Бақылаудың бағдарламасы төмендегі құрылыммен анықталады.
Бақылаудыңмақсаты мен міндетінанықтау. Бақылаудың мақсаты – оның бағыттылығын анықтайды. Бақылау міндеті - объектіні алдын-ала бағдарлау, болжамды ұсыну мен қалыптастыру, тексеру, басқа әдістер нәтижелерін нақтылау, әрі тексеру.
Бақылауәдіс тәсілдерінтаңдау.Бұл жерде қажетті ақпаратты неғұрлым толық беретін әдістер пайдаланылады.
Бақыланатынобъектінітіркеутәсілдері.Бұл 4 түрлі жағдаймен, зертеу мақсаттары мен міндеті, объект, пәні, бақылау түрімен байланысты бөледі. Ол
М.: МГУ. 1988, 232 с.
арнайы бланктерде, протоколда, карточкаларда, күнделіктерде және техникалық ақпарат құралдары арқылы тіркелуі мүмкін.
Нәтижелерді тіркеудіңбастышарты - тіркеу бақылау кезінде үздіксіз әрі бақыланатын құбылыс аяқталғанға дейін жүргізілуі қажет. Тіркеу тәсілін зерттеуші өз мүмкіндігіне орай таңдап алады. Түрлі техникалық құралдарды пайдалануға болады.
Алынғанмәліметтерді өңдеужәне интерпретациялық нәтижесінде отчет жазу.
Бақылау әдісінің жүргізілу барысы бірнеше маңызды кезеңді қамтиды.Дайындықкезеңі – бақыланатын объект туралы бастапқы мәліметтерді алу. Бақылаусхемасынқалыптастырукезеңі- бақылау мақсатын, болжамын,
бақылау мәліметтерін тіркеу құралдарын анықтау.
Бақылау жүргізу кезеңі – эмпирикалық мәліметтерді жинақтау процесі. Бұл кезеңнің нәтижесі ретінде бақылау протоколы алынылуы керек.
Нәтижелерді өңдеу және интерпретациялау - алынған мәліметтерді жүйелеп, жинақтап, қорытынды шығарылады.
Бақылау арқылы алынатын мәліметтердің объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында бақылаудың бірліктері мен категориялары бөлініп шығарылды.
Мәселен, психолог Бейлз бойынша топтағы дискуссия барысын бақылауда мынандай категориялар бөлініп шығарылған:
А - категориялар жүйесі – позитивті эмоциялар аймағы: Адамдардың немесе дискуссияға қатысты субъектілердің басқа адамдарға көрсететін ортақтық сезімі, басқалар мен келісу, шешімді мойындау жәе топтық шиеленісті төмендетуге ұмтылу.
Б - категориялар жүйесі – шешім қабылдау аймағы: ситуацияларға баға береді, информация береді, өзіндік пікірін ұсынады. Қандай да бір қорытындылар, шешімдер жасайды.
В - категориялар жүйесі – мәселені бағалау аймағы: басқалардың пікірін сұрайды, мер шешім жолдарын ұсынады т.б.
Г - категориялар жүйесі – негативті эмоциялар: онтогонизм, формальдылық, қарсылық, басқа адамдар статусына нұқсан келтіру т.б.