Болтаева ә. М



бет32/89
Дата19.06.2023
өлшемі350,96 Kb.
#102180
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   89
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ

Бақылау түрлері


Бақыланатын объектілердің орналастыруына байланысты: сыртқы (объективті дүниені бақылау) және интроспекция (ішкі субъективті дүниені бақылау).
Бақылау мақсатына байланысты: мақсатқа бағытталған бақылау және еркін бақылау.
Бақылауды сипаттау бірлігіне байланысты: жүйеленген және жүйеленбеген бақылау.
Бақылауды ұйымдастырудың ерекшеліктеріне байланысты: табиғи және лабораториялық бақылау.
Бақылаудың хронологиялық ұйымдастырылуына байланысты: лонгютидті (ұзақ мерізімді) бақылау, кезеңдік бақылау, бір реттік бақылау.
Бақылау процедураларының ресмилік деңгейіне байланысты:
а) бақыланатын - бақылау құрылымданған немесе алдын-ала белгіленген жоспар бойынша жүреді. Мұнда зерттеуші қай кезде не бақылау керектігін алдын-ала біледі;
б) бақыланбайтын - бақылау объект таныс болған кезде пайдаланылады;
Бақылаушының жағдайына байланысты:
а) қатыстырылатын - зерттеуші объект тығыз байланыста бақыланатын іс- әрекетте бірге жүреді;
б) қатыстырылмайтын - бақылаушы іс-әрекетке қатыспай сырттан бақылайды.
Бақылау жүргізуді реттеу бойынша:
а) жүйелі - белгілі-бір кезең ішіндегі барлық іс-әрекеттерді тіркеу. б) кездейсоқ - күтпеген немесе кенеттен болған фактілерді тіркеу. в) таңдамалы бақылау - белгілі-бір уақыт ішінде жүргізіледі.
г) жаппай бақылау – үнемі бақылау жүргізіледі.
д) бағалаушы - бақыланатын фактілерге баға береді.
е) стандартталған - құбылыстар белгілі-бір схема тіркеледі. ж) стандартталмаған - құбылыстарды тіркеудің еркіндігі. з) ашық - зерттеуші бақыланатын топқа өз ролін ашады.
и) жасырын - топқа бақылау қатысуы хабарланбайды және т.б.
Бақылау әдісінің табыстылығы - осы әдісті жүргізетін зерттеушінің кәсіби біліктілігіне тікелей тәуелді. Сондықтан әдісті жүргізбес бұрын бақылаушы адамдардың өзін зерттеуге дайындау маңызды мәселенің бірі саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет