Болтаева ә. М



бет24/89
Дата19.06.2023
өлшемі350,96 Kb.
#102180
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   89
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ

таңдау тобы деп аталады11.

Таңдау тобына жүргізілген зерттеулер нәтижесінде алынған мәліметтер бас жиынға ауыстырылады. Сол үшін таңдау тобы репрезентатативті болуы қажет, яғни бас жиынның барлық көрсеткіштері мен зерттеу сипаттарына ие болуы шарт. Таңдамалы жиын 2 көрсеткішпен сипатталады:

    • репрезентативтілік

    • сенімділік

Репрезентативтілік - зерттеу тұрғысынан маңызды болып табылатын бас жиынның параметрлерін көрсететін іріктеу жиынының қасиеттері. Репрезентативтілікті бағалау қателерді есептеу мен талдау негізінде жүзеге асады: а) процедуралық (белгілерді тіркеу кезіндегі жіберілген);
б) кездейсоқ (зерттелетін белгінің өзгеру деңгейіне тәуелді).
Іріктеу бірлігі - таңдамалы жиынды іріктеудің әрбір кезеңінде алынатын бас жиынның элементтері.
Бақылау бірлігі - қалыптасқан таңдамалы жиынның статистикалық бақылауға тікелей қатысатын элементтері.
Дисперсия - бас жиын немесе іріктеу жиынының жекелеген мәндерінің орта көрсеткіштерден ауытқуы. Дисперсия неғұрлым жоғары болса, зерттеуді жалғастыру үшін, іріктеу жиынын соғұрлым көлемді болуы қажет.




11 Ганзен В.А., Балин В.Д. Теория и методология психологического исследования: Практическое руководство. СПб.: СПбГУ, 1991, 76 с.
Психологиялық зерттеу процесі - зерттеу ситуациясының белгілі-бір объекті туралы жаңа білімдерді ашу үшін, нақты құралдарды пайдалануы және тәжірибеде меңгеруі т.б.
Психологиялық зерттеу өнімділігі - зерттеу нәтижесімен мақсатының сай келуімен анықталады.


    1. Психологиялық зерттеу кезеңдері мен жұмыс жоспарын құру.


Кез – келген зерттеу әрбір кезеңінде нақты эмпирикалық міндеттер шешілетін бірқатар қажетті этаптардан тұрады.
Зерттеу мақсат қоюдан басталады. Келесі кезеңде ғалым зерттелетін мәселе бойынша қолында бар ақпараттарды талдайды. Ғылымда бұл мәселе шешілген немесе нақты нәтижеге жетпеген ұқсас зерттеулер болуы мүмкін. Егер зерттеуші өзіне дейін алынған нәтижелерге күмәні болса, ол алдыңғылар ұсынған әдістер бойынша зерттеуді жаңғыртуға ұйғарады.
Келесі кезеңде зерттеуші осы немесе ұқсас міндеттерді шешу үшін бұрын пайдаланылған әдістер мен әдістемелерді талдайды. Зерттеудің неғұрлым творчестволық сәті жаңа әдістемелерді құрастыру. Көп жағдайда әдістемелік жаңалық ғылым аймағын қайта құрып, жаңа бағыттың пайда болуына әкеледі. Мәселен, жануарларды оперантты үйрету зерттеулері Г.Эббингауздың
«мағынасыз тіркестер» әдісі ұзақ мерзімді, есте сақтау заңдылықтарына; Ф.Гальтонның егіздердің психикалық ерекшеліктерін салыстыру әдісі қазіргі психологиялық генетикалық зерттеулерге бастау болды.12
Келесі маңызды кезең болжам қалыптастыру. Болжамдарды тексеру үшін ғылыми зерттеу жоспары құрылады. Зерттеудің объектісі, пәні, зерттеу уақыты мен орны және эксперименттік байқау реті айқындалады.
Келесі кезең осы ғылыми жоспар бойынша зерттеу жүргізуден тұрады. Нәтижелерді тіркегеннен кейін мәліметтердің алғашқы талдауы олардың математикалық өңдеуі, нәтижелерді интерпретациялау мен жалпылауы жүзеге асады. Бастапқы болжамдардың сенімділігі тексеріледі, жаңа дәйектер мен заңдылықтар қалыптастырылады. Теориялар нақтыланылады немесе жарамсыз ретінде шеттетілді. Нақтыланған теориялар негізінде жаңа тұжырымдар мен жорамалдар жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет