Бақылауәдістігініңбастыжетістігі– зерттелетін объектідегі түрлі өзгерістердің пайда болған «сәтін» тіркеу, бақылаудың тікелей процесте жүруі болып табылады. Бұл көбіне топтарды, олардың қарым –қатынасын, шиеленістерді т.б. зерттеулерде маңызды болып табылады.
Кемшіліктері:
а) зерттеушінің қабылдау мүмкіндігінің шектеулілігі, яғни, ол маңызды сәттерді жіберіп алуы мүмкін;
б) зерттеушіні қызықтыратын сұрақтар бойынша бақылаушылар пікірі мен тұжырымдарын бақылау арқылы білу мүмкін емес;
в) бақыланатын жайттарды тіркеу қиынға соғатын жүріс-тұрыс формалары, эмоционалдық көрінулердің болуы;
г) Бақылаудың адами және финанстық ресурстарды, уақыт жағынан ұзақтылықты талап ететін қиын процесс екендігімен сипатталады.
д) субъективтілік және ретроспективтілік (өткен уақыттың қайтіп келмеуі).
Бақылау әдісінің негізгі ерекшеліктері.
Бақылаушыменбақыланатын объектіарасындағыбайланыс.Зерттеуші құбылыстар мен процестерді бақылаушы болумен қатар, өзі сол қоғамның бөлшегі болып табылады. Осы өзара тығыз байланыс зерттеушінің объектіні қабылдау, түсіну, талдау кезінде ықпал етеді.
Зерттеушінің объектілерді қабылдаудағы эмоционалдығы. Бұл бақылаудың субъективтілігі мен бақылау нәтижелерінің бұрмалануына себеп болуы мүмкін.
Қайталапбақылаудыңкүрделілігі.Бұл кез-келген бақылау түрлі факторлардың әсеріне ұшырайтынынан туады. Сондықтан да, бақылауға алдын-ала жоғары дайындық әрі бір құбылыс туралы бірнеше бақылаудан кейін ғана тұжырым жасау қажеттігі.
Бақылауәдісінжүргізудегіобъективтіқиындықтар, біріншіден, барлық әлеуметтік фактілердің ғылыми бақылауға келмейтіні, екіншіден, барлық бақыланатын фактілердің уақыты жағынан шектеулігі.