А) Философиялық әдіснамалық зерттеулерге тән 3 қағида бар:
Әлемнің материалдық бірлігі қағидасы
Дамудың әмбебаптылығы қағидасы
Себептілік қағидасы
Ә) Жалпы ғылыми қағидалар - таным объектісін субъектіден тәуелсіз тану. а) Сәйкестілік қағидасы – бұл жаңа және ескі теориялардың сабақтастығы.
ә) Толықтыру қағидасы-ғылымда бір-біріне қарама-қарсы категорияларды қолдану қажеттілігі. Бұл идеялардың бір-бірін толықтыруына негіз болады.
б) Бақылау қағидасы- теория бақыланатын құбылыстар негізінде қалыптасады.
Б) Жалпы психологиялық қағидалар:
а) детерминизм қағидасы - психологиялық құбылыстар табиғатының себебін түсіндіру
ә) даму қағидасы - психика дамушы категорияларға ретінде қарастырды. б) іс-әрекет пен сананың бірлігі қағидасы.
в) жүйелік – құрылымдық қағидасы психологиялық құбылыс біртұтас жүйе және құрылым ретінде өз элементіне ие болады.
г) иерархиялық қағидасы - барлық психологиялық құбылыстар иерархиялық жүйе деңгейлері ретінде қарастырылады.
д) тұлғалық бағыт қағидасы - тұлға арқылы оның элементтері мен байланысын тану мүмкіндігі.
В) Нақты эксперименттік-психологиялық қағидалаp:
а)адекваттылық қағидасы-бұл зерттелетін құбылыспен пайдаланылған әдістеме арасындағы сәйкестілік.
ә)параллельдік қағидасы-психологиялық құбылысты бейнелейтін көрсеткіштер туралы ақпараттарды жоғарылату үшін пайдаланылады.
б) экстремалдық қағидасы- зерттелетін құбылыстардың неғұрлым типтік параметрлерін алу мақсатында экстремалдық ситуациялар жасау.
в) референттілік қағидасы- құбылыстың маңызды сезімтал белгілерін іздеу. г) бірізділік қағидасы- зерттелетін құбылыстардың табиғаты мен фактілерді
түсіндірудегі жалпылаулардың бірізділік деңгейлерін ескеру.
Сондай-ақ психологиялық қызметтің кез-келген түрі (психодиагностика, психокоррекция) әдіснамалық-әдістемелік негіздермен қатар кәсіби қызметке сай қағидаларға негізделеді. Мәселен, психологтың қызметіне қойылатын халықаралық кәсіби этикалық стандарттарының негізгі қағидалары қатарына;
Жауапкершілік
Кәсіби біліктілік
Этикалық және заңдық құқықтылық
Психологияны насихаттаудағы біліктілік
Құпиялылық
Клиенттің психикалық саулығы
Кәсіби бірлестік
Клиентті зерттеу мақсатынан хабардар ету
Зерттеудің моральдық жағымды әсері
Азаматтық пен патротизм т.с.с жатқызуға болады.
Әдіс-біріншіденоқыту, зерттеу, үйрету жолы, тәсілі; екіншідентабиғат заңдылықтары мен құбылыстарын, қоғамды, жалпы танымды зерттеудегі ережелер жүйесі; үшіншіден,танымда және практикада белгілі нәтижелерге жетудің тәсілі. Яғни, әдіс - деректерді жинау, өңдеу және талдау тәсілі. Осыған орай психологияда нақты мәліметтерді жинау әдістерінің түрлері ажыратылады.