Іргелі зерттеу (фундаменталды) - табиғат, қоғам, адам дамуының негізгі заңдылықтары мен олардың өзара байланысы туралы жаңа ғылыми білім алуға бағытталған теориялық немесе эксперименттік зерттеу. Оның ерекшелігі ретінде белгісіздік дәрежесі жоғары болуы, нәтижелері болып жаңа құбылыстар мен табиғат заңдарының ашылуы, сонымен қатар қоғамның ғылыми біліктілігін арттыру мен тәжірибеде қолдану саналады.
Қолданбалы зерттеу- жаңа немесе қазірдің өзінде белгілі құбылыстар мен табиғат заңдарын ары қарай жетілдіру мақсатында шыққан нәтижелерін адам мен қоғамның практикалық қызметінде пайдалану. Ол нақты тәжірибелік міндетті шешу үшін пайдалануы тиіс білімдерді алу мақсатында жүргізіледі.
Бірпәндікзерттеулержекелеген ғылым шеңберінде жүргізіледі.
Пәнаралық зерттеу - бірнеше ғылыми пәндер қиылысында жүргізілетін және әр ғылым саласының мамандарын қажет етеді.
Кешендікзерттеу- ғалымдардың ақиқатқа маңызды параметрлерінің ең көлемді шегін қамтуға ұмтылатын әдістер мен әдістемелер жүйесінің көмегімен жүргізіледі.
Аналитикалық зерттеу- зерттейтін ақиқаттың неғұрлым маңызды қырын айқындауға бағытталған.
Зерттеу типтері. Психологиялық зерттеуді жүргізу мақсатына орай бірнеше типке бөлуге болады.
Ізденіс.Бұл зерттеулер ғылыми жұмыстар аз зерттелген аймақтарда жаңа нәтижелерді алуға бағытталады.
9Куликов Л.В. Введение в психологическое исследование.- СПб., 1994.
Шеткі.Бұл зерттеулер ғылымда бар теориялар, үлгілер, болжамдар, заңдылықтар т.б жоққа шығару немесе альтернативті болжамдардың бірін нақыталуға бағытталады.
Нақтылау.Теориялық дәйектер мен эмпирикалық заңдылықтарды жорамалдаудың шектерін анықтау.
Қайтажаңғыртушы.Зерттеулерді жүргізудің мақсаты – алдыңғы эксперименттерді олардың нәтижелерінің сенімділігі, объективтілігі, ақиқаттылығын анықтау үшін дәлме –дәл қайталау. Сондықтан кез–келген зерттеу нәтижелері басқа зертеуші қайта жаңғырта алатындай болу керек.