Болтаева ә. М


Бақылаудың бағдарламасы төмендегі құрылыммен анықталады



бет31/89
Дата19.06.2023
өлшемі350,96 Kb.
#102180
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   89
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ

Бақылаудың бағдарламасы төмендегі құрылыммен анықталады.


Бақылаудың мақсаты мен міндетін анықтау. Бақылаудың мақсаты – оның бағыттылығын анықтайды. Бақылау міндеті - объектіні алдын-ала бағдарлау, болжамды ұсыну мен қалыптастыру, тексеру, басқа әдістер нәтижелерін нақтылау, әрі тексеру.
Бақылау әдіс тәсілдерін таңдау. Бұл жерде қажетті ақпаратты неғұрлым толық беретін әдістер пайдаланылады.
Бақыланатын объектіні тіркеу тәсілдері. Бұл 4 түрлі жағдаймен, зертеу мақсаттары мен міндеті, объект, пәні, бақылау түрімен байланысты бөледі. Ол


М.: МГУ. 1988, 232 с.


арнайы бланктерде, протоколда, карточкаларда, күнделіктерде және техникалық ақпарат құралдары арқылы тіркелуі мүмкін.
Нәтижелерді тіркеудің басты шарты - тіркеу бақылау кезінде үздіксіз әрі бақыланатын құбылыс аяқталғанға дейін жүргізілуі қажет. Тіркеу тәсілін зерттеуші өз мүмкіндігіне орай таңдап алады. Түрлі техникалық құралдарды пайдалануға болады.
Алынған мәліметтерді өңдеу және интерпретациялық нәтижесінде отчет жазу.
Бақылау әдісінің жүргізілу барысы бірнеше маңызды кезеңді қамтиды. Дайындық кезеңі – бақыланатын объект туралы бастапқы мәліметтерді алу. Бақылау схемасын қалыптастыру кезеңі - бақылау мақсатын, болжамын,
бақылау мәліметтерін тіркеу құралдарын анықтау.
Бақылау жүргізу кезеңі – эмпирикалық мәліметтерді жинақтау процесі. Бұл кезеңнің нәтижесі ретінде бақылау протоколы алынылуы керек.
Нәтижелерді өңдеу және интерпретациялау - алынған мәліметтерді жүйелеп, жинақтап, қорытынды шығарылады.
Бақылау арқылы алынатын мәліметтердің объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында бақылаудың бірліктері мен категориялары бөлініп шығарылды.
Мәселен, психолог Бейлз бойынша топтағы дискуссия барысын бақылауда мынандай категориялар бөлініп шығарылған:
А - категориялар жүйесі – позитивті эмоциялар аймағы: Адамдардың немесе дискуссияға қатысты субъектілердің басқа адамдарға көрсететін ортақтық сезімі, басқалар мен келісу, шешімді мойындау жәе топтық шиеленісті төмендетуге ұмтылу.
Б - категориялар жүйесі – шешім қабылдау аймағы: ситуацияларға баға береді, информация береді, өзіндік пікірін ұсынады. Қандай да бір қорытындылар, шешімдер жасайды.
В - категориялар жүйесі – мәселені бағалау аймағы: басқалардың пікірін сұрайды, мер шешім жолдарын ұсынады т.б.
Г - категориялар жүйесі – негативті эмоциялар: онтогонизм, формальдылық, қарсылық, басқа адамдар статусына нұқсан келтіру т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет