Болтаева ә. М



бет53/89
Дата19.06.2023
өлшемі350,96 Kb.
#102180
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   89
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ

Айнымалылар. Зерттеуге алынған кез-келген құбылысты айнымалы ретінде қарастыруға болады. Ең бастысы- ол зерттеу барысындағы өзгерістер жағдайында әр түрлі сандық мәндерді қабылдайтын шама болуы шарт. Айнымалылардың екі түрін ажыратуға болады: үзіліссіз және дискретті.
Үзіліссіз айнымалы зерттеу аймағындағы кез-келген шаманы беруі мүмкін. Ол зерттеу міндеті мен тапсырмасына байланысты анық көрінеді. Атауынан белгілі болғандай, мұнда нақты көрсеткіш өзгермелі, яғни үзіліссіз жалғасады. Мысалы, жас мөлшері, тапсырма уақыты, салмақ дәрежесі т.с.с
Дискретті айнымалыда өлшеу керісінше нақты, жеке мәндерге ғана ие болады.
Мысалы, зерттеуге қатысушылардың саны т.б.
Алғашқы мәліметтерді топтау. Мәліметтердің сипаты мен айнымалылар бойынша іріктелген көрсеткіштерді өңдеуде алғашқы мәліметтерді алдымен жеке, кейіннен жиынтық кестелерге орналастырылады. Кестелер сипаты эмпирикалық зерттеудің мақсаты мен болжамының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Кестелерге олардың мазмұны мен құрылымын толық ашатын тақырып беру қажет. Себебі, кесте көп болғанда оларды тақырыпсыз түсіну қиынға соғады.
Кестеге орналастырылған мәліметтерді талдай отырып, шеткі мәндерді анықтай аламыз. Бұл үшін Хmin –минималды, яғни ең төменгі шаманы және Хmax- максималды, ең жоғарғы шаманы анықтаймыз. Көрсеткіштер бойынша алынған максималды шамадан минималды шаманы алып, шыққан айырма шаманы Lim (лимит) ретінде белгілеп, құлаш деп атайды. Lim= Хmax- Хmin
Мәліметтерді топтаудағы келесі қадам –рангілеу, яғни көрсеткіштерді өсу не кему реті бойынша ретпен орналастыру немесе дәрежелер беру. Рангілеудің басты ережелері; а) бірдей жиілікте кездескен тең шамалардың бәріне ортақ рангі берілуі тиіс; б) соңғы ранг көрсеткіші зерттеушілер қатарына не қасиеттер санына тең болуы шарт.
Мәліметтерді алғашқы өңдеу нәтижесінде қол жеткізген мәліметтердің көрнекілігін қамтамасыз ету мақсатында қорытындыларды графикалық бейнелеу тәсілі қолданылады. Графикалық бейнелеу тәсілдері арасынан: гистограмма, үлестірім полигоны және үлестірім қисығы, диаграммалар зерттеу мәліметтерінің көрнекілігін қамтамасыз етуде кеңінен қолданылады.
Кесте –сандық және сапалық берілулердің көлденең және тігінен ретке келтірілген жиыны.
График жазықтықтағы екі өзгеру арасындағы байланысты суреттейтін сызықтар.
Гистограмма – бұл жиіліктің (абсолютті немесе шартты) интервал бойынша бөліну диаграммасы. Мұнда ордината осі бойынша жиілік мәні, ал абсцисса осі бойынша параметр көрсеткіші. Гистограмма бұл бағаналы диаграммалар, тігінен орналасқан, тік бұрыштардан тұрады. Олардың биіктігі зерттелушіде қандай да бір қасиеттің даму дәрежесін немесе деңгейін бейнелейді. Гистограммадан үлестірім полигонына өту үшін, әр бағанадағы интервал ортасындағы нүкте белгіленіп, түзу кесінділер арқылы бейнеленеді.
Зерттелетін қасиеттің жиі кездесуін көрсеткен мәндер гистограммалар бағанасының ішінде, астында немесе тік сызықтың бойында беріледі. Гистограммада ең көрнектісі – мода көрсеткіші. Себебі, біз мода арқылы зерттеу көрсеткіштеріндегі ең көп мәліметтің деңгейін анықтаймыз. Ал гистограммада ол ең жоғарғы шың болып табылады. Гистограмманың унимодалды және полимодалды түрлерін ажыратуға болады. Унимодалды ол гистограмманың жалғыз шыңға ие болуы, ал полимодалды – бірнеше шыңдардың айқындалуы.
Сондай-ақ, гистограмма зерттеу мәліметтерінің көрнекілігін ғана қамтамасыз етпейді, сонымен қатар ол зерттеу нәтижесі туралы алғашқы сапалы қорытынды жасауға да мүмкіндік береді.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет