Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі 1
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті 1
Филология факультеті 1
І. Сөздің морфологиялық құрылымы. 5
1.1. Түбір морфема және сөздің негізі. 5
Негізгі бөлім 11
II.Сөзжасам қосымшалары 11
2.1 Сөзжасам қосымшаларының құрылымы мен мағынасы 11
2.2. Сөз түбіріне кіріккен қосымшалардың қызметі 15
Қорытынды 23
Пайдаланылған әдебиеттер 25
Кіріспе Зерттеудің өзектілігі. Тілдің байлығы мен даму дәрежесі сөздік құрамдағы сөздердің саны көп болуымен ғана өлшеніп, мөлшерленіп қоймайды, сонымен бірге ондағы сөздердің семантикалық байлығымен де белгіленіп отырады. Дәлірек айтқаңда, тілдің дамуы сөздік құрамдағы сөздердің санымен де, сапасымен де өлшенеді. Сөздің сапа жағынан дамығандығын көрсететін бірден-бір белгі — сөздң көп мағыналығы. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналығы (полисемия) дейміз. Сөздің-көп мағыналығы — негізінде сөздік қордағы сөздерге тән касиет. Heгe десеңіз, бұлар — ұзақ жылдар бойы өмір сүріп, тілде жаңа сөз, тың мағыналар жасауға ұйтқы болып келе жатқан байырғы тума сөздер. Соның нәтижесінде сөздік қордағы сөздер сан жағынан да, сапа жағынан да қарыштап дамып тұрақтанып әбден қалыптасқан. Сондықтан да бұлар көп мағыналы болып кездеседі: Сөздік қордағы сөздер ең алғашқы пайда болған кезінде аз мағыналы болғандығы байқалады.
Оқушылардың сөйлеу мәдениетін арттыру – заманауи мектептің алдында тұрған өзекті міндеттердің бірі. Адамның мәдениетінің, ойлауының, зияткерлігінің деңгейі тілдік нормаларға сәйкес келуі оның сөйлеу мәдениеті болып табылатындығы белгілі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Егер орта мерзімді кезеңге арналған міндеттер жөнінде айтатын болсақ, ол бірінші кезекте қазақстандықтардың білім беру және кәсіптік деңгейін сапалық тұрғыдан көтеруді қамтамасыз етуде жатыр» - деп, білім сапасын арттырудың маңызын көрсетеді.
Қазіргі кезде қазақ тілінде өз ойын жүйелі, нақты, анық, дәл әрі әсерлі етіп жеткізе алмайтын жастар кездеседі, оның негізгі себептері:
жалпы білім беретін мектептерде сөйлеуге жаттықтыру, тіл дамыту жұмыстарының жүйесі толық жасалынбауы;
мектептердегі бағдарлама, оқулық, оқу құралдарындағы тіл дамытуға байланысты материал көлемінің теориялық жағынан да, тәжірибелік жағынан да жеткілікті деңгейде анықталмауы;
жаратылыстану бағытын таңдаған оқушылардың таңдау пәндеріне көбірек мән беріп, гуманитарлық сабақтарға қызықпауы;
тіл дамытуда басшылыққа алатын оқушылардың сөйлеу икемділіктерін дамыта оқыту үшін жүргізілетін зерттеулердің қазіргі талаптар деңгейінде болмауы.
Жинақтап айтқанда, қазақ тілі сабақтарында сөйлеу икемділіктерін арттырып, сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың ғылыми негізде жасалған педагогикалық жүйелі әдістемесінің шешілмеген мәселелері көп. Мұның өзі біздің зерттеп отырған мәселеміздің арнайы зерттелуі ғылым үшін де, тәжірибе үшін де өз қажеттілігін дәлелдеп, зерттеу нысанымыздың өзектілігін анықтайды.