде әлемғарышдүниетабиғатөмір тәрізді жалпы ұғымдар қолданылады. Болмыс философияның ерекше саласы.

Онтологияның орталық ұғымы болмыс болып табылады. Болмыс дүниедегі барлық өмір сүретін құбылыстарды белгілейтін философиялық категория.Бұл ұғымды философияға алғашқы болып Парменид(б.з.д.V-IVғ.) енгізді.

Болмыс – тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет.

Болмыстың негізгі түрлері: Заттар (денелер), процестер болмысы Адам болмысы Рухани болмыс Әлеуметтік болмыс

Заттар (денелер), процестер болмысы

Бірінші табиғат ол адамзатқа дейін пайда болған, адамдардың санасынан тысқары және тәуелсіз өмір сүреді. Ол теңіздер, мұхит, ормандар, ауа, жер, т.б.

«Екіншілік табиғат» - адам тіршілігінің уақытымен, кеңістігімен тығыз байланысқан болмыс .

Адам болмысы

Адам болмысы екіге бөлінеді: - Адам тікелей жанды, нақты кісі ретінде өмір сүреді. Оның үстіне адамның өмір сүруінің табиғи алғышарты - оның денесінің өмір сүруі. Яғни адам, ең алдымен, «сүйек пен еттен жаралған пенде». Сонда адам денесі – табиғат бөлшегі. Денесінің болуы адамды шектеулі, өткінші жан иесі етеді.

Рухани болмыс

Рухани болмыс сана мен санасыздық процестерін қамтиды. Рухани болмысты шартты түрде екі үлкен топқа: жеке кісілердің өмірлік қызмет – тіршілігінен бөліп алуға келмейтін (дербестенген руханилық) және кісіден тысқары өмір сүретін, басқаша айтқанда, объективтендірілген (дербестенген емес) руханилыққа бөлуге болады.

Бірінші жағдайда адам сананың көмегімен сыртқы дүние туралы ойлайды, оның бейнесін туғызады (санасыздық процестер, тіл мен сана, тіл мен ойдың байланысы). Екінші жағдайға жататындар – кітаптар, сызбалар, жобалар, ескерткіштер, идеялар, ойлар, музыка, т.б.

Бірінші жағдайда адам сананың көмегімен сыртқы дүние туралы ойлайды, оның бейнесін туғызады (санасыздық процестер, тіл мен сана, тіл мен ойдың байланысы). Екінші жағдайға жататындар – кітаптар, сызбалар, жобалар, ескерткіштер, идеялар, ойлар, музыка, т.б.

Әлеуметтік болмыс

Әлеуметтік болмыс та екіге бөлінеді: тарих процесінде жекеленген адам болмысына және қоғам болмысына. Жеке адам тек қана қоғамда өмір сүре алады. Ол бір ұлтқа, тапқа кіреді, бір мемлекетте тұрады, тарихи процестерге қатысады. Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүдделері арасындағы қайшылықтар туады.

Қоғам неғұрлым жоғары дамыған сайын ондағы алуан саладағы прогресті жоғарылату қарқыны бұқараның, таптардың, жеке адамдардың жоғары саналылығына, әлеуметтік белсенділігіне, яғни субъективтік факторларға тікелей байланыстығын байқаймыз.

Қоғам неғұрлым жоғары дамыған сайын ондағы алуан саладағы прогресті жоғарылату қарқыны бұқараның, таптардың, жеке адамдардың жоғары саналылығына, әлеуметтік белсенділігіне, яғни субъективтік факторларға тікелей байланыстығын байқаймыз.

Тестер: 1. Онтология – бұл: болмыс туралы ілім 2. Болмыстың негізгі формалары: заттар болмысы; адам болмысы; рухани болмыс; өлеуметтік болмыс 3. «Болмыс бар, болмыс емес жоқ», - деген афоризмнің авторы: Парменид 4.Парменид қай ғасырлар аралығында өмір сүрді ? Парменид(б.з.д.V-IVғ.)



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет